"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 745 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) квазимемлекеттік сектор субъектілері – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқару холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар көлемінде энергетикалық ресурстарды тұтынатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері;»;
      мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
      «21) энергия сервистік компания – энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын заңды тұлға.»;
      2) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және жоғары электр қыздыру шамдарын мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері үшін сатып алуды жүзеге асыруға;»;
      3) 19-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз етуді орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері:»;
      4) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес энергия сервистік компаниямен энергия тиімділігін арттыру бойынша шарт жасасуға құқылы.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады