Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 757 қаулысы

      2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін күру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкінің Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Еуразия даму банкінің (бұдан әрі - Банк) кеңесінде мынадай өкілеттіктер берілсін:
      1) талап ету бойынша төленуі тиіс әрқайсысының номиналдық құны 1 000 (бір мың) АҚШ доллары тұратын саны 5 484 300 (бес миллион төрт жүз сексен төрт мың үш жүз) дана Банктің қосымша акцияларын эмиссиялау арқылы 7 000 000 000 (жеті миллиард) АҚШ долларына дейін Банктің шығаруына рұқсат етілген капиталды ұлғайту мәселесі бойынша «ЖАҚТАП» дауыс берсін;
      2) Банктің қосымша акцияларына жазылу шартын бекітуге «ЖАҚТАП» дауыс бере отырып, Банк кеңесі бекіткен шарттарда мемлекетке тиесілі Банктің төленген акцияларының санына барабар санда талап ету бойынша төленуі тиіс Банктің қосымша акцияларына жазылсын;
      3) Банктің Жарғысына тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша «ЖАҚТАП» дауыс берсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады