"Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 791 қаулысына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевтің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 17-26/2997 тапсырмасына сәйкес «Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 791 қаулысы әзірленген.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы қаражатын болжамайды және теріс әлеуметтік - экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
Қаулыны қабылдаудың мақсаты табиғи уранның барлық түрлеріне бірыңғай баға белгілеу болып табылады, себебі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидасының (әдістеме) талаптарына сәйкес (U3O8) табиғи уран концентратын ((U3O8) уран оксиді) сатуды жүзеге асыруда. Алайда, аммоний диуранатына (NH4)2U2O7), уран пероксидіне (UO4xH2O)және басқа да табиғи уран концентраты болып табылатындарға баға белгілеу мәселелесі заңнамамен реттелмеген және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (еншілес және бірлескен кәсіпорындармен) сату кезінде баға белгілеу мәселесінде қиындықтар туындайды. Осыған байланысты осы қаулы қабылданды.
Қаулы табиғи уран концентраттарының барлық түріне дисконтты 8 ден 5%-ға дейінгі бағаға азайту, сондай-ақ ұзақ мерзімді келісімшарт жасасқан кезде меншік құқығының тауарға ауысу күнгі ресми танылған ақпарат көздерінен споттық индикаторларға, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағаларға негізделген меншік құқығының ауысуы күнгі нарықтық құнға байланыстыра отырып баға белгілеу тетігін пайдалану мүмкіндігін азайту көзделуде, бұл өз кезегінде қазақстандық өнімнің нарықтың басқа да қатысушылары алдында баға параметрлері бойынша бәсекеге қабілеттілігін арттыруы мүмкін.