"Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасын Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 875 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 574 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 574 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 847-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 5 тамыздағы  
№ 875 қаулысымен     
бекітілген        

Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды
аккредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) бухгалтерлердiң кәсіптік ұйымдарын (бұдан әрi – кәсіптік ұйымдар) және бухгалтерлердi кәсіптік сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйымдар) аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

2. Аккредиттеу рәсiмiн жүргiзу тәртiбi

      2. Кәсіптік ұйымдар www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы аккредиттеу жүргізу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) кәсіптік ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрату;
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуын растайтын электрондық құжат.
      3. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аккредиттеуді өткiзу үшiн портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) сертификаттау жөніндегі ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрату;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      3) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша электрондық құжат нысынындағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар;
      4) мыналарды:
      тест сұрақтарын және ахуалдық есептерді қамтитын емтихан модульдерінің құрылымын;
      сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығын;
      кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың (бұдан әрі - кандидат) емтихан жұмысын тексеруді жүргізудің емтихан тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімін;
      соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайтын сертификаттарды беру мерзімін;
      «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кандидаттың оң нәтиже алуын, ол нәтиже бекітілген күннен бастап келесі үш жыл ішінде, «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша – нәтиже бекітілген күннен бастап келесі бес жыл ішінде ғана жарамды деп танылады;
      кандидаттардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін көрсете отырып, электрондық құжат нысанында кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже;
      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін және оның құрамын көрсете отырып, көрсетілген комиссия туралы бекітілген ереже;
      6) электрондық құжат нысанында шағымды және комиссияның (кеңестің) шешімін қарау мерзімін, нысанын белгілей отырып, аппеляциялық комиссияның (кеңестің) құрамын, шағымдарды беру мерзімін және емтихандардың нәтижелері бойынша шағымдар сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, аппеляциялық комиссия (кеңес) туралы бекітілген ереже.
      4. Уәкілетті орган аккредиттеуге құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде емтихан модульдерін және емтихан нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары жөніндегі материалдарды өзара іс-қимыл жасау туралы келісім жасалған аккредиттелген кәсіптік ұйымдардың қарауына жібереді.
      5. Уәкілетті орган өздерінің атына материалдарды жіберген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде аккредиттелген кәсіптік ұйымдар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген аккредиттеу үшін материалдардың мазмұны бойынша талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау нәтижелерін ұсынады.
      6. Кәсіптік ұйымдар және сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікке үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде уәкілетті органның басшысы немесе уәкілетті орган басшысының міндетін атқарушы лауазымды тұлға қол қояды, тіркейді және уәкілетті органның мөрiмен бекiтiледi.
      7. Кәсіптік ұйымдардың және сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құжаттарын қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру, қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау мерзімі осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап жиырма бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      8. Кәсіптік ұйымдар мынадай:
      1) кәсіптік ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;
      2) халықаралық практикаға сәйкес келетін ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген Кәсіби бухгалтерлердің этика кодексiнiң болуы;
      3) өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы талаптарына жауап береді.
      9. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мынадай:
      1) оқытуға тәуелсіз емтихан жүйесінің болуы;
      2) кәсіптік ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы;
      3) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптардың сақталуы талаптарына жауап береді.
      10. Кәсiптік ұйымды және сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк аккредиттеудi куәландыратын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
      Кәсiптік ұйымды аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге және сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша беріледі.
      Куәлік бланкілерінің есепке алу сериясы, нөмірі болады және қатаң есептiлiк құжаттары болып табылады. Уәкілетті орган кәсіптік ұйымды және сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің бланкілерін дайындауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.
      11. Кәсіптік ұйымдарда мынадай:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
      2) бухгалтерлердің бiлiктiлiгiн арттыру;
      3) этика мәселелері;
      4) дауларды қарау бойынша жұмыс органдары бар болуға тиіс.
      Кәсіптік ұйымдардың қалауы бойынша сол сияқты жарғымен белгіленген басқа да жұмыс органдары болады.
      12. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар, емтихан, апелляциялық комиссиялардың құрамдары өзгерген жағдайда, бұл өзгерiстер туралы уәкiлеттi органды күнтізбелік он бес күн iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге, сондай-ақ өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіптік ұйыммен бірлесіп емтихандар жүргізуге тиіс.
      13. Өз қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында кәсiптік ұйымдар және сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін үш ай бұрын осы Қағидаларда көзделген тәртiппен құжаттарды және аккредиттеу туралы тиісті куәлікті уәкiлеттi органға ұсынады.
      14. Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда кәсіптік ұйым және сертификаттау жөніндегі ұйым аккредиттеу рәсімінен өтеді.
      15. Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіптік ұйымды немесе сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін кәсіптік ұйымның немесе сертификаттау жөнiндегi ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату күнтізбелік он бес күн ішінде порталға ұсынылуы қажет.
      Порталда электрондық сұратуды қабылдау кәсіптік ұйымның немесе сертификаттау жөнiндегi ұйымның «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Құжаттар кәсiптік ұйымның немесе сертификаттау жөнiндегi ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

Кәсіптік ұйымдарды,  
сертификаттау жөнiндегi 
ұйымдарды аккредиттеу  
қағидаларына       
1-қосымша        

Сұрату

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (кәсіптік ұйымының, сертификаттау жөнiндегi ұйымның толық атауы
     (керегінің астын сызу керек) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________ қызметті жүзеге
асыру үшін аккредиттеуді (қайта ресімдеуді) сұраймын.

      Орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Кәсіптік ұйымының,
      сертификаттау жөнiндегi
      ұйымның басшысы
      (керегінің астын сызу керек) _________ ________________________
                                     (қолы)  (тегі, аты және әкесінің
                                               аты(болған жағдайда)

      Мөр орны _________________
                     (күні)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
      20___ж. «___» _____________                       _____________
                                                            (қолы)

Кәсіптік ұйымдарды,   
сертификаттау жөнiндегi  
ұйымдарды аккредиттеу   
қағидаларына        
2-қосымша         

Мәліметтер нысаны Ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген, халықаралық практикаға
сәйкес келетін Кәсіби бухгалтерлердің этика кодексі

Р/с

күні

1

2



Бухгалтерлердің кәсіптік ұйымы құрамының мүшелері ___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (бухгалтерлердің кәсіптік ұйымының атауы, бизнес-сәйкестендiру
                         нөмiрi көрсетіледі)

                                                         № 1 кесте

Р/с

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс орны, лауазымы

Мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы

Кәсіби бухгалтер сертификатының берілген күні мен нөмірі (болған жағдайда)

Жұмыс өтілі (бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кем дегенде екі жыл жұмыс өтілі)

Бухгалтерлердің кәсіптік ұйымына кіру күні

Мүшелік билетінің
немесе бухгалтерлердің кәсіптік ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










                                                         № 2 кесте

Р/с

Бизнес сәйкестендiру нөмiрi

Бухгалтерлік ұйымның атауы

Заңды мекен-жайы

Бухгалтерлердің кәсіптік ұйымына кіру күні

Мүшелік билетінің немесе бухгалтерлердің кәсіптік ұйымдарында мүшелікті дәлелдейтін құжаттың нөмірі

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

1

2

3

4

5

6

7

8









Бухгалтерлердің кәсіптік ұйымдарының жұмыс органдарының болуы
туралы мәліметтер

Бөлімшенің атауы

Бөлімше басқарушысының лауазымы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5






Өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы

Иә

Жоқ

1

2

      Бухгалтерлердің кәсіптік
      ұйымының басшысы ___________ __________________________________
                         (қолы)     (тегі, аты және әкесінің аты
                                          (болған жағдайда)
      Мөр орны _______________
                   (күні)

Кәсіптік ұйымдарды,     
сертификаттау жөнiндегi   
ұйымдарды аккредиттеу    
қағидаларына         
3-қосымша          

Мәліметтер нысаны

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымымен өзара
іс-қимыл туралы келісім*

Р/с

Күні

Бухгалтерлердің кәсіптік ұйымының атауы

Қолданылу мерзімі (кемінде 3 жыл)

1

2

3

4





      Ескертпе:
      * бірнеше келісім жасалған кезде барлық мәліметтер ұсынылады

Тәуелсіз емтихан жүйесінің құрылымы туралы мәліметтер

Бөлiмшенің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

Оқытатын ұйымдарға қатысы бар ма

Лауазымның атауы

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

6







Емтихан комиссиясының құрамы**

Р/с

Емтихан комиссиясындағы ереже

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

Негiзгi жұмыс орны, лауазымы

Мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы

Экономика және қаржы саласында, бухгалтерлік, экономикалық, қаржы, аудиторлық, бақылау-тексеріс салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі

Кәсiби бiлiмдерiн растайтын құжаттар (атауы, кiм берген, берiлген күнi, нөмiрi)

1

2

3

4

5

6

7

8


Төраға








Комиссиямүшелерi








Хатшы







      Ескертпе:
      ** кемінде он мүше, оның ішінде кәсіби бухгалтер сертификаты бар кемінде 5 мүше, заң білімі және заң саласында кемінде соңғы үш жылда жұмыс өтілі бар кемінде 1 мүше.

Кәсіптік ұйымдарды,  
сертификаттау жөнiндегi 
ұйымдарды аккредиттеу  
қағидаларына       
4-қосымша        

Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін
материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар

      1. Осы талаптар сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу үшін уәкілетті орган ұсынатын материалдарға қойылады.
      2. «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдар мыналардан:
      1) емтихандық модульден;
      2) емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібінен тұрады.
      3. «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдардың мазмұны мынадай тізбелерге сәйкес келуі тиіс:
      1) «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәнi бойынша тақырыптар тiзбесi;
      2) «Салық және салық салу» пәні бойынша тақырыптар тiзбесi;
      3) «Азаматтық құқық» пәні бойынша тақырыптар тiзбесi.
      4. Көрсетілген пәндер бойынша аккредиттеу үшін материалдар олар ұсынылған күнгі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша қолданыстағы өзгерістерді және мемлекеттік және орыс тілдеріне ресми аудармаларды ескере отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарға (бұдан әрі – ХҚЕС) да сәйкес келеді.
      5. Жекелеген пәндер бойынша емтихандық модуль мыналарды:
      1) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша – «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәнi бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптары бар кемінде екі жүз тест сұрағының және шешуі бар жүз есепті, әрбір ХҚЕС бойынша кемінде бір есепті;
      2) «Салық және салық салу» пәні бойынша – «Салық және салық салу» пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптар бар кемінде үш жүз тест сұрағының және шешуі бар кемінде жетпіс есепті;
      3) «Азаматтық құқық» пәні бойынша – «Азаматтық құқық» пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптары бар кемінде екі жүз қырық тест сұрағының және жетпіс есепті қамтиды.
      6. Көрсетілген пәндер бойынша тест сұрақтары осы талаптарға сәйкес тізбелердегі барлық тақырыптарды (ХҚЕС (IAS) 26 «Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік», ХҚЕС (IAS) 29 «Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі» қосылмайды) қамтиды. Бұл ретте әрбір тақырып бойынша «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кемінде алты сұрақ және «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша кемінде он төрт сұрақ жасалады.
      Тест жауаптары жалғыз ғана дұрыс жауап болатындай етіп жасалады. Тест сұрақтарында «Неғұрлым дәл анықтаманы көрсетіңіз» деген үлгі бойынша тесттің конструкциясына және тест бойынша жауаптарда «Барлық жауаптар дұрыс» деген үлгі бойынша конструкциясына жол берілмейді.
      Тестілерде дұрыс жауапты көрсету талабымен ахуалдық есептерді жазуға жол беріледі.
      7. Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібі:
      1) емтихан билеттерін қалыптастыру қағидаларын;
      2) емтихан нәтижелерін бағалау қағидаларын;
      3) емтихан жұмыстарын кодтау/кодты алып тастау қағидаларын қамтиды.
      Емтихан билеті:
      1) тест сұрақтарынды (кемінде отыз);
      2) міндетті есепті (кемінде бір);
      3) қосымша есепті (кемінде бір) қамтиды.
      Емтихан нәтижелерін бағалау қағидалары тестілердің дұрыс жауаптары үшін, есептерді шешкені үшін берілетін балдардың мөлшерін, сондай-ақ емтихан тапсыру үшін жалпы қосынды балды («өтпелі» балды) қамтиды, ол жалпы балл санының кемінде елу пайызын құрайды. Бұл ретте, бағалау қағидаларында міндетті есептің шешімі болмаса (бірнеше міндетті есептер болған кезде – қайсысы екені көрсетілсін) басқа тапсырмалар бойынша нәтижелерге қарамастан, емтиханды тапсырудың нәтижесі қанағаттанғысыз болып табылатынын көрсету қажет.
      8. Міндетті есеп есептің мазмұнынан және оларды шешуге арналған тапсырмалардан тұрады.
      Есептердің мазмұнында қандай кезеңге және қандай өлшем бірліктерінде ақпарат көрсетілгені және қандай нақты ахуал бойынша тапсырма қойылғаны көрсетіледі.
      Міндетті есеп кемінде 8-10 тапсырмадан тұрады, бұл ретте олар бір мезгілде мыналарды:
      1) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша – шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімді жасау жөніндегі тапсырма, «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәнi бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес түрлі стандарттар бойынша олардың арифметикалық шешімімен кемінде төрт есепті;
      2) «Салық және салық салу» пәні бойынша – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша тапсырмалар (кемінде екі түрі) немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір түрі бойынша тура тапсырма және «Салық және салық салу» пәні бойынша тақырыптар тiзбесiне сәйкес 1-5 және 20-21-тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырмаларын;
      3) «Азаматтық құқық» пәні бойынша – «Азаматтық құқық» пәні бойынша тақырыптар тiзбесiне сәйкес кемінде он тақырып бойынша тапсырмаларды қамтиды.
      Міндетті тапсырмалардың санын ұлғайтқан жағдайда тапсырмалардың саны мөлшерлес азайтылады.
      9. Аккредиттеу үшін материалдар қатесіз жазылады, мазмұны дәйекті қисынмен беріледі.
      10. Аккредиттеу үшін материалдарды жасау кезіндегі шарттар: көлемі кемінде 200 бет, Times New Roman қарпі, қаріптің көлемі – кемінде 12 бт.
      11. Аккредиттеу материалдары жаңартылады және өзгертілген жағдайда уәкілетті органға:
      1) ХҚЕС өзгерген жағдайда, уәкілетті органның сайтында ресми  орналастырылғаннан кейін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда, қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады.

«Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес
бухгалтерлік есеп» пәнi бойынша тақырыптар тiзбесi

1

1 (IAS) «Қаржылық есептiлiктi ұсыну» ХҚЕС

2

2 (IAS) «Қорлар» ХҚЕС

3

7 (IAS) «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер» ХҚЕС

4

8 (IAS) «Есеп саясаты, бухгалтерлiк бағалардағы өзгерiстер және қателер ХҚЕС

5

10 (IAS) «Есептi күннен кейiнгi оқиғалар» ХҚЕС

6

11 (IAS) «Құрылысқа арналған шарттар» ХҚЕС

7

12 (IAS) «Пайдаға салынатын салықтар» ХҚЕС

8

16 (IAS) «Негiзгi құралдар» ХҚЕС

9

17 (IAS) «Жалдау» ХҚЕС

10

18 (IAS) «Түсiм» ХҚЕС

11

19 (IAS) «Қызметкерлерге берілетін сыйақы» ХҚЕС

12

20 (IAS) «Мемлекеттiк субсидияларды есепке алу және мемлекеттiк
көмек туралы ақпаратты жария ету» ХҚЕС

13

21 (IAS) «Валюталардың айырбастау бағамдарының өзгерістерінің әсерi» ХҚЕС

14

23 (IAS) «Қарыздар бойынша шығындар» ХҚЕС

15

24 (IAS) «Байланысқан тараптар туралы ақпаратты жария ету»
ХҚЕС

16

26 (IAS) «Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп пен есептiлiк»
ХҚЕС

17

27 (IAS) «Шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептiлiк»
ХҚЕС

18

28 (IAS) «Қауымдасқан кәсiпорындарға салынатын инвестициялар»
ХҚЕС

19

29 (IAS) «Гиперинфляциялық экономикадағы қаржылық
есептiлiк» ХҚЕС

20

31 (IAS) «Бiрлескен кәсiпкерлiкте қатысу» ХҚЕС

21

32 (IAS) «Қаржы құралдары: ақпарат ұсыну» ХҚЕС

22

33 (IAS) «Акцияға пайда» ХҚЕС

23

34 (IAS) «Аралық Қаржылық Есептілігі» ХҚЕС

24

36 (IAS) «Активтердiң құнсыздануы» ХҚЕС

25

37 (IAS) «Бағалау резервтерi, шартты мiндеттемелер мен
шартты активтер» ХҚЕС

26

38 (IAS) «Материалдық емес активтер» ХҚЕС

27

39 (IAS) «Қаржы құралдары: тану және өлшеу»
ХҚЕС

28

40 (IAS) «Инвестициялық мүлiк» ХҚЕС

29

41 (IAS) «Ауыл шаруашылығы» ХҚЕС

30

1 (IFRS) «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарының
бiрiншi қолданылуы» ХҚЕС

31

2 (IFRS) «Акцияларға негiзделген төлем» ХҚЕС

32

3 (IFRS) «Бизнес бiрлестiктерi» ХҚЕС

33

4 (IFRS) «Сақтандыру шарттары» ХҚЕС

34

5 (IFRS) «Сатуға арналған ұзақ мерзiмдi активтер
және тоқтатылған қызмет» ХҚЕС

35

6 (IFRS) «Пайдалы қазбалардың қорларын барлау және
бағалау» ХҚЕС

36

7 (IFRS) «Қаржы құралдары: ақпаратты жария ету» ХҚЕС

37

8 (IFRS) «Операциялық сегменттер» ХҚЕС

38

9 (IFRS) «Қаржы құралдары» ХҚЕС

39

10 (IFRS) «Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк» ХҚЕС**

40

11 (IFRS) «Бiрлескен іс-шаралар» ХҚЕС**

41

12 (IFRS) «Басқа кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) мүдделерді жария ету» ХҚЕС**

42

13 (IFRS) «Әділ құнның өлшенуі» ХҚЕС**

      Ескертпе:
      * осы пән бойынша бiлiмді тексеру есеп айырысу және дискуссиялық бөлiктерді қамтитын бес сұрақтан тұратын жазбаша емтихан жолымен жүргiзiледi. Топтың шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті дайындау бойынша мәселесі мiндеттi болып табылады;
      ** қолданысқа енгізілген сәттен бастап.

«Салық және салық салу» пәні бойынша тақырыптар тiзбесi

      1. Салықтың және салық салудың мәні. Қазақстан Республикасындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жүйесі.
      2. Салықтық қатынастарға қатысушылар.
      3. Салықтық міндеттеме.
      4. Салықтық есепке алу.
      5. Салықтық нысандар.
      6. Корпоративтік табыс салығы.
      7. Жеке табыс салығы.
      8. Халықаралық салық салу ерекшеліктері.
      9. Қосылған құн салығы.
      10. Акциздер.
      11. Экспортқа салынатын рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық.
      12. Әлеуметтік салық.
      13. Көлік құралдарына салынатын салық.
      14. Жер салығы.
      15. Мүлік салығы.
      16. Ойын бизнесіне салынатын салық. Тіркелген салық.
      17. Арнайы салық режимдері.
      18. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Алымдар. Мемлекеттік баж.
      19. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Төлемдер.
      20. Салықтық әкімшілендіру.
      21. Салықтық тексерулер. Әкімшілік жауапкершілік. Тексеру нәтижелеріне шағымдану.

«Азаматтық құқық» пәні бойынша тақырыптар тiзбесi

      1. Жалпы ережелер.
      2. Азаматтық қарым-қатынастардың субъектiлерi.
      3. Заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары.
      4. Азаматтық құқықтар объектiлерi.
      5. Мәмiлелер.
      6. Өкiлдiк. Сенiмхат.
      7. Азаматтық құқықтағы мерзiмдер.
      8. Меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар.
      9. Мiндеттемелер.
      10. Шарт.
      11. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу.
      12. Зияткерлiк меншiк.
      13. Банк iсi.
      14. Сақтандыру.

      Бухгалтерлерді кәсіптік
      сертификаттау
      жөнiндегi ұйымның
      басшысы ______________ ________________________________________
                 (қолы)            (тегі, аты және әкесінің аты
                                         (болған жағдайда)

      Мөр орны _________________
                     (күні)

Кәсіптік ұйымдарды,  
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу 
қағидаларына      
5-қосымша       

Кәсіптік ұйымның пәндер бөлінісінде сертификаттау жөніндегі
ұйымды аккредиттеу үшін материалдарды қарауы бойынша
нәтижелерді ұсыну нысаны

      1. Сертификаттау жөніндегі ұйымның атауы.
      2. Уәкілетті органның аккредиттелген кәсіптік ұйымның атына аккредиттеу үшін материалдарды жіберген күні.
      3. Осы тармақта тармақшалар бойынша аккредиттеу үшін ұсынылған материалдар мазмұнының «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бөлінісінде осы Қағидаларға 4-қосымшада айтылған талаптарға сәйкестігін және/немесе сәйкес еместігін мынадай нысан бойынша:

Р/с

Тақырып №

Емтихандық тапсырманың №, тест сұрағының №

Ескертулер

Ұсыныстар

Негіздеме

1

2

3

4

5

6







      сипаттау қажет.
      4. 3-тармақта айтылған деректер негізінде «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бөлінісінде аккредиттеу үшін ұсынылған материалдардың мазмұны бойынша аккредиттелген кәсіптік ұйымның қорытынды тұжырымдамаларын және ұсынымдарын көрсету қажет.
      Аккредиттелген кәсіптік ұйымның қорытынды тұжырымдамалары мен ұсынымдары ұсынымдық сипатта болады.

      Кәсіптік ұйымның
      басшысы ______________ ______________________________
                  (қолы)     (тегі, аты және әкесінің аты
                                   (болған жағдайда)

      Мөр орны _________________
                     (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады