Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 тамыздағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 937 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 тамыздағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары Жоспардың тиісті іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 15 тамыздағы
№ 937 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 тамыздағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
Тапсырманың атауы Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Орындау немесе ПӘ-ге енгізу мерзімі НҚА жобалары мен ақпаратты ПМК-ге енгізу мерзімі
1 2 3 4 5 6

1.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының басым өңірлерінде Қазақстанның сауда өкілдіктерін ашу мәселелерін пысықтау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, СІМ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы қараша

2014 жылғы 10 қараша

2.

«Қорғас – Шығыс қақпалары» АЭА аумағындағы «құрғақ порттың» бірінші іске қосу кешенінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат
 

ИДМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы желтоқсан, одан әрі жартыжылдық негізде (шілде, желтоқсан)

2014 жылғы 1 желтоқсан, одан әрі жартыжылдық негізде (15 шілде, 15 желтоқсан)

3.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтау және Құрық теңіз порттары инфрақұрылымының құрылысын қамтамасыз ету, оның ішінде:
- Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейтуді аяқтау;
- «Ақтау Теңіз Порты» АЭА аумағындағы терминалдың құрылысы;
- Құрық портына дейінгі теміржол мен паром өткелінің құрылысын бастау;
- 2016 жылдың соңына дейін кеме жасау/кеме жөндеу зауытының құрылысын бастауды қамтамасыз ету;
- және оларды одан әрі дамыту жөніндегі өзге шараларды қабылдау.

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, Энергетикамині, Маңғыстау облысының әкімі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы желтоқсан, одан әрі жартыжылдық негізде (шілде, желтоқсан)

2014 жылғы 1 желтоқсан, одан әрі жартыжылдық негізде (15 шілде, 15 желтоқсан)

4.

Парсы шығанағы мен Тынық мұхиты жағалауының елдерінде бос қоймалар салу мүмкіндігін қарау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ИДМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы қазан

2014 жылғы 20 қыркүйек

5.

Халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан қоса қаржыландыру тетіктерін айқындай отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылы 500 миллиард теңге мөлшеріндегі екінші траншты пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, ҰБ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін

2014 жылғы 26 тамыз

6.

Өнімді экспорттауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздей отырып, 2014 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың базалық салаларында (мұнай-газ және тау-кен металлургиясы өнеркәсібінде) оң өсу қарқындарын қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, ҰЭМ, Энергетикамині, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2015 жылғы 1 ақпан

2015 жылғы 15 қаңтар

7.

Жаңа кен орындарын барлау және жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту бойынша кең ауқымды жұмысты ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, Энергетикамині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2015 жылғы 15 ақпан, одан әрі жыл сайын

2015 жылғы 1 ақпан, одан әрі жыл сайын

8.

Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы 30 желтоқсан

2014 жылғы 20 қараша

9.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау тетігін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеп, енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, АШМ, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша); «КазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы 1 қазан

2014 жылғы 1 қыркүйек

10.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуды ынталандыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне салық салуды жетілдіруді көздейтін салық салу мәселелері бойынша Заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы 1 қазан

2014 жылғы тамыз

11.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің әралуандығы мен ұсақ тауарлылығы мәселелерін шешуге бағытталған «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы 30 желтоқсан

2014 жылғы қазан

12.

Бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, Қаржымині, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы 1 желтоқсан

2014 жылғы 1 қараша

13.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне, сондай-ақ отандық өндірушілерге 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық органдарында есептелген, бірақ 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар мен айыппұлдардан босату жолымен салықтық рақымшылық жүргізу мәселелері жөніндегі Заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы қыркүйек

2014 жылғы тамыз

14.

Тікелей нысаналы мақсатты сақтау, электрондық алаңдарды пайдалану шартымен жеке инвесторларды барынша кеңінен қамти отырып, жекешелендіру процесінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҰБХ (келісім бойынша), ҰХ (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы желтоқсан, одан әрі жартыжылдық негізде (шілде, желтоқсан)

2014 жылғы 10 желтоқсан, одан әрі жартыжылдық негізде (15 шілде, 15 желтоқсан)

15.

Ұйымдастырылмаған сауда рыноктары мен базарларын жою мақсатында сауда орталықтарына сауданың, қауіпсіздіктің заманауи тұрпаттары мен санитариялық нормаларына жауап беретін сауданы дамыту жөніндегі қажетті заңнамалық негізді қалыптастыру, сондай-ақ жабық және ұйымдастырылған сауда орталықтарын салу үшін жер учаскелері мен жеңілдіктерді ұсыну бойынша нақты ұсыныстарды пысықтау және енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Қаржымині, ДСӘДМ, ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы 30 желтоқсан

2014 жылғы 1 желтоқсан

16.

Экономиканы долларсыздандыру жөніндегі шараларды қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы желтоқсан, одан әрі жартыжылдық негізде (шілде, желтоқсан)

2014 жылғы 1 желтоқсан,  одан әрі жартыжылдық негізде (15 шілде, 15 желтоқсан)

17.

Жеке тұлғалардың банкроттығы тетігін енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы қараша

2014 жылғы 3 қазан

18.

Заманауи жабдықтары мен білікті кадрлары бар әлеуметтік объектілерді орналастырудың экономикалық орындылығы мақсатында қаражатты тиімді пайдалану саясатын жалғастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестірушлер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы желтоқсан

2014 жылғы 1 желтоқсан

19.

Құрылыс нормаларын және мектептердің құрылысы бойынша қағидаларды қайта қарау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы желтоқсан

2014 жылғы қараша

20.

Өз-өзін жұмыспен қамтыған халық ұғымын нақты айқындау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ДСӘДМ, ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестірушлер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы желтоқсан

2014 жылғы қараша

21.

Халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, Мемлекет басшысының атына тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі баяндаманы енгізу

Мемлекет басшысына баяндама

ҰЭМ, ИДМ, Энергетикамині, Әділетмині, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2015 жылғы 15 наурызға дейін

2015 жылғы 1 наурыз

22.

Дуальды оқыту, колледж оқушыларының кәсіпорындарда өндірістік практикадан міндетті өтуі үшін кәсіпорындардың жұмыс орындарын беруі жөніндегі нормаларды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

БҒМ, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестірушлер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы қыркүйек

2014 жылғы тамыз

23.

Отандастарымыздың көшуін ынталандыруды, сондай-ақ басым өңірлерге өз бетімен көшетін азаматтарды қолдауды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ДСӘДМ, ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестірушлер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы 30 қарашаға дейін

2014 жылғы қазан

24.

Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Мемлекет басшысының атына енгізу

Мемлекет басшысына ақпарат

БҒМ, ДСӘДМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

үйлестірушлер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы 15 желтоқсанға дейін, одан әрі жыл сайын

2014 жылғы 1 желтоқсан, одан әрі жыл сайын

25.

Басшылықта өтетін кеңестер санын қысқарту және оларды аптаның белгілі бір күндері бойынша өткізуді реттеу жөніндегі шараларды қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Премьер-Министр Кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

үйлестіруші: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е.Ж. Қошанов

2014 жылғы қыркүйек

2014 жылғы  15 қыркүйек

26.

Министрліктердің департаменттері етіп қайта ұйымдастыра және қайталанатын функцияларын жоя отырып, аппараттарды, оның ішінде, әдетте, аумақтық бөлімшелері жоқ комитеттерді оңтайландыруды жүргізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, МҚІСҚА, ҰКП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы қазан

2014 жылғы қыркүйек

27.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігінің берік негізін жасауды көздейтін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың екінші кезеңін іске асыру жөніндегі Заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2015 жылғы 1 қыркүйек

2015 жылғы 1 шілде

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰЭМ                         – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
                              министрлігі
ИДМ                         - Қазақстан Республикасы Инвестициялар
                              және даму министрлігі
Энергетикамині              - Қазақстан Республикасы Энергетика
                              министрлігі
АШМ                         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                              министрлігі
Қаржымині                   - Қазақстан Республикасы Қаржы
                              министрлігі
ІІМ                         - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                              министрлігі
ДСӘДМ                       - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                              және әлеуметтік даму министрлігі
БҒМ                         - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                              министрлігі
МҚІСҚА                      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                              қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
                              қарсы іс-қимыл агенттігі
ҰБ                          - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰКП                         - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                              кәсіпкерлер палатасы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ                - «Қазақстан темір жолы» ұлттық
                              компаниясы» акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ    - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                              акционерлік қоғамы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ          - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
                              акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ           - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
                              акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады