"Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014 - 2018 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 568 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 960 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014 – 2018 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 568 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жылдың қорытындысы бойынша, 20 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014 – 2018 жылдарға арналған кешенді жоспарда:
      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-жолдардың 3, 4-бағандарындағы «ИЖТМ», «ИЖТМ, МГМ» деген аббревиатуралар тисінше «ҚР ИДМ», «ҚР ИДМ, ҚР Энергетикамині» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын:
      «

Осы көрсетілетін қызметтермен әлемдік нарыққа шығу үшін геологиялық барлауды дамыту

37

Геологиялық көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін геологиялық барлау жұмыстарына озық техниканы және технологияларды енгізу

ҚР ИДМ-ге ақпарат

«Қазгеология» АҚ (келісім бойынша)

2015 – 2018 жылдар

-

*

*

*

*

Меншікті қаражат

38

Тау-кен ісі саласындағы жетекші мектепті қалыптастыру және халықаралық деңгейдегі білікті кадрларды даярлау

ҚР ИДМ-ге ақпарат

«Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша)

2018 жыл

-

-

-

-

*

Меншікті қаражат

Қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға, өндіруге және қайта өңдеуге инвестициялар мен технологиялар тарту үшін жағдай жасау

39

Республикалық геологиялық қорлардағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету

Анықтамалық ақпаратқа веб-қолжетімділік

ҚР ИДМ

2015 жыл

-

-

-

-

-

Талап етілмейді

40

Геологиялық барлау зерттеулер саласындағы шетелдік және қазақстандық жетекші компаниялармен стратегиялық әріптестікті қалыптастыру (бірлескен кәсіпорындар мен консорциумдар құру, меморандумдарға қол қою)

ҚР ИДМ-ге ақпарат

«Қазгеология» АҚ (келісім бойынша)

2015 – 2018 жылдар

-

*

*

*

*

Меншікті қаражат, жеке инвесторлардың қаражаты

                                                              »;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      «ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі»
      «МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚР ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі»
      «ҚР Энергетикамині – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі»;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «Қазгеология» АҚ – «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы
      «Назарбаев Университеті» ДБҰ – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы».».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады