Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1283 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімнің жобасына 1-қосымшада:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Санкт-Петербург - Орынбор - Сагарчин (Ресей Федерациясы) / Жайсаң (Қазақстан Республикасы) - Ақтөбе — Қызылорда - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас (Қазақстан Республикасы) / Хоргос (Қытай Халық Республикасы) — Үрімші - Ляньюньган.
Көрсетілген маршруттың ашылуы 2020 жылдан кешіктірілмейді;»;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) Кант - «Ақ-Тілек» АӨП (Қырғыз Республикасы) / Қарасу (Қазақстан Республикасы) — Тараз — Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Жайсаң (Қазақстан Республикасы) / Сагарчин (Ресей Федерациясы) - Орынбор - Санкт-Петербург.
Көрсетілген маршруттың ашылуы 2020 жылдан кешіктірілмейді.
6) Ат-Башы - Торугарт (Қырғыз Республикасы) / Туругарт (Қытай Халық Республикасы) - Қашғар - Үрімші - Ляньюньган.
Көрсетілген маршруттың ашылуы 2020 жылдан кешіктірілмейді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов