Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1066 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 8 қазандағы
№ 1066 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек, оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар беру, психологиялық бейімдеу бойынша қызмет көрсету;»;
      3-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
      2) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа белсенді шаралары.»;
      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс беруші мәлімдеген кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға жіберілетін Бағдарламаға қатысуға үміткерлер осы Қағиданың 31-тармағында көзделген тәртіппен бекітілген өңір аумағында, ал олар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесінен білім беру ұйымын жұмыс берушімен келісім бойынша дербес таңдайды.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты дербес не мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.»;
      23-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жұмыс берушілер ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін кәсіптік оқытуға жіберілетін қызметкерлердің санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін және оқыту нысанын көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушінің құрылтай құжаттары қоса беріледі.
      Ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ оларды өткізу кестесін оқыту ұйымдары жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіседі.
      Қайта даярлаудан және/немесе біліктілікті арттырудан өту уақытында Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізілген ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерге қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің ережелеріне сәйкес әлеуметтік демалыс беріледі.»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Барлық облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы өңірлік комиссиялар білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде осы Қағиданың 52, 53-тармақтарына сәйкес айқындалған мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып, сол өңірдің аумағындағы және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріндегі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіптік оқытуды жүзеге асыруға құқығы бар кәсіптік оқуды жүзеге асыратын оқыту ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) жыл сайын бекітеді.»;
      3940-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мерзімді әскери қызметіне шақырылу, қайтыс болу, оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін жүктілік, босану, бала күтімі бойынша демалыс, тұрғылықты жерін ауыстыру, сырқаттану салдарынан сабақтарды жіберіп алу себебі бойынша, сондай-ақ балалар үйлерінің жиырма тоғыз жасқа толмаған тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кез келген себептер бойынша кәсіптік оқуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Бағдарламаға қатысушымен жасалған әлеуметтік келісімшарт көрсетілген білім беру қызметтері көлемінің құнын, сондай-ақ оқуға төленген материалдық көмек пен стипендия сомасын бюджетке қайтару бойынша талап қойылмай бұзылады.
      40. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік оқу құнын өңірлік комиссиямен келісім бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын белгілейді.»;
      44-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші бөліктермен толықтырылсын.
      «Әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына қатысуға үміткерлер осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыспен қамту орталықтарына өтініш береді.
      Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылып, қоса беріледі:
      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
      3) еңбек кітапшасының (қажет болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (әлеуметтік жұмыс орындарына үміткер адамдар үшін) көшірмесі;»;
      48-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыруға жол беріледі.»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. «Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру Бағдарлама операторы арқылы жүзеге асырылады.
      2013 жылға дейін кәсіптік даярлауға қабылданған адамдарды оқытуды қаржыландыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган аталған адамдар оқуды толық аяқтағанға дейін жүзеге асыратын болады.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама операторына оқыту ұйымын және оқу орталықтарын, мамандықтар түрлері мен оқу орны (оқыту ұйымы, оқу орталықтары және т.б.), оқу құны мен мерзімдері бойынша оқытылатын контингентті көрсете отырып, бюджеттік өтінімдер жібереді.»;
      53-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      2) Бағдарлама Операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқыту және әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын субсидиялау және жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын төлеу бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.»;
      545758-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «54. Білім беру саласындағы уәкілетті орган, Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.»;
      «57. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, білім беру саласындағы уәкілетті орган және Бағдарлама операторы трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
      58. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына екі рет Бағдарлама операторына, білім беру саласындағы уәкілетті органға келісімдерде көзделген нысан бойынша есептер ұсынады.»;
      2. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      «1. Жалпы бөлім» деген бөлімде:
      2-тармақтың 2), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) микрокредиттер мен шағын кредиттер (бұдан әрі – шағын кредиттер) беру;
      4) шағын кредиттер алған адамдарды қоспағанда, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу жолымен іске асырылады.»;
      3-тармақтың 3), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;»;
      «7) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бағдарламаның екінші бағытына қатысу тәртібі»
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бағдарламаға қатысуға және мемлекеттік қолдау алуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға микрокредит және шағын кредит алудың ықтимал нұсқалары, материалдық көмек, сервистік көрсетілетін қызметтер ала отырып, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы консультация беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы кіші бөлімнің тақырыбымен толықтырылсын:
      «Микрокредиттер беру»;
      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер микрокредит алу үшін жұмыспен қамту орталықтарына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді»;
      мынадай мазмұндағы кіші бөлімнің тақырыбымен толықтырылсын:
      «Шағын кредиттер беру»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Жұмыссыз, табысы аз (атаулы әлеуметтік көмекті және балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алатын еңбекке жарамды адамдар) және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы шағын кредит алуға үміткерлер ауылдық (кент) округ әкімінің ұсынысы бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиынында іріктеліп алынады.
      Ауылдық (кент) округ әкімінің қолдаухатымен жергілікті қоғамдастықтың жиынында мақұлданған жергілікті тұрғындар қатарындағы үміткерлердің тізбесі халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынылады.
      Шағын кредит алуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке ісін ұйымдастыру бойынша бизнес-ұсыныс.
      Шағын кредит жеке ісін ұйымдастыруға беріледі.
      Шағын кредит берудің басым бағыттары құс, ұсақ мал сатып алу, халық қолөнерін дамыту, өзін-өзі тез ақтайтын қызметтерді көрсету болып табылады.»;
      «Микрокредиттер беру шарттары» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Микрокредиттер және шағын кредиттер беру шарттары»;
      7-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру мынадай шарттарды қамтиды:»;
      1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      «шағын кредит қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым үшін кепіл берген кезде қайтарымдылық негізде беріледі;
      кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талап қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның ішкі саясатында айқындалады;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) микрокредит және шағын кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын мүлікті сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1), 5-1), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) шағын кредит беру мерзiмi – үш жылдан аспайды;»;
      «5-1) шағын кредиттің ең жоғары сомасы – бес жүз мың теңгеден аспайды;»;
      «7) Шағын кредит бойынша қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым соңғы қарыз алушыға шағын кредит беру мерзiмiнің ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімге негiзгi берешекті сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең береді;
      8) бұрын берілген микрокредиттер және шағын кредиттер есебінен соңғы қарыз алушы қайтарған қаражатты шоғырландыру кезінде осы Қағиданың шарттарына сәйкес қайтадан кредит беруді жүзеге асыруға жол беріледі.»;
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Соңғы қарыз алушы үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді.
      Соңғы қарыз алушы үшін шағын кредиттер бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым өңірлік комиссияның келісімі бойынша 5 %-дан аспайтын мөлшерде белгілейді.»;
      «Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым арқылы микрокредит алу шарттары» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым арқылы кредит қаражатын алу шарттары»;
      42-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жергілікті қоғамдастықтың жиынында мақұлданған үміткерлер қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым арқылы шағын кредит алуға ниет білдірген жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен құжаттарды:
      1) Кәсіпкерлікті дамыту картасына (немесе өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына);
      2) тірек ауылдың мастер-жоспарына сәйкес қарайды және қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға жібереді.
      Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде үміткерлерге шағын кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.»;
      48-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаға қатысушы шағын кредит алу үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға өтініммен жүгінеді.»;
      49535657-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «49. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым бес жұмыс күні ішінде жобаға бағалау жүргізеді және Бағдарламаға қатысушыға микрокредит немесе шағын кредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды және қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.»;
      «53. Шарт жасасу және микрокредитті немесе шағын кредитті бөлу не бөлуден бас тарту туралы ақпаратты микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.»;
      «56. Бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан немесе кредиттік серіктестік арқылы микрокредит немесе шағын кредит алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу бойынша қосымша қызметтер (бухгалтерлік, маркетингтік, заңдық және басқа да көрсетілетін қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы.
      57. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит немесе шағын кредит алған Бағдарламаға қатысушылар салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс.»;
      84-тармақтың 1) тармақшасы мынадай реакцияда жазылсын:
      «1) Бағдарлама операторы мен облыстар әкiмдерiнің арасында микрокредит беру, шағын кредит беру, кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту және жобаларды бір жылға дейін сүйемелдеу бойынша сервистік қызметтер көрсету бөлігінде;»;
      89-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Бағдарлама операторына – сервистік қызметтер көрсетілген, микрокредиттер және шағын кредиттер алған, жеке iсiн ұйымдастырған немесе кеңейткен, кәсiпкерлiк негiздерiн оқудан өткен Бағдарламаға қатысушылардың саны туралы, соңғы қарыз алушылардың кредит қаражатын мақсатты пайдалануы туралы;»;
      90-тармақтың бірінші, үшінші, төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «90. Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген микрокредиттің немесе шағын кредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады.»;
      «Микрокредиттер немесе шағын кредиттер алған Бағдарламаға қатысушылар кредит беруші ұйымдарға олар берген микрокредиттің немесе шағын кредиттің мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары микрокредиттер және шағын кредиттер алған Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін аудандардың (қалалардың) салық органдарына ұсынады.»;
      3. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 641-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында:
      3-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
      4) Бағдарлама Операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың қоныс аударуы:
      1) бір ауданның ішінде;
      2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
      3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың басқа облысқа қоныс аударуы республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоспағанда, уәкілетті органдар ұсынған жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде тиісті өңірлік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне қоныс аударуға берілетін субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен және қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартын жасағаннан кейін не тұрғын үй мәселесін дербес шешкен жағдайда, келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде беріледі.
      Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жерге келмеген отбасы мүшелеріне қоныс аударуға субсидия берілмейді.
      Бағдарламаға қатысушыларға қоныс аударуға субсидия:
      1) бір ауданның ішінде қоныс аударушыларға – отағасына он еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға қоныс аударушыларға – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) бір облыстан басқа облысқа қоныс аударушыларға – отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоныс аударуға берілетін субсидияны тағайындау туралы шешім шығарғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей қоныс аударуға субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға тиісті төлемдерді аударады.»;
      36-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) басқа өңірлерде орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуға қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халықтың санын;»;
      37-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) басқа өңірлерде орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуға қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар санын;»;
      38-тармақтың 1) тармақшасында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «шығу және қабылдау орындарын айқындай отырып, облыстың (ауданның, қаланың), республиканың шегінде қоныс аударатын азаматтардың ықтимал санын келіседі және қоныс аударуды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсыным жібереді;»;
      үшінші абзац алып тасталсын;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Қоныс аударған Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамту жаңа тұрғылықты жеріне көшіп келгенге дейін және келгеннен кейін жұмыс берушілермен жасалған ниет білдіру шарты негізінде қамтамасыз етіледі. Жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, Бағдарламаға қатысушыларға жұмыс берушілермен жасалған ниет білдіру шарты негізінде кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, келген жері бойынша оқыту мүмкіндігі ұсынылады.»;
      44-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;
      2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган өңірлік комиссияның басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынымын үш жұмыс күні ішінде шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.»;
      46-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Қағиданың 45-тармағының 3) тармақшасында көзделген бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға қоныс аударатын үміткерлерге қолданылмайды.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік не аудандық/қалалық комиссияның ұсынымын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Бағдарламаға қатысуға үміткер осы Қағиданың 7, 45 және 46-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайларда, Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосудан бас тартылады.»;
      63-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аударуға жұмсалатын шығындарын өтеу бөлігінде;»;
      66-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiне қарай Бағдарлама операторына – экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударған, оның ішінде субсидия, тұрғын үй, жатақханадан бөлме алған, жұмысқа орналастырылған (жұмыспен қамтудың түрлері бөлінісінде) Бағдарламаға қатысушылардың саны туралы ақпарат;».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады