1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне 2014 – 2015 жылдардағы жылыту маусымына Көкшетау қаласындаға қуаты 100 Гкал/сағ аса белгіленген қазандықтарға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге және отын сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 579290699 (бес жүз жетпіс тоғыз миллион екі жүз тоқсан мың алты жүз тоқсан тоғыз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Ақмола облысының әкімі 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |