"2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1118 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік
стипендиялар беру туралы

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар берілсін.
      2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2014 жылғы « »  
№ өкіміне     
ҚОСЫМША      

2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендияларға
ұсынылатын адамдардың дербес құрамы
Әдебиет қайраткерлері

Ақсұңқар Серік

-

1950 жылы туған, ақын

Ахметова Күләш

-

1946 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Аширов Ахметжан

-

1938 жылы туған, драматург, «Құрмет» орденімен наградталған

Әбіқалов Айтақын

-

1947 жылы туған, ақын

Бақтыгереева Ақұштап

-

1944 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Баянбай Қастек

-

1936 жылы туған, жазушы

Бодаубай Болат

-

1940 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бөдешұлы Жәркен

-

1944 жылы туған, ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Гаркавец Александр

-

1947 жылы туған, қоғам қайраткері, түрколог ғалым

Дүйсенбі Асқар

-

1973 жылы туған, ақын, сазгер, фольклортанушы, ғалым

Исабаев Нұртас

-

1954 жылы туған, ақын

Қалиев Сұлтан

-

1943 жылы туған, ақын

Қодар Әуезхан

-

1958 жылы туған, жазушы, «Парасат» орденімен наградталған

Құмарова Шәрбану

-

1936 жылы туған, жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Лушникова Надежда

-

1940 жылы туған, ақын

Рәш Мыңбай

-

1930 жылы туған, жазушы

Оразбаев Иранбек

-

1947 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Оспан Сейфолла

-

1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденімен наградталған

Сегізбай Кәдірбек

-

1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тілеуханов Төлек

-

1939 жылы туған, жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Тынибеков Абай

-

1962 жылы туған, жазушы, ақын, сазгер, тарихшы, этнограф

Чернова Надежда

-

1947 жылы туған, ақын

Шапай Тұрсынжан

-

1957 жылы туған, сыншы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Өнер қайраткерлері

Әбжанова Анар

-

1986 жылы туған, суретші

Әбілов Шаһимардан

-

1950 жылы туған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен наградталған

Әшіров Нүркен

-

1985 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Баймаханова Әлия

-

1978 жылы туған, режиссер

Байбосынов Қайрат

-

1950 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Бекетаева Әйгерім

-

1991 жылы туған, балет солисі

Бөрібаев Алан

-

1979 жылы туған, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ғабдуллина Жұпар

-

1978 жылы туған, опера солисі

Дайыров Еркебұлан

-

1986 жылы туған, актер

Демесін Кәдірбек

-

1952 жылы туған, актер

Жантілеуова Аида

-

1990 жылы туған, актриса

Қажынәбиева Баян

-

1978 жылы туған, актриса

Қайсанов Мейрам

-

1966 жылы туған, актер

Қосанова Айгүл

-

1974 туған жылы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мальбеков Эдуард

-

1941 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, балет ардагері

Мусин Ринат

-

1961 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденімен наградталған

Нұрғожаев Алмас

-

1988 жылы туған, суретші

Өтеулинова Назым

-

1988 жылы туған, режиссер

Омарбаев Қанат

-

1943 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Спирина Ольга

-

1991 жылы туған, тележүргізуші

Телебарисова Әлия

-

1993 жылы туған, киноактриса

Төкеева Жанель

-

1988 жылы туған, балет солисі

Тыныштығұлова Сара

-

1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Урманчеев Тимур

-

1965 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, пианист

Үмбетов Жәңгір

-

1947 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хасанғалиев Біржан

-

1978 жылы туған, әнші

Хусаян Мусайф

-

1936 жылы туған, композитор

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады