"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1132 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2013 ж., № 40, 585-құжат) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы мен жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған қызметкерлерді қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары жиырма жыл және одан көп ішкі істер органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары он жыл және одан көп және асырауында мүгедек балалары бар қызметкерлердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұратын тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіріп алуға құқығы бар.
      Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелерінің қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйін өтеусіз жекешелендіріп алуға құқығы бар.»;
      7-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) күнтізбелік есеппен жиырма және одан көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың және ішкі істер органдарының қызметкерлері;»;
      мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) күнтізбелік есеппен он және одан көп жыл еңбек сіңірген және асырауында мүгедек балалар бар ішкі істер органдарының қызметкерлері;
      10) ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері.».
      21-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады