Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 1164 қаулысы

      «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Қызылорда облысының Қызылорда қаласының белгіленген қуаты 100 Гкал/сағатқа дейінгі қазандықтарына 2014 - 2015 жылдардағы жылыту маусымына отын сатып алуға Қызылорда облысының әкімдігіне аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 873263000 (сегіз жүз жетпіс үш миллион екі жүз алпыс үш мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Кызылорда облысының әкімі 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады