Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мына:
«
Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін |
539 |
1700 |
3 400 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін |
539 |
1700 |
4 200 |
»;
мына:
«
Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық белімінде тыңдаушыларды оқытуға |
537 |
1418 |
2 836 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға |
537 |
1418 |
3364,2 |
»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«Магистратураға қабылдау» деген бөлімде:
мына:
«
Назарбаев Университеті |
97 |
2 500 |
5 000 |
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Назарбаев Университеті |
97 |
2 500 |
5 400 |
»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылатын білім беру ұйымдарына PhD докторантурасына қабылдау» деген бөлімде:
мына:
«
Назарбаев Университеті |
25 |
2 260,4 |
4 520,8 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Назарбаев Университеті |
25 |
2 260,4 |
5 148,1 |
».
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов