"Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына түзетулерді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1251 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына түзетулерді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің
Баптарына түзетулерді ратификациялау туралы

      1-бап. Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорында квоталарды және дауыстарды реформалау» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 63-2 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету, Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту» 2008 жылғы 5 мамырдағы № 63-3 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету және Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Квоталарды он төртінші жалпы қайта қарау және Атқарушы кеңестің реформасы» 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 66-2 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету ратификациялансын.
      2-бап. Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорында квоталарды және дауыстарды реформалау» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 63-2 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету 2011 жылғы 3 наурызда күшіне енді.
      Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту» 2008 жылғы 5 мамырдағы № 63-3 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету 2011 жылғы 18 ақпанда күшіне енді.
      Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген түзетулер Қазақстан Республикасына қатысты күшіне енген кезден бастап қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

№ 63-2 қарар Халықаралық Валюта Қорында квоталарды және дауыстарды реформалау

      Регламенттің 13-бөліміне сәйкес төмендегі Қарар 2008 жылғы 28 наурызда жиналыссыз дауыс беру үшін Басқарушылардың қарауына ұсынылды.
      Қарардың көрсетілген түзетуді ұсынған және аттары Қарарға І қосымшада келтірілген мүшелердің квоталарын түзетуді ұсынатынын да есепке ала отырып, Қарарды қабылдау жалпы дауыс санының сексен бес пайыз көпшілік дауысына ие Басқарушылардың оң жауабын талап етеді.
      61-5-қарарда баяндалған Басқарушылар кеңесінің ұсынысына берілген жауапқа және Атқарушы кеңес Басқарушылар кеңесінің қарауына «Халықаралық Валюта Қорында квоталарды және дауыстарды реформалау: Атқарушы кеңестің Басқарушылар кеңесіне есебі» деп аталатын есепті (бұдан әрі – Есеп) ұсынуына сәйкес;
      Сондай-ақ Атқарушы кеңес Қордың барлық мүшелері өз квоталарын ұлғайтуды талап еткен Қор мүшелерінің белгілі бір санының квоталарын ұлғайтуды ұсынғанын назарға ала отырып;
      61-5-қарарда баяндалған Басқарушылар кеңесінің талабына жауап ретінде Атқарушы кеңес Келісімнің Баптарына төмендегілер туралы түзетуді ұсынды:
      (a) мүшелердің негізгі дауыс санын ұлғайту және барлық мүшенің негізгі дауыс санының барлық мүшенің жалпы дауыс беру құқықтарының санына арақатынасы өзгеріссіз қалатынына кепілдік беру үшін тетікті белгілеу туралы шешім қабылданатын болады;
      (b) мүшелердің көпшілік дауысымен сайланған әрбір Атқарушы директорға Атқарушы директордың екінші орынбасарын тағайындауға құқық берілетін болады;
      Басқарушылар кеңесінің Төрағасы Қордың Хатшысынан Атқарушы кеңестің ұсынысын Басқарушылар кеңесінің қарауына енгізуді талап етті;
      Атқарушы кеңестің ұсынымдарын баяндайтын есепті Қордың Хатшысы Басқарушылар кеңесінің қарауына ұсынды;
      Қор Регламентінің 13-бөліміне сәйкес Атқарушы кеңес Басқарушылар кеңесінен төмендегі Қарар бойынша жиналыссыз дауыс беруді талап етті:
      Осы арқылы Басқарушылар кеңесі Атқарушы кеңестің ұсынымдарын және аталған Есебін назарға ала отырып, төмендегілер туралы шешім қабылдады:

      Мүшелердің квоталарын ұлғайту

      1. Осы Қарардың ережелеріне сәйкес Халықаралық Валюта Қоры осы Қарардың І қосымшасының тізімінде көрсетілген Қор мүшелерінің квоталарын І қосымшада олардың аттары тұсында көрсетілген санға дейін ұлғайтуды ұсынады.
      2. Мүшелердің квоталарын ұлғайту мүшелер ұлғайтуға жазбаша келісімін бергеннен кейін және Қорға квотаны ұлғайтудың барлық сомасын төлегеннен кейін ғана күшіне енеді. Әрбір мүше арнайы қарыз алу құқықтарында немесе олардың Қормен келісімінде айқындалған басқа мүшелердің валюталарында да, сол сияқты арнайы қарыз алу құқықтарының кез келген амалымен және басқа мүшелердің валюталарында квота ұлғаюының 25 пайызы мөлшеріндегі соманы енгізуге міндетті. Ұлғаю сомасының қалдығын әрбір мүше өз валютасымен төлеуге тиіс.
      3. Әрбір мүше өз квотасын ұсынылған ұлғайтуға келісімді  2008 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей беруге тиіс, бұл ретте Атқарушы кеңес мүшелердің ішкі заңнамалық мақұлдауды алу қажеттігін назарға ала отырып, осы мерзімді өз қалауы бойынша ұзартуға құқығы бар.
      4. Әрбір мүше Қорға:
      (a) өзінің келісімі туралы Қорға хабарлағаннан кейін; немесе
      (b) А.5 бөлімге сәйкес квотаны ұлғайтудың күшіне енетіні туралы талап сақталатын күннен кейін 30 күннің ішінде; Атқарушы кеңестің осы мерзімді өз қалауы бойынша ұзартуға құқығы болу шартымен өз квотасын ұлғайтуды төлеуге міндеттенеді.
      5. Квотаны ұлғайту осы Қарарда мақұлданған, Келісімнің Баптарына ұсынылған түзетулер күшіне енгенге дейін күшіне енбейді.

      B. Квоталарды кейіннен шолу

      Атқарушы кеңеске мүшелер үлестерінің әлемдік экономикадағы тиісті ұстанымдарын көрсетуін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін мүшелердің үлестерін Квоталарды он төртінші жалпы қайта қараудан бастап, болашақта квоталарды жалпы қайта қарау тұрғысында қайта топтауға ықпал етуге ұсыным беруге нұсқау берілді.

      С. Келісімнің Баптарына түзету

      1. Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына ұсынылған, осы Қарарға ІІ қосымшада баяндалған түзету (дауыстарды және Халықаралық Валюта Қорына қатысуды ұлғайту жөніндегі ұсынылған түзету) мақұлданды.
      2. Хатшыға Қордың барлық мүшелерінен айналыста жүретін хат немесе жеделхат жолымен немесе басқа да жылдам байланыс тәсілімен дауыстарды ұлғайту және Келісімнің XXVIII бабының ережелеріне сәйкес Халықаралық Валюта Қорына қатысу жөніндегі ұсынылған түзетудің қабылданған туралы сұрау жүргізуге нұсқау берілген.
      3. Алдыңғы тармақтың талаптарына сәйкес барлық мүшелерге жіберілуге жататын хабарлама дауыстарды ұлғайту және Халықаралық Валюта Қорына қатысу жөніндегі ұсынылған түзету Қордың барлық мүшелерге дауыстың сексен бес пайызына ие мүшелердің бестен үші дауыстарды ұлғайту және Халықаралық Валюта Қорына қатысу жөніндегі ұсынылған түзетуді қабылдағаны туралы ресми хабарлама жіберу жолымен растаған сәтінен бастап барлық мүшелер үшін күшіне енетіндігін айқындауға тиіс.

      D. Атқарушы директордың екі орынбасарын тағайындау құқығы берілген мүшелер

      1. Бастапқы тұрақты Атқарушы директорлар сайланғаннан кейін және дауыстарды ұлғайту және Халықаралық Валюта Қорына қатысу жөніндегі ұсынылған түзету күшіне енгеннен кейін кемінде 19 мүше сайлаған Атқарушы директорға Атқарушы директордың екі орынбасарын тағайындауға өкілетті.
      2. Атқарушы директордың екі орынбасарын тағайындау шарты ретінде Атқарушы директор Қордың Хатшысына хабарлау арқылы:
      (i) Атқарушы директордың ол болмаған, ал орынбасарлардың екеуі де болған кезде міндеттерін атқаратын орынбасарды,
      (ii) XII баптың 3 (f) бөліміне сәйкес Атқарушы директордың өкілеттігін жүзеге асыратын орынбасарды номинирлеуге міндетті.
      Атқарушы директордың Қордың Хатшысына хабарлау арқылы бұл кандидаттарды кез келген уақытта ауыстыруға құқығы бар.

І ҚОСЫМША

Ұсынылатын квота
(млн. СДР)

Ұсынылатын квота
(млн. СДР)

Албания

60,0

Малайзия

1,773,9

Австрия

2,113,9

Мальдив

10,0

Бахрейн

176,4

Мексика

3,625,7

Бутан

8,5

Норвегия

1,883,7

Ботсвана

87,8

Оман

237,0

Бразилия

4,250,5

Палау Республикасы

3,5

Жасыл мүйіс аралдары

11,2

Филиппин

1,019,3

Чад

66,6

Польша

1,688,4

Қытай

9,525,9

Португалия

1,029,7

Коста Рика

187,1

Катар

302,6

Кипр

158,2

Сан-Марино

22,4

Чехия

1,002,2

Сейшел

10,9

Дания

1,891,4

Сингапур

1,408,0

Эквадор

347,8

Словак Республикасы

427,5

Экваторлық Гвинея

52,3

Словения

275,0

Эритрея

18,3

Испания

4,023,4

Эстония

93,9

Сирия

346,8

Германия

14,565,5

Тайланд

1,440,5

Грекия

1,101,8

Шығыс Тимор

10,8

Үндістан

5,821,5

Түркия

1,455,8

Ирландия

1,257,6

Түрікменстан

98,6

Израиль

1,061,1

БАӘ

752,5

Италия

7,882,3

АҚШ

42,122,4

Жапония

15,628,5

Вьетнам

460,7

Қазақстан

427,8



Корея

3,366,4



Латвия

142,1



Ливан

266,4



Литва

183,9



Люксембург

418,7



ІІ ҚОСЫМША Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына дауыстарды және
Халықаралық Валюта Қорына қатысуды ұлғайту жөніндегі ұсынылған
түзету

      Осы Келісімге олардың атынан қол қойылған Басқарушылар төмендегілер туралы уағдаласты:
      1. XII баптың 3 (e) бөлімінің мәтіні түзетілуге тиіс және мынадай редакцияда жазылатын болады:
      «(e) Әрбір Атқарушы директор белгіленген саннан асатын мүшелер санымен сайланған Атқарушы директорға екі орынбасарды тағайындауға мүмкіндік беретін қағидаларды қабылдау құқығы бар Басқарушылар кеңесінің қабылдай алуы шартымен, ол болмаған кезде оның міндеттерін орындаудың толық құқығымен орынбасарды тағайындайды. Мұндай қағидалар қабылданған кезде Атқарушы директорларды тұрақты түрде сайлау тұрғысында ғана өзгертілуі мүмкін және екі орынбасарды тағайындайтын Атқарушы директорды:
      (i) Атқарушы директордың ол болмаған, ал орынбасарлардың екеуі де болған кезде міндеттерін атқаратын орынбасарды, және
      (ii) төменде келтірілген (f) тармағына сәйкес Атқарушы директордың міндетін атқаратын орынбасарды номинирлеуге міндеттейді. Оларды тағайындаған Атқарушы директорлар болған жағдайда, орынбасарлар дауыс беру құқығынсыз қатыса алады.».
      2. XII баптың 5 (a) бөлімінің мәтіні түзетілуге тиіс және мынадай редакцияда жазылады:
      «(a) Әрбір мүшенің жалпы дауыс саны оның негізгі дауыстарының сомасына және оның үлесіне негізделген дауыстарының сомасына тең болады.
      (і) Әрбір мүшенің негізгі дауысы кез келген бөлшек негізгі дауыстар болмау шартымен барлық мүшенің дауыс беретін барлық құқықтарының жалпы жиынтық сомасының 5,502 пайызын барлық мүше арасында тең бөлу нәтижесінде құрылатын дауыстар санына тең болады.
      (ii) Әрбір мүшенің үлесіне негізделген дауыстары жүз мың арнайы қарыз алу құқығына тең квотасының әрбір бөлігі үшін бір дауыс бөлу нәтижесінде құрылатын дауыстар санына тең болады.».
      3. L толықтыруының 2-бөлімінің мәтіні түзетілуге тиіс және мынадай редакцияда жазылады:
      «2. Мүшеге бөлінген дауыстар саны Қордың ешбір органында шешуші болып табылмайды. Олар мынадай мақсаттарға арналғандарды қоспағанда, барлық дауыс беру құқықтарының есебіне кірмейді:
      (а) Арнайы қарыз алу құқықтары департаментіне ғана қатысты ұсынылған түзетулерді қабылдау, және
      (b) XII баптың 5 (a) (i) бөлімінің ережелеріне сәйкес негізгі дауыстарды есептеу.».
      Басқарушылар кеңесі 2008 жылғы 28 сәуірден бастап күшіне енетін жоғарыда аталған Қарарды қабылдады.

№ 63-3 қарар Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Халықаралық
Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі
ұсынылған түзету

      Регламенттің 13-бөліміне сәйкес төмендегі Қарар 2008 жылғы 7 сәуірде жиналыссыз дауыс беру үшін Басқарушылардың қарауына ұсынылды:
      Басқарушылар кеңесі:
      Халықаралық Валюта және Қаржы Комитеті Атқарушы кеңестен Халықаралық Валюта және Қаржы Комитетінің 2008 жылғы Көктемгі кездесуіне пайданың жаңа моделі мен шығындардың жаңа шеңберіне арналған нақты ұсыныстарды әзірлеуді талап еткенін, сондай-ақ Атқарушы кеңестің көрсетілген ұсыныстарды жібергенін;
      Осы ұсыныстардың нақты аспектілерін қолдану Келісімге түзетудің қабылдануын талап ететінін және Атқарушы кеңес Басқарушылар кеңесіне осындай түзету мақұлдауды және осы тақырыпқа Есеп дайындауды ұсынғанын және оларға ұсыным жасағанын;
      Басқарушылар кеңесінің Төрағасы Қордың Хатшысынан Атқарушы кеңестің ұсыныстарын Басқарушылар кеңесінің қарауына енгізуін талап еткенін;
      Осы ұсыныстарды баяндайтын Атқарушы кеңестің есебін Қордың Хатшысы Басқарушылар кеңесінің қарауына жібергенін;
      Атқарушы кеңестің Басқарушылар кеңесінен Қор Регламентінің 13-бөлімінің ережелеріне сәйкес төмендегі Қарар бойынша жиналыссыз дауыс беруді талап еткенін назарға ала отырып;
      Сондай-ақ, Атқарушы кеңестің ұсынымдарын және аталған Есебін назарға ала отырып, осы арқылы мына төмендегілер туралы шешім қабылдады:
      1. Осы Қарарға қоса берілген Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына ұсынылған түзету (Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту жөнінде ұсынылған түзету) мақұлданды.
      2. Қордың Хатшысы Қордың барлық мүшелерінен айналыста жүретін хат немесе жеделхат жіберу жолымен немесе басқа да жылдам байланыс тәсілімен Келісімнің XXVIII бабының ережелеріне сәйкес Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі ұсынылған түзетуді қабылдау туралы сұрау жүргізсін.
      3. Осы Шешімнің 2-тармағының талаптарына сәйкес барлық мүшелерге жіберілуге жататын хабарлама Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі ұсынылған түзету Қордың барлық мүшелерге дауыстың сексен бес пайызына ие мүшелердің бестен үші Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі ұсынылған түзетуді қабылдағаны туралы ресми хабарлама жіберу жолымен растаған сәтінен бастап барлық мүшелер үшін күшіне енетіндігін айқындауға тиіс.

ҚОСЫМША Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі ұсынылған түзету

      Осы Келісімге олардың атынан қол қойылған Басқарушылар төмендегілер туралы уағдаласты:
      1. XII баптың 6 (f) (iii) бөлімінің мәтіні түзетілуге тиіс және мынадай редакцияда жазылады:
      «(iii) Қордың жалпы дауыс санының жетпіс пайызы болатын басымдықпен қабылдаған қағидалары мен ережелеріне сәйкес өз қалауы бойынша инвестициялау үшін мүшелердің Инвестициялық шоттағы валютасын Қордың пайдалану құқығы бар. Осы ережелерге сәйкес қабылданған қағидалар мен ережелер төменде келтірілген (vii), (viii) және (ix) тармақтарға сәйкес келуге тиіс.».
      2. XII баптың 6 (f) (vi) бөлімінің мәтіні түзетілуге тиіс және мынадай редакцияда жазылады:
      «(vi) Инвестициялық шот Қор таратылған жағдайда жабылуға тиіс, сондай-ақ жабылуы мүмкін немесе инвестицияның көлемі жалпы дауыс санының жетпіс пайызы болатын көпшілік шешімімен Қор таратылғанға дейін қысқартылуы мүмкін.».
      3. V баптың 12 (h) бөлімінің мәтіні түзетілуге тиіс және мынадай редакцияда жазылады:
      «(h) Жоғарыда келтірілген (f) кіші бөлім бойынша мүше мемлекеттің валютасын пайдаланғанға дейін Қор жалпы дауыс санының жетпіс пайызы болатын көпшілік шешімімен қабылданған қағидалар мен ережелерге сәйкес, өз қалауы бойынша инвестициялау үшін мүшелердің Арнайы төлемдер шотындағы валютасын Қордың пайдалану құқығы бар. Инвестициялардан түскен пайда және жоғарыда көрсетілген (f) (ii) тармақтың талаптары бойынша алынған пайыздар Арнайы төлемдер шотында орналастырылуға тиіс.».
      4. Келісімнің V бабына мынадай редакцияда жазылатын жаңа 12 (k) бөлім қосылады:
      «(k) Жоғарыда көрсетілген (c) тармақтың талаптары бойынша Қор осы Келісімге екінші түзету жасалған күннен кейін сатып алған алтынды сатқан кез келген уақытта алтынның құнына тең алынған қаражат сомасы Жалпы ресурстар шотына орналастыруға тиіс, ал кез келген артық шығу XII баптың 6 (f) бөлімінің ережелеріне сәйкес пайдалану үшін Инвестициялық шотқа орналастыруға тиіс.
      Егер осы Келісімге екінші түзету жасалған күннен кейін Қор сатып алған кез келген алтын 2008 жылғы 7 сәуірден кейін, бірақ осы ереже күшіне енген күнге дейін сатылса, онда осы ереже күшіне енгізілген кезінде және XII баптың 6 (f) (ii) бөлімінде ескерілген шектеулерге қарамастан, Қор:
      (i) алтынды сатып алу құнын,
      (ii) осы ереже күшіне енген күнге дейін Инвестициялық шотқа аударылған, сатып алу құнынан жоғары осындай пайданың кез келген сомасын шегеріп тастағанда, көрсетілген сатудан пайдаға тең соманы Жалпы ресурстар шотынан Инвестициялық шотқа аударады.».
      Басқарушылар кеңесі 2008 жылғы 5 мамырдан бастап күшіне енетін жоғарыда аталған Қарарды қабылдады.

№ 66-2 қарар
Квоталарды он төртінші жалпы қайта қарау және Атқарушы кеңестің реформасы

      2010 жылғы 10 қарашада жиналыс өткізбей дауыс беру үшін Регламенттің 13-бөліміне сәйкес Басқарушы төмендегідей Қарарды ұсынды:
ҚАРАР:
      Атқарушы кеңестің Басқарушылар кеңесіне «Квоталарды он төртінші жалпы қайта қарау және Атқарушы кеңестің реформасы: Атқарушы кеңестің Басқарушылар кеңесіне баяндамасы» атты баяндама (бұдан әрі «Баяндама» деп аталады) ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; және
      Халықаралық Валюта және Қаржы Комитетінің өзінің сәуірдегі (2009 жылғы) ресми коммюникесінде Атқарушы кеңеске Квоталарды он төртінші жалпы қайта қарауды аяқтаудың түпкілікті мерзімін 2 жылға ерте – 2011 жылғы қаңтарға ауыстыруды ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; және
      Атқарушы кеңестің Квоталарды он төртінші жалпы қайта қарау нәтижесінде Қорға мүше мемлекеттердің квоталарын ұлғайтуды ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; және
      Атқарушы кеңестің Келісімнің Баптарына түзету ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, оған сәйкес Атқарушы кеңестің тек сайланған Атқарушы директорлар арасынан ғана құрылуға тиіс; және
      Атқарушы кеңестің Келісімнің Баптарына ұсынылған, Басқарушылар кеңесінің № 63-2 қарарымен бекітілген түзету күшіне енгеннен кейін Атқарушы директорларды алғашқы тұрақты сайлаудан кейін жеті немесе одан көп мүше мемлекеттер таңдаған Атқарушы директорға Атқарушы директордың екі орынбасарын тағайындау құқығы берілуін ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; және
      Басқарушылар кеңесі Төрағасының Қордың хатшысына Атқарушы кеңестің ұсынысын Басқарушылар кеңесінің қарауына енгізуін ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; және
      Атқарушы кеңестің өз ұсыныстары жазылған баяндамасын Қор хатшысының Басқарушылар кеңесіне ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; және
      Қор Регламентінің 13-бөліміне сәйкес Атқарушы кеңестің Басқарушылар кеңесіне отырыс өткізбей төмендегі Қарар бойынша дауыс беруді өткізуді ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
      Басқарушылар кеңесі осы ұсыныстарды және Атқарушы кеңестің жоғарыда аталған баяндамасын ескере отырып, төмендегілер туралы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Мүше мемлекеттер квоталарының ұлғаюы

      1. Халықаралық Валюта Қоры осы Қарардың ережелерін ескере отырып, Қорға мүше мемлекеттер квоталарының осы Қарарға І қосымшада мүше мемлекеттердің аттарына қарама-қарсы көрсетілген мөлшерге дейін ұлғайтуды ұсынады.
      2. Мүше мемлекеттер квоталарының осы Қарарда ұсынылып отырған ұлғаюы осы мүше мемлекет осындай ұлғаюға өзінің жазбаша келісімін төменде келтірілген 4-параграфта жазылған күннен кешіктірмей беретін және осындай ұлғаюды төменде келтірілген 5-параграфта жазылған кезең ішінде толық көлемде төлейтін жағдайды қоспағанда, күшіне енбейді, бұл ретте мерзімі өткен сатып алуы, алымдары немесе Жалпы ресурстардың шотына тиесілі жарналары бар мүше мемлекеттің ешқайсысы өз квотасының ұлғаюына немесе осы ұлғаю үшін төлеуге ол өзінің жоғарыда көрсетілген міндеттемелерге қатысты өзінің берешегін өтемейінше, өзінің келісімін бере алмау шарты сақталады.
      3. Квоталардың осы Қарарда ұсынылатын ұлғаюы:
      (і) Атқарушы кеңес 2010 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша квоталардың жалпы сомасының кемінде 70 пайызын иеленген мүше мемлекеттердің өз квоталарының ұлғаюына өзінің жазбаша келісімін беру фактісін белгілегенге;
      (іі) Келісімнің Баптарына ұсынылып отырған, осы Қарарға ІІ қосымшада жазылған түзету күшіне енгенге; және
      (ііі) Келісімнің Баптарына ұсынылып отырған, Басқарушылар кеңесінің № 63-2 қарарымен бекітілген түзету күшіне енгенге дейін күшіне енбейді.
      Әрбір мүше мемлекет осы шараларды 2012 жылдың Жыл сайынғы кеңестерін өткізу күнінен кешіктірмей аяқтау үшін өзінің барлық күш-жігерін жұмсауға міндеттенеді. Атқарушы кеңестен тоқсан сайынғы негізде осы шаралардың орындалу барысына мониторинг жүргізуді сұрайды.
      4. Жоғарыда жазылған 2-параграфқа сәйкес хабарламаны мүше мемлекеттің тиісінше уәкілеттік берілген лауазымды адамы жасайды және ол Қорға 2011 жылғы 31 желтоқсанда Вашингтон уақытымен сағат 18:00-ге дейін түсуге тиіс, бұл ретте осы кезеңді Атқарушы кеңес өз қалауы бойынша ұзарта алады.
      5. Әрбір мүше мемлекет Қорға неғұрлым кешірек болып табылатын, атап айтқанда: (а) Қорға өзінің келісімі туралы хабарлайтын күннен кейін немесе (б) жоғарыда келтірілген 3-параграфта жазылған барлық талаптар орындалатын күннен кейін 30 күн ішінде өз квотасының ұлғаюына ақы төлейді, бұл ретте Атқарушы кеңес осы кезеңді өз қалауы бойынша ұзарта алады.
      6. Келісім білдіру үшін немесе квотаны ұлғайтуға ақы төлеу үшін кезеңді ұзарту туралы мәселені шеше отырып, Атқарушы кеңес мерзімі өткен сатып алудан, алымдардан немесе Жалпы ресурстардың шотына тиесілі жарналардан тұратын, оның пікірінше, Қормен осы міндеттемелерді реттеу бағытында ынтымақтасатын ұзаққа созылған мерзімі өткен берешегі бар мүше мемлекеттердің жағдайларын қоса алғанда, квотаны ұлғайтуға немесе квотаны ұлғайтуға ақы төлеуге өз келісімін беруге ниетін жалғастыратын мүше мемлекеттердің жағдайына айрықша көңіл бөледі.
      7. Өз квоталарын Квоталарды он бірінші жалпы қайта қарау шеңберінде және Басқарушылар кеңесінің № 63-2 қарары шеңберінде ұлғайтуға әлі өз келісімін бермеген мүше мемлекеттер үшін осындай ұлғайтуға өз келісімін білдіруге арналған шекті мерзім жоғарыда берілген 4-параграфта белгіленетін немесе соған сәйкес күн болып табылады.
      8. Әрбір мүше мемлекет өзінің квоталарды ұлғайтуының не арнайы қарыз алу құқығының 25 пайызын, не басқа қатысушы мемлекеттердің валюталарында – олардың келісімімен, – Қор көрсеткен немесе арнайы қарыз алу құқығының және осындай валюталардың кез келген үйлесімінде төлейді. Ұлғайтудың өтелмеген қалдығын мүше мемлекет өзінің меншікті валютасымен төлейді.

      Квоталарды есептеу формуласы және Квоталарды он бесінші жалпы қайта қарау

      9. Атқарушы кеңеске формулаларды кешенді қайта қарауды 2013 жылғы қаңтарға қарай аяқтауға шақыру жіберілді.
      10. Атқарушы кеңеске Квоталарды он бесінші жалпы қайта қарауды неғұрлым ерте мерзімде, атап айтқанда, 2014 жылғы қаңтарға қарай аяқтау графигін ұсынуға шақыру жіберілді. Кез келген қайта теңгерімдеу олардың әлемдік экономикадағы салыстырмалы түрдегі жай-күйіне сәйкес қарқынды өсу үстіндегі елдердің квоталары үлестерінің ұлғаюына және тиісінше, – бар мүмкіндігінше – қалыптасатын нарықтың және тұтастай алғанда дамушы елдің үлесінің өсуіне алып келеді деп күтілуде. Ең кедей мүше мемлекеттердің дауыстарын және өкілдігін қорғау бойынша қадамдар жасау.

      «Қарыздар туралы жаңа келісімдер» (ҚЖК) жүйесі бойынша жасалатын кредиттік келісімдерді қайта қарау

      11. Квоталарды он төртінші жалпы қайта қарау шеңберінде ұсынылып отырған квоталарды ұлғайтуға байланысты Атқарушы кеңеске және Қарыздар туралы жаңа келісімдерге (ҚЖК) қатысушыларға осы Қарардың 3-параграфында жазылған талаптар орындалған кезде күшіне енетін және осы Қарардың 3-параграфында көрсетілген қатысу шегіне негізделген квоталарды төлеу жүргізілетін квоталардың салыстырмалы түрде алғандағы үлестерін сақтай отырып, ҚЖК-ны тиісінше біртіндеп жаба отырып, 2011 жылғы 11 қарашаға қарай ҚЖК жүйесі бойынша жасалатын кредиттік келісімдерді қайта қарауға шақыру жіберілді.

      Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Атқарушы кеңестің реформасы туралы ұсынылып отырған түзету.

      12. Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына ұсынылып отырған, осы Қарардың II қосымшасында жазылған түзету (Бұдан әрі мәтін бойынша: Атқарушы кеңестің реформасы туралы ұсынылып отырған түзету) бекітілді.
      13. Хатшыға Қорға барлық мүше мемлекеттерге XXVIII баптың ережелеріне сәйкес Атқарушы кеңесті реформалау туралы ұсынылатын түзетуі бар (I қосымша) Баптарды келісуді сұратумен өкімхат немесе жеделхат, немесе байланыстың басқа да жедел тәсілдері арқылы сұрау салу жөнінде нұсқау берілді.
      14. Осы Қарардың 13-параграфының талаптарына сәйкес барлық мүше мемлекеттерге жіберілуге жататын хабарлама Атқарушы кеңесті реформалау туралы ұсынылған түзету Қордың барлық мүшелерге дауыс беру құқығының сексен бес пайызына ие мүшелердің бестен үші Атқарушы кеңесті реформалау туралы ұсынылған түзетуді қабылдағаны туралы ресми хабарлама жіберу жолымен растаған сәтінен бастап барлық мүшелер үшін күшіне енетіндігін айқындауға тиіс.

      Атқарушы директорлардың қосымша орынбасарлары

      15. Басқарушылар кеңесінің № 63-2 қарарымен бекітілген Келісім Баптарының көрсетілген түзетуі күшіне енгеннен кейін алғашқы Атқарушы директорларды тұрақты сайлауы өткізілген соң жеті немесе одан көп мүше мемлекет сайлаған Атқарушы директорға өзіне екі орынбасар тағайындау құқығы беріледі.
      16. Өзінің екі орынбасарын тағайындаудың шарты ретінде Атқарушы директордың Қордың хатшысына хабарлама жіберу арқылы: (i) Атқарушы директор болмағанда, екі орынбасары бір мезгілде орнында болған кезде Атқарушы директордың міндеттерін атқаратын орынбасарды; және (ii) XII бабының 3(f) бөліміне сәйкес Атқарушы директордың өкілеттіктерін жүзеге асыратын орынбасарды тағайындауы талап етіледі. Атқарушы директор Қор Хатшысының атына хабарлама жіберу арқылы осы тағайындауларды кез келген уақытта өзгерте алады.

      Атқарушы кеңестің саны және құрамы

      17. Басқарушылар кеңесі: (i) қалыптасатын нарықтардың және дамушы елдер өкілдерінің санын көбейтудің тәсілі ретінде – алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің атынан сайланған Атқарушы директорлардың санын осы Қарардың 3-параграфында жазылған талаптар қанағаттандырылғаннан кейін Атқарушы директорларды алғашқы тұрақты сайлаулардан кешіктірілмеген мерзімде екі есе қысқарту міндеттемесін және (ii) Қорға мүше мемлекеттердің Атқарушы кеңесті 24 Атқарушы директордан тұратын сандық құрамда сақтау, сондай-ақ осы Қарардың 3-параграфында жазылған талаптар қанағаттандырылған күннен кейін әрбір 8 жыл сайын Атқарушы кеңестің құрамын қайта қарау міндеттемесін назарға алады.

І қосымша. Ұсынылатын квоталар

Ұсынылатын квота
(миллион СДР)

Ұсынылатын квота
(миллион СДР)

Австралия

6.572,4

Зимбабве

706,8

Австрия

3.932,0

Израиль

1.920,9

Әзербайжан

391,7

Үндістан

13.114,4

Албания

139,3

Индонезия

4.648,4

Алжир

1.959,9

Иордания

343,1

Ангола

740,1

Иран Ислам Республикасы

3.567,1

Антигуа және Барбуда

20,0

Ирак

1.663,8

Аргентина

3.187,3

Ирландия

3.449,9

Армения

128,8

Исландия

321,8

Ауғанстан, Ислам Республикасы

323,8

Испания

9.535,5

Багам

182,4

Италия

15.070,0

Бангладеш

1.066,6

Йемен Республикасы

487,0

Барбадос

94,5

Кабо Верде

23,7

Бахрейн

395,0

Қазақстан

1.158,4

Беларусь

681,5

Камбоджа

175,0

Белиз

26,7

Камерун

276,0

Бельгия

6.410,7

Канада

11.023,9

Бенин

123,8

Катар

735,1

Болгария

896,3

Кения

542,8

Боливия

240,1

Кипр

303,8

Босния және Герцеговина

265,2

Кирибати

11,2

Ботсвана

197,2

Қытай

30.482,9

Бразилия

11.042,0

Колумбия

2.044,5

Бруней Даруссалам

301,3

Комор

17,8

Буркина Фасо

120,4

Конго Демократиялық Республикасы

1.066,0

Бурунди

154,0

Конго Республикасы

162,0

Бутан

20,4

Корея Республикасы

8.582,7

Вануату

23,8

Косово

82,6

Венгрия

1.940,0

Коста-Рика

369,4

Венесуэла, Боливариан Республикасы

3.722,7

Кот-д’Ивуар

650,4

Вьетнам

1.153,1

Кувейт

1.933,0

Габон

216,0

Қырғыз Республикасы

177,6

Гаити

163,8

Лаос Халық Демократиялық Республикасы

105,8

Гайана

181,8

Латвия

332,3

Гамбия

62,2

Лесото

69,8

Гана

738,0

Либерия

258,4

Гватемала

428,6

Ливан

633,5

Гвинея

214,2

Ливия

1.573,2

Гвинея-Биссау

28,4

Литва

441,6

Германия

26.634,4

Люксембург

1.321,8

Гондурас

249,8

Маврикий

142,2

Гренада

16,4

Мавритания

128,8

Грекия

2.428,9

Мадагаскар

244,4

Грузия

210,4

Македония, бұрынғы Югославия Республикасы

140,3

Дания

3.439,4

Малави

138,8

Джибути

31,8

Малайзия

3.633,8

Доминика

11,5

Мали

186,6

Доминикан Республикасы

477,4

Мальдив

21,2

Египет

2.037,1

Мальта

168,3

Замбия

978,2

Марокко

894,4

Ұсынылатын квоталар (тізімнің соңғы бөлігі)

Ұсынылатын
(миллион СДР)

Ұсынылатын квота
(миллион СДР)

Маршалл аралдары

4,9

Соломон Аралдары

20,8

Мексика

8.912,7

Сомали

163,4

Микронезия Федералдық Штаттары

7,2

Судан

630,2

Мозамбик

227,2

Суринам

128,9

Молдова

172,5

Сьерра-Леоне

207,4

Моңғолия

72,3

Тәжікстан

174,0

Мьянма

516,8

Таиланд

3.211,9

Намибия

191,1

Танзания

397,8

Непал

156,9

Тимор-Лешти

25,6

Нигер

131,6

Того

146,8

Нигерия

2.454,5

Тонга

13,8

Нидерланд

8.736,5

Тринидад және Тобаго

469,8

Никарагуа

260,0

Тувалу

2,5

Жаңа Зеландия

1.252,1

Тунис

545,2

Норвегия

3.754,7

Түрікменстан

238,6

Біріккен Араб Әмірліктері

2.311,2

Түркия

4.658,6

Оман

544,4

Уганда

361,0

Пәкістан

2.031,0

Өзбекстан

551,2

Палау

4,9

Украина

2.011,8

Панама

376,8

Уругвай

429,1

Папуа - Жаңа Гвинея

263,2

Фиджи

98,4

Парагвай

201,4

Филиппин

2.042,9

Перу

1.334,5

Финляндия

2.410,6

Польша

4.095,4

Франция

20.155,1

Португалия

2.060,1

Хорватия

717,4

Ресей Федерациясы

12.903,7

Орталық Африка Республикасы

111,4

Руанда

160,2

Чад

140,2

Румыния

1.811,4

Черногория

60,5

Самоа

16,2

Чех Республикасы

2.180,2

Сан-Марино

49,2

Чили

1.744,3

Сан-Томе және Принсипе

14,8

Швейцария

5.771,1

Сауд Арабиясы

9.992,6

Швеция

4.430,0

Свазиленд

78,5

Шри-Ланка

578.8

Сейшель Аралдары

22,9

Эквадор

697.7

Сенегал

323,6

Экваторлық Гвинея

157,5

Сент-Винсент және Гренадин

11,7

Эль-Сальвадор

287,2

Сент-Китс және Невис

12,5

Эритрея

36,6

Сент-Люсия

21,4

Эстония

243,6

Сербия

654,8

Эфиопия

300,7

Сингапур

3.891,9

Оңтүстік Африка

3.051,2

Сирия Араб Республикасы

1.109,8

Ямайка

382,9

Словак Республикасы

1.001,0

Жапония

30.820,5

Словения

586,5



Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі

20.155,1



Америка Құрама Штаттары

82.994,2



II қосымша Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Атқарушы
кеңесті реформалауға қатысты ұсынылып отырған түзету

      Өздерінің атынан осы Келісімге қол қоятын үкіметтер, төмендегімен өздерінің келісетіндігін білдіреді:

      1. XII баптың 3 (b) бөлімінің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(b) Төмендегі (c) тармағы ескеріле отырып Атқарушы кеңес мүше мемлекеттер сайлаған жиырма атқарушы директордан тұрады, ал Басқарушы директор оның Төрағасы болып табылады.»

      2. XII баптың 3 (с) бөлімінің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(c) Атқарушы директорларды тұрақты сайлау өткізу мақсатында Басқарушылар кеңесі әр кезде жалпы дауыс санының басым түрдегі сексен бес пайызымен жоғарыда келтірілген (b) тармағында аталған атқарушы директорлардың санын ұлғайта немесе азайта алады.»

      3. XII баптың 3 (d) бөлімінің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(d) Атқарушы директорларды сайлау Басқарушылар кеңесі қабылдайтын нұсқаулықтарға сәйкес әрбір екі жыл сайын жүргізіледі. Осы нұсқаулықтарда екі не одан көп мүше мемлекеттердің бір кандидатқа беретін жалпы дауыс санына шектеу қою көзделген.»

      4. XII баптың 3 (f) бөлімінің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(f) Атқарушы директорлар орнына басқа адамдар сайланғанға дейін өз лауазымын атқарады. Егер Атқарушы директордың лауазымы мерзім соңына аяқталғанға дейін тоқсан күннен аса бос болған жағдайда, алдыңғы Атқарушы директорды сайлаған мүше мемлекеттер осындай мерзімнің қалған бөлігіне басқа Атқарушы директорды сайлайды. Сайлау өту үшін осындай мүше мемлекеттердің басым дауысы болуы қажет. Лауазым бос болған уақыт ішінде өзінің орынбасарын тағайындау бойынша өкілеттікті қоспағанда, бұрынғы Атқарушы директордың өкілеттілігін оның орынбасары жүзеге асырады.»

      5. XII баптың 3 (і) бөлімінің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(i) (i) Әрбір Атқарушы директор өзін сайлауға қанша дауыс ұсынылса, сонша дауыс беруге құқылы.
      (іі) Осы баптың 5 (b) бөлімінің ережелері қолданылатын жағдайда өзге жағдайда Атқарушы директор басқа мән-жайларда беруге құқылы дауыс саны тиісінше ұлғаяды немесе азаяды. Атқарушы директор беруге құқылы барлық дауыс біртұтас ретінде пайдаланылады.
      (ііі) XXVI баптың 2 (b) бөлімі бойынша мүше мемлекетті дауыс беру құқығынан уақытша айыру тоқтатылған кезде, мұндай мүше мемлекет Атқарушы директорды сайлаған барлық мүше мемлекеттермен осы мүше мемлекетке бөлінген дауыстарды дауыс беру құқығынан уақытша айыру кезеңі ішінде Атқарушы директорлардың тұрақты сайлауы жүргізілмеген жағдайда, осындай Атқарушы директор бере алады, осындай дауыс беру құқығынан уақытша айыруға дейін осындай мүше мемлекет сайлануына қатысқан Атқарушы директор не L толықтыруының 3 (с) (i) тармағына сәйкес немесе жоғарыда келтірілген (f) шағын бөлімшеге сәйкес сайланған осындай Атқарушы директордың құқықтық мұрагері көрсетілген мүше мемлекетке қанша дауыс бөлінсе, сонша дауыс береді деген уағдаластыққа қол жеткізуі мүмкін. Бұл жағдайда мүше мемлекет қарастырылып отырған мүше мемлекетке қанша дауыс бөлінген болса, сонша дауыс құқығына ие Атқарушы директорды сайлауға қатысқан болып саналады.».

      6. XII баптың 3 (j) бөлімінің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(j) Басқарушылар кеңесі мүше мемлекет мәжілісте осындай мүше мемлекеттің өтініші қаралатын немесе осы мүше мемлекет үшін ерекше маңызы бар мәселе талқыланатын Атқарушы кеңестің кез келген мәжілісіне қатысу үшін өкілін жібере алатын нұсқаулықтарды қабылдайды.».

      7. XII баптың 8-бөлімінің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «Қор кез келген уақытта ресми емес тәртіппен кез келген мүше мемлекетке осы Келісімнің шеңберінде туындайтын кез келген мәселе бойынша өзінің ұстанымын хабарлауға құқылы. Қор жалпы дауыс санының басым түрдегі жетпіс пайызымен оның ақша-кредит немесе экономикалық саласында қалыптасқан жағдайларға және мүше мемлекеттердің сыртқы төлем баланстарында тепе-теңдіктің күрделі бұзылуына тікелей әкелетін оқиғаларға қатысты мүше мемлекетке ұсынылған баяндаманы жариялау туралы шешім қабылдай алады. Осындай мүше мемлекет осы баптың 3 (j) бөліміне сәйкес өкілдік ашуға құқылы. Қор мүше мемлекеттердің экономикалық құрылғысының базистік құрылымындағы өзгерістерді көрсететін баяндамаларды жарияламайды.».

      8. XXI баптың (a) (ii) тармағының мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(a) (ii) Атқарушы кеңестің тек арнайы қарыз алу құқықтары департаментіне қатысты мәселелері жөніндегі шешімдеріне байланысты қатысушы болып табылатын кем дегенде бір мүше мемлекет сайлаған Атқарушы директорлар ғана дауыс бере алады. Осы Атқарушы директорлардың әрқайсысы қатысушылар болып табылатын және оның сайлануына дауыс берген мүше мемлекеттер қанша дауыс бөлсе, сонша дауыс беруге құқылы. Кворумның бар екенін белгілеу үшін не шешім талап етілген көпшілік дауыспен қабылданған не қабылданбаған анықтау үшін тек қатысушы мемлекеттер болып табылатын мүше мемлекеттер сайлаған Атқарушы директорлардың қатысқаны және қатысушылар болып табылатын мүше мемлекеттер бөлген дауыстар ғана ескеріледі.».

      9. XXIX баптың (a) тармағының мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(a) Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде кез келген мүше мемлекет пен Қор арасында не Қордың кез келген мүше мемлекеттері арасында туындайтын кез келген мәселе Атқарушы кеңестің қарауына шығарылады. Егер қаралатын мәселе мүше мемлекетке ерекше қатысты болса, онда осы мүше мемлекет XII баптың 3 (j) бөліміне сәйкес өкілдік ашуға құқылы.».

      10. D толықтыруының 1 (a) абзацының мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(a) Әрбір мүше мемлекет немесе қанша дауыс бөлінсе, сонша дауыс беру құқығын бір Атқарушы директорға берген мүше мемлекеттердің әрбір тобы Кеңеске мүше мемлекет үкіметінде басқарушы, министр немесе дәрежесі бойынша теңестірілген лауазымды иеленуші адам болып табылатын Кеңестің бір мүшесін тағайындайды және жетіден аспайтын көмекші тағайындай алады. Берілген дауыстардың жалпы санының басым түрдегі сексен бес пайызын жинаған Басқарушылар кеңесі тағайындалуы мүмкін көмекшілер санын өзгерте алады. Кеңес мүшесі немесе көмекші өз лауазымдарын жаңа тағайындау жүргізілген кезге дейін не бұрынғы болғанына қарай келесі Атқарушы директорларды сайлағанға дейін иеленеді.».

      11. D толықтыруының 5 (e) абзацының мәтіні алынып тасталсын.

      12. D толықтыруының 5 (f) абзацы D толықтыруының 5 (e) абзацы болып қайта нөмірленсін, ал жаңа 5 (e) абзацының мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(e) Егер Атқарушы директор XII баптың 3 (i) (ііі) бөліміне сәйкес мүше мемлекетке дауыстарды беруге құқылы болса, осындай Атқарушы директорды сайлаған мүше мемлекеттер тобымен тағайындалған Кеңес мүшесі дауыс беру құқығына ие болады және сол мүше мемлекетке қанша дауыс бөлінсе, сонша дауыс бере алады. Мұндай мүше мемлекет дауыс беру құқығына ие болатын және сол мемлекетке қанша дауыс бөлінсе, сонша дауыс бере алатын Кеңес мүшесін тағайындауға қатысқан болып саналады.».

      13. E толықтыруы абзацының мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «Атқарушы директорларға қатысты өтпелі ережелер

      1. Осы толықтыру күшіне енгеннен кейін:
      (а) XII баптың 3 (b) (i) немесе 3 (c) бөлімдерінің бұрынғы ережелеріне сәйкес тағайындалған және осы Толықтыру күшіне енген сәтке дейін лауазымын тікелей иеленген әрбір Атқарушы директор оны тағайындаған мүше мемлекеттен сайланған болып есептеледі, және
      (б) XII баптың 3 (i) (iii) бөліміне сәйкес осы толықтыру күшіне енгенге дейін мүше мемлекетке қанша дауыс бөлінсе, тікелей сонша дауыс берген әрбір Атқарушы директор осы мүше мемлекеттен сайлаған болып есептеледі.».

      14. L толықтыруының 1 (b) абзацының мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(b) Басқарушыны немесе Басқарушының орынбасарын тағайындамайды, Кеңес мүшесін немесе Кеңес мүшесінің орынбасарын тағайындамайды және тағайындауға қатыспайды, Атқарушы директорды сайламайды және оны сайлауға қатыспайды.»

      15. L толықтыруының 3 (c) абзацы кіріспесінің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      «(c) Мұндай мүше мемлекет тағайындаған не оны сайлауға осындай мүше мемлекет қатысқан Атқарушы директор уақытша дауыс беру құқығынан айырылмаған басқа мүше мемлекеттерге қанша дауыс бөлінсе, сонша дауыс беру құқығына ие болған Атқарушы директорды қоспағанда, иеленіп отырған лауазымынан босатылады. Соңғы жағдайда:».
      Басқарушылар кеңесі 2010 жылғы 15 желтоқсанда күшіне енетін жоғарыда келтірілген Қарарды қабылдады.

      Осы арқылы бұл мәтіндердің Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылар Кеңесінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 63-2, 2008 жылғы 5 мамырдағы № 63-3 және 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 66-2 қарарларының расталған көшірмелерінің қазақ тіліне дәлме-дәл аудармасы болып табылатындығын растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкі
      Төрағасының орынбасары                     Қ. Қожахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады