Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы
экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-кұжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-кұжат; № 7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117- құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27- құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97- құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; №51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 150-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алынған (алынуға жататын) кірістерді осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінен алынған кірістерге жатқызу дербес кластерлік қордың Қазақстан Республикасыңың Үкіметі белгілеген тәртіппен және нысан бойынша берілген растауының негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Салық заңнамасына қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым туралы арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілген күннен кейін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда мұндай ұйым, егер салық заңнамасына осындай өзгерістер мен толықтырулар:
жер салығын, мүлік салығын және жер учаскелерін пайдалану ақысын есептеген кезде қолданылатын коэффициентерді және (немесе) мөлшерлемелерді;
корпоративтік табыс салығын есептеген кезде азайту мөлшерін алып тастауды және (немесе) өзгертуді көздейтін болса, осы Кодекстің 17-тарауының осы тармақта көрсетілген күні қолданыста болған ережелерін қолданады.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жасалған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде, бірақ осындай өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап талап қою мерзімінен аспайтын мерзімге қолданылады.»;
2) 151-1-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімнен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»;
3) 151-2-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»;
4) 151-3-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»;
5) 151-4-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»;
6) 151-5-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»;
7) 151-6-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»;
8) 151-7-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»;
9) 151-8-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент»;»;
10) 151-9-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»;
11) 151-10-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент»;»;
12) 245-бапта:
1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған кұн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттар талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.
Егер, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, нөлдік мөлшерлеме бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісімшартының, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану келісімшартының, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды беру шарты;».
2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009, № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
27-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағында объектілерді (әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік, тұрмыстық, тұрғын үй мақсатындағы ғимараттарды қоспағанда) жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және пайдалану кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ стандарттарын қолдануға жол беріледі. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағында объектілерді (әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік, тұрмыстық, тұрғын үй мақсатындағы ғимараттарды қоспағанда) салу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ стандарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.».
3. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж.,№ 11, 63-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі - Бірыңғай үйлестіру орталығы) - міндеттері арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын дамыту, ілгерілету және арттыру болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушінің, арнайы экономикалық аймақ қатысушысының жобасы (бұдан әрі - жоба) – басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін заманауи, өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді ашуды көздейтін іс-шаралар кешені;»;
«7-2) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы – жобаны іске асыруға қызығушылық танытатын тұлға;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау;»;
3) 5-бапта:
8-2) және 8-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-2) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке және (немесе) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі өтеулі пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту;
8-3) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке және (немесе) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі өтеулі пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгі шартын бекіту;»;
мынадай мазмұндагы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) өтініш берушілердің жобаларын іріктеудің тәртібін және өлшемшарттарын бекіту;»;
мынадай мазмұндаы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
«12-2) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін, оларды тарату үшін негіз болып табылатын нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейін бағалау әдістемесін және қажетті де жеткілікті индикаторлардың тізбесін бекіту;»;
4) 7-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақты қүрудың орындылығы не оны құру жөніндегі ұсынысты қабылдамау туралы мәселені қарайды.
Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақты кұру тұжырымдамасының уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкестігін тексереді және арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жазбаша дәйекті жауап жібереді.
Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасы көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оны сарапшылық кеңестің қарауына жіберуге тиіс, ол арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс уәкілетті органға енгізілген кезден бастап құрылады.
Сарапшылық кеңестің құрамын құрылатын арнайы экономикалық аймақ қызметі түрінің ерекшеліктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
Сарапшылық кеңес уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды дайындайды.
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Техникалық-экономикалық негіздеме сараптамаларының қорытындысын алғаннан кейін күнтізбелік қырық күн ішінде уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақ құрудың қоршаған ортаға әсері бағаланған тиісті техникалық-экономикалық негіздеменің тұжырымдамасын, сарапшылық кеңестің қорытындысын қоса бере отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау, оларды тарату үшін негіз болып табылатын нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейін және қажетті де жеткілікті индикаторлардың тізбесін айқындау уәкілетті орган айқындайтын әдістемеге сәйкес жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі заңды тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертудің негіздемесін (оның ішінде қаржылық-экономикалық есеп-қисаптарды) ұсына отырып, уәкілетті органға енгізеді.
Ұсынысты бірнеше заңды тұлғалар бірлесіп беруі мүмкін.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту туралы ұсыныстың орындылығы туралы не оны қабылдамау туралы мәселені уәкілетті орган осындай ұсыныс енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган:
1) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту орынсыз болған;
2) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
3) ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері туындаған және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болған;
5) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту туралы ұсыныс негізді болмаған жағдайларда арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңдарын өзгерту туралы ұсынысты осындай ұсыныс енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылдамай, кері қайтарады.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту туралы ұсынысты орталық немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген жағдайда техникалық-экономикалық негіздемені түзетуге бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамау арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту туралы ұсыныспен кейіннен жүгінуге кедергі болып табылмайды.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту туралы ұсынысты енгізген тұлға арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгертудің орындылығы туралы хабарламаны алған күннен бастап үш ай ішінде оның қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, құрылған арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін түзетуді қамтамасыз етеді.
Қажет болған жағдайда уәкілетті орган құрылған арнайы экономикалық аймақтың түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті сараптамаларын жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді. Инвесторлар техникалық-экономикалық негіздеменің тәуелсіз сараптамасын жүргізе алады.
Мемлекеттік органдар құрған арнайы экономикалық аймақтың түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптама жүргізуді түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме уәкілетті органға берілген күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзім ішінде аяқтауға тиіс.
Түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме сараптамаларының қорытындысы алынған күннен кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оның қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, құрылған арнайы экономикалық аймақтың түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесін қоса беріп, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және алаңын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.»;
5) 8-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі.
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері басқарушы компанияға, дербес кластерлік қорға арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі.
Басқарушы компания, дербес кластерлік қор қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруге кұқылы.
Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілері басқарушы компанияға, дербес кластерлік қорға жалға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды толықтыру есебіне берілуі мүмкін.
Басқарушы компания, дербес кластерлік қор қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілерін беруі мүмкін.»;
6) 11-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінімді қарау кезінде өтініш берушілердің жобаларын іріктеудің уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттары мен тәртібін қолданады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтініш берілген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеудің өлшемшарттарына сәйкес келмеген және (немесе) табыс етілген құжаттар осы Заңның 10-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш берушімен қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініш берілген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне және өтініш берушілердің жобаларын іріктеудің өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалғаны туралы хабарлама алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді енгізеді және бұл туралы басқару органын хабардар етеді.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шарт бұзылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық қызметі органдарын және кеден органдарын қызметті жүзеге асыру туралы шарттың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.»;
7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесінен
айыру рәсімі
1. Басқару органы арнайы экономикалық аймақ қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Басқару органы арнайы экономикалық аймақ қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны туралы және бұзушылықтарды күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы көрсетілген ескертпелерді жою жөнінде тиісті шаралар қолданбаған жағдайда, басқару органы арнайы экономикалық аймақ қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын хабардар етеді.
2. Басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы арнайы экономикалық аймақ қатысушысын, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарын арнайы экономикалық аймақ қатысушысына уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын бұзу қажеттігі туралы хабардар етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде арнайы экономикалық аймақ қатысушысына уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын бұзады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шарт бұзылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы салық қызметі органдарын, кеден органдарын, уәкілетті органдарды хабардар етеді.»;
8) 12-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болған кезде қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға белгіленген тәртіппен шарт жасасуға міндетті.
Мердігерлер жүзеге асыратын қызметтің қосалқы түрлері жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сипаты бойынша басым қызмет түрлерімен бірдей болмауға тиіс.»;
9) 17-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекетке тиесілі басқарушы компаниялардың акциялары бірыңғай үйлестіру орталығына сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
Мемлекетке тиесілі басқарушы компаниялардың акциялары сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда бірыңғай үйлестіру орталығы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында айқындалған мөлшерде басқарушы компаниялардың акцияларын сенімгерлікпен басқарғаны үшін сыйақы алуы мүмкін.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Акционерлер басқарушы компанияның директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған адамдардың ішінен, лауазымы бойынша басқарушы компанияның стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі директорлар кеңесі комитетін басқаратын тәуелсіз директорды, сондай-ақ бірыңғай үйлестіру орталығы ұсынған адамдардың ішінен тәуелсіз директорды сайлайды.»;
10) 18-бапта:
бірінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін кейінгі жер пайдалануға немесе пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына ұсыну;»;
10) тармақшадағы «жүргізу жатады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) арнайы экономикалық аймақты дамыту жоспарын әзірлеу;
12) арнайы экономикалық аймақтың маркетингілік стратегиясын әзірлеу;
13) арнайы экономикалық аймақта жаңа өндірістерді құру бойынша маркетингілік зерттеулер жүргізу;
14) арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде, бизнес-форумдар, көрмелер, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
15) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушыларын, арнайы экономикалық аймақтың өтініш берушілерін, қатысушыларын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде, арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушыларының, арнайы экономикалық аймақтың өтініш берушілерінің, қатысушыларының мемлекеттік органдармен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру;
16) арнайы экономикалық аймақта индустриялық-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тарту;
17) «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушыларымен, арнайы экономикалық аймақтың өтініш берушілерімен, қатысушыларымен өзара іс-қимыл және жұмыс жасау;
18) коммуналдық, логистикалық және сервистік қызметтерді ұсыну;
19) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларына қатысу жатады.»;
11) мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-баптармен толықтырылсын:
«18-1-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының құқықтық жағдайы
1. Бірыңғай үйлестіру орталығының қызметі осы Заңмен, мемлекеттік мүлік, акционерлік қоғамдар саласындағы заңнамамен, сондай-ақ оның ішкі құжаттарымен реттеледі.
2. Бірыңғай үйлестіру орталығының мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды тиімді және тұрақты дамыту мақсатында бірыңғай үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландырудың кез келген көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
18-2-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктері
Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік органдармен, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының акционерлерімен, басқару органдарымен және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен қатысушыларды тіркеу, арнайы экономикалық аймақтардың жер учаскелерін бөлу, арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру және дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) уәкілетті органға арнайы экономикалық аймақтар қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
3) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлікпен басқару;
4) Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету, оның ішінде:
арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымы объектілерінің жағдайын мониторингілеу;
арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жоспарларын және өтініш берушілерді іріктеудің өлшемшарттарын әзірлеу; арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарын қаржыландыруды жоспарлау, арнайы экономикалық аймақтарды қаржыландыру (бюджетті жасау және топтастыру) жоспарларын әзірлеу; арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарына басқару модельдерін, ішкі бизнес-процестер мен корпоративтік құжаттарды әзірлеу және енгізу; арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарының қызметін жетілдіру бойынша; арнайы экономикалық аймақтарды ілгерілету жоспарын әзірлеу, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарының қызметкерлерін оқыту жөнінде ұсынымдар (ұсыныстар) әзірлеу жөнінде қызмет көрсету;
нарыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық аймақтардың маркетингілік стратегиясын әзірлеу жөнінде арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарына консультация беру;
нысаналы маркетинг жүргізу;
отандық арнайы экономикалық аймақтардың мүмкіндіктерін халықаралық нарықтағы әлеуетті қатысушылардың нысаналы тобына қарай ілгерілеуін қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық аймақтарға әлеуетті салалық және инфрақұрылымдық инвесторларды тартуға жәрдем көрсету;
арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушыларының қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде әлеуетті қатысушылардың мемлекеттік органдармен, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарымен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъктілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру, арнайы экономикалық аймақтар тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, көрмелер, конференциялар және семинарлар өткізу;
өтініш берушілердің жобаларына сараптама жүргізу;
қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингілеу;
уәкілетті органның стратегиялық құжаттарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуіне жәрдем көрсету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қызметтің өзге де түрлері жатады.»;
11) 19-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыным енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Атқарушы органның басшысымен не арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының атқарушы органы қызметін жеке-дара атқаратын тұлғамен еңбек қатынастарын тоқтатқан жағдайда, басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган еңбек қатынастарын тоқтатуды келіскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп жүргізеді.»;
12) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалу мониторингін арнайы экономикалық аймақтың басқару органдарының есептілік нысанында беретін ақпарат, сондай-ақ осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары туралы ақпарат негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және бірыңғай үйлестіру орталығы жүргізеді.»;
13) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жарғылық капитал ретінде енгізілген қаражат».
2-бап. Осы Заң:
осы Заңның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын;
осы Заңның 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағы 3) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын 6) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының
Президенті