"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1301 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және саны 25181 адам әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2014 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында әскери қызметке шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін.»;
      345-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы бөлу шегінде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады