Орталық Африка Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Орталық Африка Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің айырбастау күнгі ресми бағамы бойынша 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
Special Bank Account: BSIC-CENTRAFRIQUE S.A.
Account: DOUADJI, SOS PEUPLES DEPLACES (SOS DISPLACED PEOPLE)
Domiciliation: AGENCE CENTRALE PKO, CENTRE VILLE BANGUI
Beneficiary: Douadji, association d’assistance aux peuples deplaces (Association for assistance to displaced people «Douadji»)
Address: Code postal 5426
Batiment 12 Avenue des Martyrs
Bangui
Republique Centrafricaine
RIB: 20005 00050 371 300 833 00 40
IBAN: FR76 4389 9000 01924 000 151056
Bank: BANQUE SAHELO-SAHARIENNE POUR L,INVESTISSEMENT ET LE COMMERCE
Swift: BSAHCFCH
Address: Avenue Mobutu, PKO, Bangui Centre Ville
Tel.: (+236) 21 61 27 48
Fax:(+236) 21 61 27 78
BP: 864 Bangui, RCA
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов