"Мемлекеттік-жекешілік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1413 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы

      Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның түрлерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу, орындау және тоқтату үдерісінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жекеше әріптес – осы Заңға сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлға (не жай серіктестік, консорциум);
      2) конкурсты ұйымдастырушы – жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты өткізуді ұйымдастырушы тұлға;
      3) қолжетімділік үшін төлемақы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдаланушылық және сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің жеке техникалық-экономикалық параметрлерін негізге ала отырып, аталған объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз еткені үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын төлем;
      4) мемлекеттік әріптес – Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган, сондай-ақ олар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуға уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар және/немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан, дауыс беретін акцияларының елу немесе одан да көп пайызы (жарғылық капиталда қатысу үлестері) мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері;
      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – осы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін, мемлекеттік және жекешелік әріптестер арасындағы ынтымақтастық нысаны;
      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы – осы Заңға сәйкес шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипатқа ие мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттаманы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасында келiссөздер жүргiзу үдерісінде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер;
      8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындарды өтеу – республикалық немесе жергілікті бюджеттен мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемінің орнын толтыру;
      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану кезеңінде республикалық немесе жергілікті бюджеттерден мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының операциялық шығындарының белгілі бір көлемінің орнын толтыру;
      10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы қызметі мақсаттарының, міндеттерінің, негізгі бағыттарының сипаттамасын, кіріс көздерін, мемлекеттік қолдау шараларын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан түсетін пайда алушылардың сипаттамасын көздейтін құжат;
      11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік және жекеше әріптес бірлесіп құрған заңды тұлға;
      12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері – құрылуы, реконструкциялануы, жаңғыртылуы және/немесе пайдаланылуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүлік, мүліктік кешендер. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында енгізілуге жататын инновация да мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі ретінде қаралады;
      13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тараптары – мемлекеттік әріптес және жекеше әріптес, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де тұлғалар;
      14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын iске асырудың өзге де шарттарын айқындайтын мемлекеттік және жекешелік әріптестер мен өзге де тараптар арасындағы жазбаша келiсiм;
      15) оператор – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы болып табылмайтын заңды тұлға;
      16) өмірлік цикл келісімшарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалау, салу (реконструкциялау) жөніндегі жұмыстардың толық циклін, оны пайдалануды (жөндеу мен күтіп-ұстауды қоса алғанда), сондай-ақ шарттың бүкіл қолданылу мерзімі (объектінің өмірлік циклі) ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің белгіленген техникалық-пайдалану көрсеткіштеріне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді көздейтін шарт;
      17) сала операторы – жер қойнауын пайдалану жөніндегі жүйелі оператор, ұлттық компания, ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық теміржол компаниясы, ұлттық жүк тасымалдаушы, ұлттық жолаушы тасымалдаушы, автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілі бір экономика саласында (аясында) ұлттық оператордың не оператордың атқарымын орындайтын өзге де заңды тұлға;
      18) сервистік келісімшарттар – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет ету жөнінде қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары;
      19) ықтимал жекеше әріптес – жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысатын не тікелей келіссөздер арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуға үміткер тұлға.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік
             әріптестік туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленеді.
      4. Осы Заңның ережелері осы Заңның 4-бабында көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілеріне сәйкес келмейтін, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау шарттарын, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын жасасу, орындау және тоқтату үдерісінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
      5. Жекеше әріптесті конкурстық іріктеу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу, орындау және тоқтату, сондай-ақ мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну рәсімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгілік қағидаларының нормалары қолданылмастан, осы Заңға және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі
             міндеттері мен қағидаттары

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және жекеше әріптестердің тиімді өзара іс-қимыл жасауы үшін жағдай жасау;
      2) мемлекеттік меншіктегі мүлікті пайдалану тиімділігін арттыру;
      3) әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін жекеше әріптестердің қаражаттарын (бюджеттен тыс қаражаттарын) тарту;
      4) бюджет қаражатын тиімді пайдалану;
      5) халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру;
      6) инновациялардағы қызметті, ғылыми қамтылымды өндірістерді дамыту;
      7) әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрмысты қамтамасыз ету объектілерін дамыту мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) дәйектілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қатысушылары арасында шарттық негізде орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынас орнату;
      2) конкурстық қағидат – осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау;
      3) теңгерiмдiлiк қағидаты – тәуекелдердi, пайданы, кепiлдiктер мен мiндеттердi мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң қатысушылары арасында өзара тиiмдi бөлiсу;
      4) нәтижелiлiк қағидаты – мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң нәтижелерiне қол жеткiзудi бағалауға мүмкiндiк беретiн критерийлер мен көрсеткiштердi белгiлеу;
      5) экологиялық қағидаты – қоршаған ортаны қорғау талаптары мен жасыл экономика қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру;
      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тараптарының қарым-қатынастары теңқұқылы әріптестік сипатқа ие мемлекеттік-жекешелік әріптестік тараптарының теңқұқықтық қағидаты мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары болып табылады.

      4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілеріне мыналар:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қатысуы;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты 3 жылдан 30 жылға дейін);
      3) қарым-қатынас тараптар арасында жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының негізінде орнатылады;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мақсатына қол жеткізу үшін жекеше әріптес пен мемлекеттік әріптестің ресурстарын біріктіру жатады.
      Мемлекет пен белгілі бір тұлға арасындағы осы бапта жазылған белгілерге сай келмейтін қарым-қатынастар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жөніндегі қарым-қатынастар болып табылмайды.

      5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері

      1. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының субъектілері (тараптары) болып табылады.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бірнеше мемлекеттік және жекешелік әріптестер субъектілер болып табыла алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа, мыналар:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қаржыландыруды ұсынатын қаржылық және басқа да ұйымдар;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік іске асырылатын саланың операторы болып табылатын ұйымдар;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру барысында құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының субъектілері (тараптары) болып табылады.

      6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының
             операторы

      1. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бір немесе бірнеше операторларын тағайындауға құқылы, олар туралы мәліметтер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына енгізіледі.
      2. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптес алдында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы операторының іс-әрекеттері үшін жауапты болады.
      3. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы операторын мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы айқындайды.

      7-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік түрлері

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүзеге асыру тәсілі бойынша институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.
      2. Институционалдық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiкті жарғылық капиталға мемлекеттік және жекеше әріптестер қатысатын заңды тұлғалар iске асырады. Мұндай тұлғалардың қызметі мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартына сәйкес мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасын іске асыруға бағытталған.
      3. Келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк белгілеріне сәйкес келетін шарттарды, оның ішінде мынадай түрлерін:
      1) концессия;
      2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару;
      3) мемлекеттік мүлікті жалдау;
      4) лизингтік қатынастар;
      5) технологиялар әзірлеуге, тәжірибелік үлгілер дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және аз сериялы өндіріске жасалатын шарттар:
      6) өмірлік цикл келісімшарттары;
      7) сервистік келісімшарттар;
      8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілеріне сәйкес келетін өзге де шарттар жасау арқылы іске асырылады.
      Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін іске асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.

      8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды беруге болмайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық салаларында (аясында) жүзеге асырылуы мүмкін.

      9-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық
             және жергілікті жобалары

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
      2. Мыналар:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi меншік ретiндегi меншiк түрi бойынша;
      2) пайда алушылар бойынша республикалық ретінде, егер пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, және жергiлiктi ретiнде, егер пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергiлiктi жобаларын айқындау критерийлерi болып табылады.

      10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске
              асыру

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мынадай реттіліктегі сатылардан өту арқылы жүзеге асырылады:
      1) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының, жергілікті атқарушы органның, жеке кәсіпкерлік субъектісінің, коммерциялық емес ұйымның жобаның тұжырымдамасын әзірлеуі;
      2) жекеше әріптесті таңдау;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;
      4) тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын орындауы;
      5) жобаны аяқтау.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін және тараптар өздеріне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталған деп есептеледі.

      11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қаржыландыру,
              мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері
              немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік
              компаниясы шығындарының орнын толтыру және табыс
              алу көздері

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қаржыландыру:
      1) жекеше әріптестің меншікті қаржы ресурстары;
      2) белгіленген заңнама тәртібімен қарызға алынған қаржы ресурстары;
      3) мемлекеттік бюджет қаражаты;
      4) ұлттық даму институттарының қаражаты;
      5) жарғылық капиталға қатысу үлестерінің елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Мыналар:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындарды өтеу;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу;
      5) мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы;
      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қолжетімділік үшін төлемақы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері болып табылады.
      3. Жобалық қаржыландыруды пайдаланып, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қаржыландыру осы Заңның ережелері ескеріле отырып, жобалық қаржыландыру туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына шығындардың орнын толтыру тәртібі бюджет заңнамасында айқындалады.

      12-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске
              асыру кезінде пайдаланылатын мүліктің құқықтық
              режимі

      1. Егер осы Заңда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, тараптарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін берілген мүлікті олардың пайдалануы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін ғана Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және онымен байланысты өзге де мүлікті екінші тараптың келісімімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша аталған объектіні пайдалану (іске қосу) мерзімінен аспайтын мерзімге үшінші тұлғалардың пайдалануына мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша беруші тараптың міндеттемелерін үшінші тұлғалардың сақтауы шартымен беруге құқылы. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының беруші тарапы үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін де өзінің әрекетіндей жауап береді.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптес жекеше әріптеске берген өзге де мүлік жекеше әріптестің балансына беруге жататын жағдайларда, бұл объектілер жеке әріптестің мүлкінен бөлектенеді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты жүзеге асырылатын жеке есепке алуда көрсетіледі.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруды қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша аталған объект мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекет меншігіне беруге жатады.
      5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншікке беруге жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін кепілге беруге жол берілмейді.
      6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша күтілетін ақша төлемдерін кепілге қою мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін
              пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары

      1. Жекеше әріптес және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын басқа да тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қайшы келмейтін көлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың мынадай:
      1) осы қызметтерге, жұмыстарға немесе тауарларға сұранысты қанағаттандыру мақсатында қызметтер көрсету, жұмыстар орындау және тауарлар ұсыну параметрлерін бейімдеу;
      2) қызметтер көрсетудің, жұмыстар орындаудың, тауарлар ұсынудың үздіксіздігін қамтамасыз ету қағидаттарын сақтауға міндетті.
      2. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптеспен немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануды реттейтін қағидаларды енгізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      3. Жекеше әріптес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға немесе тауарлар ұсынуға қатысты бір тұлғаға басқалар алдында артықшылық жасауға құқылы емес.

      14-бап. Мемлекеттік және жекеше әріптестер арасында
              тәуекелдерді бөлу

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі сатыларында туындайтын тәуекелдер тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
      2. Мемлекеттік және жекеше әріптестер арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ олардың туындау ықтималдылығын азайту және орын алған тәуекелдердің жағымсыз салдарын жою жөніндегі қажетті шаралар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бекітіледі.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында жоба бойынша тәуекелдерді бөлу (тәуекелдерді басқару) тәуекелдерді барынша аз шығынмен озық түрде басқара алатын тарапқа оларды жүктеу шартымен жобаның ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының
              тізбесі

      1. Іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің жобаны іске асыру ниетінің растамасы болып табылады, ол барлық мүдделі тұлғаларды кеңінен хабардар етуге бағытталған және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының интернет-сайтында тұрақты түрде орналастырылып отырады.
      2. Іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не жергілікті өкілді орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің
құқықтары мен заңды мүдделеріне берілетін кепілдіктер

      16-бап. Жекеше әріптестер құқықтарына берілетін
              кепілдіктер

      1. Жекеше әріптеске Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған инвестицияларға, өнімдер мен табыстарға еркін билік етуге кедергі келтіретін кемсітушілік сипатындағы шаралардың қолданылуын болғызбайтын қызметтің құқықтық режиміне кепілдік беріледі.
      2. Жекеше әріптестің құқықтары мен заңды мүдделері толық және сөзсіз қорғалады, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ халықаралық шарттармен кепілдік беріледі.
      3. Жекеше әріптестің мынадай мән-жайлар:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптестің қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау;
      2) жекеше әріптестің шаруашылық қызметіне негізсіз араласуды қоса алғанда, жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін, Қазақстан Республикасының қандай да бір мемлекеттік органының шешімдер қабылдауы немесе әрекеттер жасауы;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген өзге де мән-жайлартуындаған жағдайда, шартқа қол қойған немесе оны кейіннен өзгерткен күндегі өзінің мүліктік мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын өзгертуге құқығы бар.
      4. Жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) кеткен шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
      5. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптестердің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындаумен байланысты қызметіне араласуға құқығы жоқ.
      6. Жекеше әріптестер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін, өз қызметінен алған таза табысты өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
      7. Жекеше әріптестің мүлкін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға (ұлттандыруға, мемлекет меншігіне алуға) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.
      8. Жекеше әріптеске осы бапқа, сондай-ақ осы Заңның 32-бабының 2) және 6) тармақтарына сәйкес берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес іске асырылады.

      17-бап. Мемлекеттік әріптестер құқықтарына берілетін
              кепілдіктер

      1. Мемлекеттік әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу кезінде оның құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік беріледі:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген мақсаттарға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысын, оның ішінде инфрақұрылым құру жөніндегі міндеттердің сақталуын, оны құруға, оған техникалық қызмет көрсетуге инвестициялардың жүзеге асырылуын және инфрақұрылымды пайдалану жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігіне;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде қызметті жүзеге асыруға жататын құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуіне;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының басқару органдарына жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы ретінде әрекет ететін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының қатысу құқығына;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптес жол берген мемлекет мүдделерін бұзушылықтарды жоюды талап ету құқығына кепілдік беріледі.
      2. Мемлекеттік әріптеске осы бапқа, сондай-ақ осы заңның 32-бабының 2) және 6) тармақшаларына сәйкес берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес іске асырылады.

      18-бап. Кредиторлар құқықтарының кепілдіктері

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қаржыландыруға мүдделі қаржы және өзге де ұйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттаманы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысуға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қаржыландыру схемасы бойынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бұзу жағдайларында тартылатын қарыздар, төлемдер мен өтемақылар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

      19-бап. Сала операторлары мен мемлекеттік-жекешелік
              әріптестіктің өзге де субъектілері құқықтарының
              кепілдіктері

      Сала операторлары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өзге де субъектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген олардың құқықтарына, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптар ескеріле отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысы туралы ақпаратты кедергісіз алу құқығына кепілдік беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы
мемлекеттік реттеу

      20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктері

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында:
      1) оларға қатысты жекеше әріптесті таңдау жөніндегі жабық конкурс өткізуге жол берілетін объектілер тізбесін бекітеді;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындайды;
      3) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      21-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
              органның өкілеттіктері

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларын қалыптастырады және бекітеді;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылық етуді жүзеге асырады;
      3) конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобалары бойынша шарт жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі сатыларында туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті таңдау жөнінде конкурс өткізу, тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуы мониторингі мен оларды бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекітеді;
      6) экономиканың түрлі салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестік түрлері бойынша үлгілік конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы үлгілік шарттарды бекітеді;
      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекітеді;
      8) жекеше әріптесті таңдау критерийлерін бекітеді;
      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына және нәтижелерге қол жеткізуге бағалау жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына, конкурстық құжаттамаға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасына сараптама жүргізу үшін, оның ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;
      10) мемлекеттік-жекешелік әріптестікке жосықсыз қатысушылардың тізбесін жүргізеді;
      11) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де атқарымдарды жүзеге асырады.

      22-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
              органның өкілеттіктері

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларының тізбесін келіседі;
      2) конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларына қатысты оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері шарттарын жасасады, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелерінің қабылдануын және орындалуын есепке алуды жүзеге асырады;
      5) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      23-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті
              мемлекеттік органның өкілеттіктері

      Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді;
      2) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторингті өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
      4) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      24-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының
              өкілеттіктері

      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:
      1) тиісті саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасының тұжырымдамасын әзірлейді және бекітеді;
      2) тиісті саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасына қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады;
      3) тиісті саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасайды;
      4) шарттық қатынастарды орындау кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жасалған республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ақпарат береді және осы ақпаратты ақпараттандыру саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды;
      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;
      7) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша бұрын жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жекешелік әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа жекеше әріптестерді тартуды ұйымдастырады;
      8) табиғи монополиялар саласында және реттелмелі нарықтарда реттеу және бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын реттелмелі қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер (бағалар, мөлшерлемелер, алымдар) мөлшерін қалыптастыру және бекіту бөлігінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
      9) осы Заңның 20-бабының 5) тармақшасында көзделген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына салалық қорытынды дайындайды;
      10) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      25-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы
              өкілді органдардың құзыреті

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мәслихаттары:
      1) іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесін бекітеді;
      2) жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыру барысы туралы есебін тыңдайды;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де атқарымдарды жүзеге асырады.

      26-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
              астананың) жергілікті атқарушы органдарының
              өкілеттіктері

      1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астаның) әкімдігі өз құзыреті шегінде:
      1) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыруға уәкілетті заңды тұлғаны айқындайды;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тұжырымдамасына, конкурстық құжаттамасы мен шартының жобасына сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаны айқындайды;
      3) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      2. Тиісті саланың жергілікті атқарушы органдары:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобасының тұжырымдамасын әзірлейді және бекітеді;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасау кезінде тиісті өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларына қатысты конкурсты ұйымдастырушыға ұсыныстар енгізеді;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурсты ұйымдастырушылар ретінде әрекет етеді;
      4) конкурстық комиссияның шешімі негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасайды;
      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторингті, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады және мониторинг пен бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөнінддегі жергілікті атқарушы органға жібереді;
      6) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      3. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесін келіседі;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;
      4) осы Заңда өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де атқарымдарды жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы орган:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесін қалыптастырады;
      2) тиісті салаланың жергілікті атқарушы органдарынан коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау жасау бойынша есептерді қабылдайды;
      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау жасау бойынша жиынтық есепті жібереді;
      4) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де атқарымдарды жүзеге асырады.

      27-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту
              орталығы

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мынадай өкілеттіктерді:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді және ұсынымдар әзірлеуді;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларының тұжырымдамасына, оның ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптамалар жүргізуді;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларының конкурстық құжаттамасына, оның ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптамалар жүргізуді;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобасына, оның ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптмалар жүргізуді;
      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды және нәтижелерге қол жеткізуді бағалауды;
      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандар оқытуды орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылады (айқындалады).
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы қызметінің мақсаттарын, міндеттерін және оның негізгі түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      28-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікте Ұлттық
              кәсіпкерлер палатасының құзыреті

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестікте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мынадай:
      1) егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жергілікті жобаларды қолдауға қатысу;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ықтимал жекеше әріптестердің тізілімін қалыптастыру;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      4) егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жергілікті жобалардың конкурстық құжаттамасына келісу;
      5) жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына ықтимал жекеше әріптестерді біліктілік іріктеуге, конкурстық өтінімдерді бағалау мен жеңімпаздарды айқындауға қатысу;
      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мониторингіне қатысу функцияларын жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары

      29-бап. Мемлекеттің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке
              қатысу нысандары

      Мемлекет мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:
      1) жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру;
      2) мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компанияларын құруға және олардың қызметіне қатысу;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысандарында қатысады.

      30-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
              мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу
              нысандары

      Жеке кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін жобалау;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін мүлік пен мүліктік құқықтарды беру;
      5) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;
      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін құру (реконструкциялау) және/немесе пайдалану;
      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыратын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысу нысандарында қатысады.

      31-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
              мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу
              нысандары

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына мынадай:
      1) заңды тұлғалар құру не заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алу (иеліктен шығару) арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына үлестік қатысу;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін мүлік пен мүліктік құқықтарды беру;
      3) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;
      4) қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын қолдану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестициялар тартуға ықпал ету;
      5) технологиялар трансферті, инновацияларды қолдау, консалтинг, инжиниринг, кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қамтитын сервистік қолдау;
      6) технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың, арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтардың қызметтерін ұсыну;
      7) экспортты жылжыту;
      8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін құру (реконструкциялау) және/немесе пайдалану;
      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында жекеше әріптеспен бірлесіп заңды тұлғалар нысанында ғылыми-өндірістік аймақтар, венчурлік қорлар, зерттеу орталықтарын құру нысандарында қатысады.

      32-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік
              қолдау шаралары

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау мынадай:
      1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
      3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;
      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландыру;
      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі түрінде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға құқылы.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) байланысты шығыстарды қаржыландыруға (өтеуге) бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік бюджеттен берілетін төлемдердің жиынтық көлемін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру (реконструкциялау) құнынан асыруға болмайды.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5-тарау. Жекеше әріптесті (әріптестерді) таңдау,
конкурстық рәсімдер өткізу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты туралы жалпы ережелер

      33-бап. Жекеше әріптесті таңдау және
              мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу

      Жекеше әріптесті таңдау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мынадай:
      1) жекеше әріптесті таңдау бойынша ашық не жабық конкурсты өткізу;
      2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;
      3) тікелей келіссөздер негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;
      4) оңайлатылған тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырылады.

      34-бап. Ықтимал жекеше әріптеске қойылатын жалпы
              біліктілік талаптары

      1. Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысу не тікелей келіссөздер арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу үшін ықтимал жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
      1) азаматтық құқық қабілеттілігінің және азаматтық әрекет қабілеттілігінің болуы;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстарының болуы;
      3) төлем қабілеттілігінің болуы, банкроттық тарату рәсіміне жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;
      4) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді олардың орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауы тиіс.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін реттейтін заңнамалық актілерінде ықтимал жекеше әріптестерге қойылатын қосымша (арнайы) біліктілік талаптары белгіленуі мүмкін.
      3. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал жекеше әріптеске осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқығы жоқ. Ықтимал жекеше әріптес біліктілік талаптарына жатпайтын ақпаратты ұсынбауға құқылы.
      4. Ықтимал жекеше әріптес өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушыға тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында көзделетін растайтын құжаттарды табыс етеді.
      5. Ықтимал жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, осындай факт анықталған кезден бастап кейінгі үш жыл ішінде жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Ықтимал жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтылығын комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.
      6. Егер жекелеген салаларда қызметті жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерде арнайы талаптар не шектеулер немесе тыйым салулар белгіленген жағдайда, біліктілік іріктеуі аталған талаптар мен шектеулер ескеріле отырып жүргізіледі.
      7. Ықтимал жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беруі фактісін анықтаған адамдар осындай фактіні анықтаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін хабарламаға қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті.
      Конкурсты ұйымдастырушы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынған ықтимал жекеше әріптесті мемлекеттік-жекешелік әріптестікке жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап қояды.
      8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке жосықсыз қатысушылардың тізбесі соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде қалыптастырылады.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке жосықсыз қатысушылардың тізбесін жүргізуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады, ол аталған тізбені барлық мүдделі тұлғаларды кеңінен хабардар ету мақсатында өзінің веб-сайтында орналастырады.

      35-бап. Конкурсты ұйымдастырушы

      1. Мемлекеттік әріптес ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуға құқығы бар тұлғалар жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
      2. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды, жекеше әріптеске не мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына мемлекеттік бюджеттен төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы ретінде осы Заңда айқындалған құзыретке сәйкес орталық не жергілікті атқарушы орган әрекет етеді.

      36-бап. Біліктілік іріктеуі

      1. Біліктілік іріктеуі жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысатын тұлғалардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      2. Біліктілік іріктеуін конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      3. Біліктілік іріктеуінен өткен адамдар жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушылар деп танылады.

      37-бап. Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурс
              (тендер) өткізудің жалпы шарттары

      1. Жекеше әріптесті таңдау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ашық конкурс (тендер) өткізу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының қорғанысына, мемлекеттік қауіпсіздігіне, қоршаған ортасын қорғауға байланысты объектілерге қатысты конкурс (тендер) жабық болуы мүмкін.
      Жабық конкурс (тендер) осы Заңның ережелерін ескере отырып, жекеше әріптесті таңдау бойынша ашық конкурс (тендер) үшін айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жағдайларда жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурс (тендер) екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
      Осы Заңда айқындалған жағдайларда жекеше әріптесті таңдау оңайлатылған конкурстық рәсімдер пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
      2. Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты (тендерді) ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен конкурстық комиссия құрылады.
      3. Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурс (тендер) өткізу туралы ақпарат міндетті түрде мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Конкурс (тендер) өткізу туралы ақпарат мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері, конкурсты (тендерді) ұйымдастырушыға табыс ету үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс (тендер) жарияланған объектінің сипатына қарай ықтимал жекеше әріптестерге қойылатын талаптарды; конкурс (тендер) өткізілетін орны, уақыты және күні туралы мәліметтерді қамтиды.
      Жекеше әріптесті таңдау бойынша жабық конкурс (тендер) өткізу кезінде конкурс (тендер) өткізу туралы ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында жариялау жүргізілмейді. Жекеше әріптесті таңдау бойынша жабық конкурсқа (тендерге) конкурсты ұйымдастырушының ұсынысы негізінде конкурстық комиссия айқындайтын қатысушылардың шектеулі тобы қатысады. Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурс (тендер) өткізу туралы ақпаратты және жабық конкурсқа (тендерге) қатысуға жазбаша шақыруларды жабық конкурстың (тендердің) барлық шарттарымен бірге конкурсты ұйымдастырушы таратады.
      4. Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты (тендерді) өткізудің тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
      5. Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде ресімделеді.
      6. Конкурсты (тендерді) ұйымдастырушы мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi және жабық конкурстың (тендердің) нәтижелерi туралы мәлiметтердi қоспағанда, жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстың (тендердің) нәтижелерi туралы мәлiметтердi мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялайды.
      Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті таңдау бойынша жабық конкурстың (тендердің) нәтижелерi туралы мәлiметтердi жабық конкурстың (тендердің) қатысушыларына таратады.

      38-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше
              әріптесті таңдау жөніндегі конкурс

      1. Конкурсты ұйымдастырушы қолданылу аясын және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей ретінде айқындаған жағдайларда, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурс өткізіледі. Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстары негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің техникалық-экономикалық және пайдалану сипаттамаларын қалыптастыруды жүзеге асырады.
      2. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурс мынадай реттіліктегі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
      1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
      техникалық тапсырманы қалыптастыру;
      веб-порталда екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, жекеше әріптесті таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу туралы хабарландыру жариялау;
      конкурсты ұйымдастырушының конкурсқа қатысушыларға техникалық тапсырма ұсынуы;
      конкурсқа қатысушылардың техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды ұсынуы;
      конкурсты ұйымдастырушының техникалық ұсыныстарды қарауы және конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің техникалық-экономикалық және пайдалану сипаттамаларына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жобасының талаптарына қатысты мәселелерді талқылау;
      конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
      бірінші кезеңде техникалық ұсыныстар табыс еткен конкурсқа қатысушыларға конкурстың екiншi кезеңiне қатысу үшiн ұйымдастырушының шақыру жiберуi;
      2) екінші кезеңде осы Заңның 35-бабына сәйкес жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.

      39-бап. Тікелей келіссөздер негізінде
              мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу

      1. Тікелей келіссөздер негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады және мынадай:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына өзінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді пайдаланудағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қатысты жеке кәсіпкерлік субъектісі бастамашылық жасаған;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы белгілі бір тұлғаға тиесілі зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды іске асырумен тығыз байланыста болатын жағдайларда қолданылады.
      2. Тікелей келіссөздер негізінде әріптесті таңдау мынадай реттілік сатыларын қолдану арқылы жүзеге асырылады:
      1) ықтимал жекеше әріптестің жобаға бастамашылық жасауы;
      2) ықтимал жекеше әріптестің жобаның тұжырымдамасына сараптама (талдау) жасауы;
      3) жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін көрсете отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау және бюджеттен сұралатын төлемдер және/немесе мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлау (жариялау);
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ықтимал тараптары арасында шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізу;
      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу.
      3. Егер осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген хабарлаудан кейін он бес жұмыс күні ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаны іске асыруға мүдделі екендігі туралы ұсыныстары келіп түссе, ықтимал мемлекеттік әріптес жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты, оның ішінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып жүргізуге бастамашылық жасайды.

      40-бап. Оңайлатылған тәртіппен мемлекеттік-жекешелік
              әріптестік шартын жасасу

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мынадай:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобасы іске асырылатын;
      2) жекеше әріптесті таңдау үлгілік конкурстық құжаттама пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартына сәйкес жасалатын;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы табиғи монополиялар саласына жатпайтын;
      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен аспайтын талаптар сақталған кезде оңайлатылған тәртіппен жасалады.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын оңайлатылған тәртіппен жасасу кезінде конкурсқа қатысушы деп тану біліктілік іріктеуін жүргізбестен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ықтимал жекеше әріптестерінің тізілімі негізінде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын оңайлатылған тәртіппен жасасу кезінде конкурстық құжаттаманы бекіту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қою осы Заңда көзделген сараптамаларды жүргізбестен жүргізіледі.

      41-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстың нәтижелері негізінде не осы Заңда белгіленген жағдайларда тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша жасалады.
      2. Осы Заңда белгіленген жағдайларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты үлгілік шарттың негізінде жасалады.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша нысанды сақтамау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жарамсыздығына әкеп соғады.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген түрлі шарттардың элементтерін қамтитын шарт болып табылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының қарым-қатынастарына тиісті бөліктерде, егер осы Заңда өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің элементтері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында қамтылатын шарттар туралы ережелері немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мәні қолданылады.

      42-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мазмұны

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы кезеңінде аталған объектіге мүліктік құқықтар (меншік құқығы) туралы мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аяқталғаннан кейін мүліктік құқықтардың (меншік құқығының) ауысуы туралы мәліметтер;
      2) объектіні құрудың (реконструкциялаудың) талаптары мен көлемі;
      3) тараптар шығындарын өтеу және табыс алу көздері;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі;
      5) инвестициялардың, оның iшiнде негiзгi қорларға инвестициялардың мөлшерлерi туралы талап, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру мерзiмдерi, көздерi және талаптары;
      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары бойынша орындалатын (ұсынылатын) қызмет (жұмыстар (көрсетiлетiн қызметтер) түрлерi;
      7) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қойылатын талаптар;
      8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі;
      9) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      10) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;
      11) тараптардың жауаптылығы;
      12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгерту және тоқтату талаптары;
      13) тараптардың орналасқан жерi (заңды мекенжайы) және банктiк деректемелерi;
      14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
      15) тараптардың қабылданған міндеттемелерді орындауын, оларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда тұрақсыздық айыбын төлеуді бағалау критерийлері;
      16) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қаржыландыру, шығындарды өтеу және табыс алу көздері, мемлекеттiк қолдау ұсынылған жағдайда оның түрлерi, ұсынылу көлемдерi, мерзiмдерi және талаптары;
      17) тараптар арасында тәуекелдердің бөлінуі және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың сипаттамасы;
      18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берiлетiн мүлiктi күтiп-ұстау ауыртпалылығының, сондай-ақ көрсетiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну тәуекелдерiнiң өту талаптары мен мерзiмдерi;
      19) тараптардың мүдделерін білдіретін уәкілеттік берілген туралы мәліметтер;
      20) жобаны іске асыру мерзімдері;
      21) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындау үшін тартылатын тұлғалардың құқықтары мен міндеттері;
      22) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын біржақты өзгертудің және (немесе) оны орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары;
      23) шарт бойынша дауларды шешу тәртібі;
      24) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, залалдарды өтеу тәртібі мен мерзімдері;
      25) операторды (операторларды) тағайындау тәртібі;
      26) тараптардың толық атауы қамтылуға тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген талаптардан басқа, институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының органдарын қалыптастыру тәртібі;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталын қалыптастыру және толықтыру тәртібі;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының қатысушылары (акционерлері) арасындағы қарым-қатынастар;
      4) корпоративтік дауларды шешу тәртібі қамтылады.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.

      43-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мерзімі осы Заңда белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімінен асып кетуіне болмайды.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тараптарының келісуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі осы Заңда белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі мынадай мән-жайлар болған кезде:
      1) тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының аяқталуы кідіртілген немесе ол тоқтатыла тұрғанда;
      2) мемлекеттік әріптестің немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының әрекеттері нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тоқтатыла тұрғанда;
      3) мемлекеттік әріптестің бастапқыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделмеген талаптарды қоюы нәтижесінде шығыстар ұлғайғанда Қазақстан Республикасы сотының, аралық сотының немесе халықаралық төреліктің шешімі бойынша (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалғандай) ұзартылуы мүмкін.

      44-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгерту
              және бұзу

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптардың келісуі бойынша өзгертілуі мүмкін.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:
      1) жекеше әріптес өзінің дәрменсіздігі (банкроттығы) салдарынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыруға қабілетсіз деп пайымдауға негіз болған жағдайда;
      2) осы баптың 4, 5-тармақтарының ережелерін сақтай отырып, қоғам мен мемлекет мүддесінде, оның ішінде мұндай әрекеттер ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды, имандылықты қамтамасыз ету мақсатында жасалса, мемлекеттік әріптестің талабы бойынша Қазақстан Республикасы сотының, аралық сотының немесе халықаралық төреліктің шешімімен (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалғандай) бұзылуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:
      1) мемлекеттік әріптес және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына байланысты міндеттемелерді елеулі түрде бұзған жағдайда;
      2) егер жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауы мемлекеттік әріптестің өкімдері және (немесе) әрекеттері салдарынан елеулі түрде қиындап кетсе;
      3) егер жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға арналған шығындары мемлекеттік әріптестің немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының әрекеттері немесе әрекетсіздіктері салдарынан елеулі түрде өсіп кетсе немесе оның осындай орындаудан алатын табыстары елеулі түрде қысқарып кетсе;
      4) тараптар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан кезде негізге алған мән-жайлар елеулі түрде өзгерген, яғни мән-жайлар, егер тараптар оны алдын ала ақылға салып көре алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мүлдем жасалмайтындай немесе одан едәуір ерекшеленетін жағдайларда жасалатындай түрде өзгеріп кеткен жағдайда, жекеше әріптестің талабы бойынша Қазақстан Республикасы сотының, аралық сотының немесе халықаралық төреліктің шешімімен (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалғандай) бұзылуы мүмкін.

      45-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша
              құқықтардың айналым қабілеттілігі

      1. Егер Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік түрлері мен нысандары туралы заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік әріптестің келісуі бойынша, жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері ауысатын тұлға жалпы және арнаулы біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша құқықтары мен міндеттерін басқаға беруге жол беріледі.
      2. Егер Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік түрлері мен нысандары туралы заңдарында өзгеше белгіленбесе, жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің құқықтарын мемлекеттік әріптестің жазбаша келісімімен ғана кепілге береді.

6-тарау. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құқықтық реттеу ерекшеліктері

      46-бап. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік
              туралы жалпы ережелер

      1. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік және жекеше әріптес жаңа заңды тұлға құрады не бұрыннан бар заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) құрамына кіреді.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы мемлекеттік және жекеше әріптес жиынтығында дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызына ие болатын акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және өз қызметін жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы қызметінің айрықша мақсаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру болып табылады.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы арнайы құқықтық қабілетке ие болады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған немесе мұндай іске асыруға ықпал ететін қызметті ғана жүзеге асыра алады.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзіміне құрылады, содан кейін, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, таратылуға жатады.
      5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының қызметі осы Заңда реттелмеген бөлігінде акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңнамамен реттеледі.
      6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталына қатысу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      47-бап. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік
              әріптестікті іске асыру кезіндегі
              мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты

      1. Институттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының негізінде және оған сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тараптары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуға құқылы.
      3. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының акционерлері арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының органдарымен қатынастары мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартымен реттеледі.

      48-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының
              жарғысы

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында жобаның атауы көрсетіле отырып, заңды тұлғаның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында әрекет ететіні жөнінде мәлімет болуы тиіс.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жарғысының ережелері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қайшы келмеуге тиіс.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жарғысының арасында келіспеушіліктер болған жағдайда:
      1) егер олар мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің арасындағы ішкі қарым-қатынастарға қатысты болса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының;
      2) егер оларды қолданудың мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының үшінші тұлғалармен қарым-қатынастары үшін мәні болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.

      49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы
              шеңберіндегі корпоративтік қатынастар

      1. Жекеше әріптес пен мемлекеттік әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы шеңберіндегі корпоративтік қатынастары мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартымен реттеледі.
      Мемлекеттік әріптестің өзіне тиесілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруына, кепілге қоюына немесе оған өзге де ауыртпалық салуына жекеше әріптестің келісімімен ғана жол беріледі.
      Жекеше әріптестің өзіне тиесілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруына, кепілге қоюына немесе оған өзге де ауыртпалық салуына мемлекеттік әріптестің келісімімен ғана жол беріледі.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына қатысуды тоқтату жағдайлары мен тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында, сондай-ақ оның жарғысында айқындалуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында жекеше әріптестің мемлекеттік әріптеске немесе мемлекеттік әріптестің жекеше әріптеске өзіне тиесілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының дауыс беретін акцияларына (қатысу үлестеріне) меншік құқығын беруі (өтеулі немесе өтеусіз түрде) көзделуі мүмкін.
      4. Мемлекеттік және жекеше әріптестің келісімінсіз:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға немесе оның жарғысына міндетті түрде енгізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгерістерді қоспағанда, өзгерістер енгізуге;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығаруына;
      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын қайта ұйымдастыруға және таратуға;
      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында өздеріне қатысты мемлекеттік әріптестің келісімін алу көзделген өзге де әрекеттерді жасауға жол берілмейді.
      5. Осы бапта көрсетілген жағдайларда келісім беру тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе оның жарғысында айқындалуға тиіс.

7-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өзге де түрлерін
құқықтық реттеу ерекшеліктері

      50-бап. Концессияны құқықтық реттеу ерекшеліктері

      1. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Концессиялық өтінімдерге конкурстық іріктеу жүргізу, концессионерлерді мемлекеттік қолдау, концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қатынастарды реттеу «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып, реттеледі және жүзеге асырылады.

      51-бап. Инновацияларда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті
              құқықтық реттеу ерекшеліктері

      1. Инновацияларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт мынадай:
      1) жаңа технологияны, жаңа технологиялық процесті, жаңа технологиялық регламентті әзірлеу және оларды жетілдіру;
      2) тәжірибелік үлгіні, тәжірибелік-конструкторлық қондырғыны дайындау, сынақтар (тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды қоса алғанда), зерттеулер (зертханалық зертеулерді қоса алғанда) жүргізу;
      3) шағын сериялы өндірісті (тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті) ұйымдастыру және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру (старт-ап компанияларды құруды қоса алғанда) міндеттеріне қол жеткізуге бағытталады.
      2. Инновацияларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шартта мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына байланысты зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды бағалау (қайта бағалау) мәселелері міндетті түрде көзделуге тиіс.
      3. Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық комиссия, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және басқа да мүдделі тұлғалар инновацияларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жөніндегі конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қорғалуын қамтамасыз етуді ескере отырып, қарайды.

      52-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы
              мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құқықтық
              реттеу ерекшеліктері

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға байланысты қатынастар осы Заңмен және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      53-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы
              мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құқықтық
              реттеу ерекшеліктері

      1. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның 7-бабының негізінде іске асырылады және мынадай:
      1) арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым объектілерін құру (реконструкциялау) және/немесе пайдалану;
      2) арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларды тарту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталады.
      2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде арнайы экономикалық аймақты басқару органы мемлекеттік әріптес ретінде әрекет етеді.
      Бұл ретте арнайы экономикалық аймақты басқару органы өзінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу туралы шешімін арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және акциялардың бақылау пакетіне иелік ететін органмен келіседі.
      3. Арнайы экономикалық аймақты басқару органы жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы болып әрекет етеді.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жасалуы жекеше әріптесті арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тануға және оның арнайы экономикалық аймақ аумағында инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруына негіз болып табылады.

8-тарау. Қорытынды ережелер

      54-бап. Дауларды шешу

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен шешіледі.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер арқылы шешіледі.
      2. Жекеше әріптестерді таңдау тәртібіне байланысты даулар Қазақстан Республикасының соттарында шешіледі.

      55-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке салық салу

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      56-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік
              әріптестік туралы заңнамасын бұзғаны үшін
              жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      57-бап. Қорытынды ережелер

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады