Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 656 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Байқоңыр қаласының денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға Қызылорда облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 604151000 (алты жүз төрт миллион бір жүз елу бір мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов