Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-не" деген сөз "АПК-не" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "талап арыздарды қараған", "талап арыздарын", "қойылған талап арыз", "талап арызында қойған", "талапты қойған кезде", "арыздары", "арыз берген кезде" деген сөздер тиісінше "талап қоюларды қараған", "талап қоюларын", "талап қою", "талап қоюда мәлімдеген", "талап қою кезінде", "талап қоюлары", "талап қою кезінде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Талапкер", "талапкер", "талапкердің" деген сөздер тиісінше "Талап қоюшы", "талап қоюшы", "талап қоюшының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Азаматтарға тиесiлi жеке мүлiктiк емес игілiктер мен құқықтарды қорғау және оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеу мәселелерiн реттейтiн заңнаманы сот практикасында дұрыс және бiркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етедi:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Жеке тұлғаларға туғанынан немесе заң бойынша тиесiлi жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды сот арқылы қорғау, сондай-ақ оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеу адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың тиiмдi кепілдігінің бірі болып табылатынына соттардың назары аударылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi - АК) 9 және 141-баптарына және республиканың басқа да заңдарына сәйкес сот жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды қорғауды:
құқықты тану;
жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру, оның iшiнде мемлекеттік органдардың заңнамаға сәйкес келмейтiн актілерін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану;
жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың бұзылуы салдарын жою;
моральдық зиянның өтемін төлету арқылы жүргізедi.
Сот жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды жоғарыда көрсетiлген тәсiлдердiң жиынтығын, сондай-ақ олардың әрқайсысын бөлек қолдану арқылы қорғайды.
Сот жеке мүлiктiк емес құқықтарды қорғаудың АК-де көзделген тәсiлдерiн осындай құқықтарды қорғау еңбек туралы, неке және отбасы туралы, табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау туралы және басқа да заңнамалық актілерде арнайы бекітілмеген жағдайларда да қолдануы мүмкiн.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3. Жеке мүлiктiк емес игіліктер мен құқықтардың бұзылуы, олардан айырылуы немесе кемсiтiлуi жәбірленушіге моральдық зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкін жеке мүлiктiк емес игіліктер мен құқықтар деп азаматтың туғанынан тиесiлi, жеке басымен тығыз байланысты, заңмен берілген игiлiктерді немесе құқықтарды түсiну қажет. Адамға туғанынан тиесiлi игiлiктерге өмiріне, денсаулығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне, бостандығына, жеке басына қолсұғылмаушылықты, ал азаматтың заңмен берілген құқықтарына тұрғын үйiне немесе меншiгіне қолсұғылмаушылықты, жеке өмiрiнiң немесе отбасының құпиясына, телефон, телеграф хабарларының және хат жазысу құпиясына; атын пайдалануға; өз бейнесiне; авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкес авторлыққа және басқа да мүлiктiк емес жеке құқықтарды; емiн-еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жерiн таңдау, анық ақпарат алу құқықтарын, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да құқықтарды жатқызу қажет.
Моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарын құқыққа қайшы бұзу, кемсiту немесе олардан айыру салдарынан басынан кешірген жан азабын немесе тән азабын түсiну қажет.
Жан азабы (адамның эмоциялық-ерік-жігерінің уайымдары) деп өз басынан кешірген қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б. сезiмдерiн түсiну қажет. Мұндай сезiмдер, мысалы, жәбiрленушiнiң өзiнің, сондай-ақ оның жақын туыстарының, жұбайының /зайыбының өмiрi мен денсаулығына құқыққа қайшы қол сұғу; бас бостандығынан не емiн-еркiн жүрiп-тұру құқығынан заңсыз айыру немесе шектеу; денсаулығына, оның iшiнде адамның дене бөліктерін ұсқынсыз ететін тыртықтар мен тыртықшалар түсіріп зиян келтіру; отбасылық, жеке немесе дәрiгерлiк құпияны ашу; хат жазысу, телефон немесе телеграф хабарлар құпиясын бұзу; азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді тарату; атына, бейнесіне құқығын бұзу; оның авторлық және сабақтас құқықтарын бұзу және т.б. салдарынан туындауы мүмкiн.
Тән азабы деп азамат күш қолданылуына немесе денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты сезiнетiн тәннің ауырғанын түсiну қажет.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. АК-нің 187-бабының 1) тармақшасына сәйкес заңнамалық актілерде көзделген жағдайлардан басқа, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарға талаптың ескіру мерзiмi қолданылмайды. Бұл ретте соттар "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер заңнамалық актілерде өзгеше тәртiп көзделмесе, азаматтардың жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғауды көздейтiн заңнамалық актілер қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатынына назар аударуы қажет. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (Ерекше бөлiм) күшіне енгізу туралы" 1999 жылғы 1 шілдедегі № 410-I Қазақстан Республикасы Заңының 8-тармағында АК-нің 922 және 923-баптарында көзделген жағдайларда мүлiктiк емес зиян 1999 жылғы 1 шiлдеге дейiн, бiрақ 1996 жылғы 1 шілдеден кейін келтiрiлсе және өтелмей қалса, оның өтелетіні ұйғарылған.
Жәбiрленушiнiң моральдық зиянды өтеттіру құқығын көздейтiн заңнамалық акт қолданысқа енгiзiлгенге дейiн келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандырылуға жатпайды. Мұндай зиян заңнамалық акт қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн азамат жан азабын немесе тән азабын тартуын жалғастырған жағдайларда да қанағаттандырылуға жатпайды.
Егер жәбiрленушiге моральдық зиян келтiрілген құқыққа қарсы әрекет (әрекетсiздiк) заңнамалық акт қолданысқа енгiзiлгенге дейiн басталса және ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн жалғасса, онда заңнамалық акт қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн жасалған құқыққа қарсы әрекетпен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.5. Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі. АК-де көзделген жағдайларда жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар осы құқықтарды бұзған адамның кінәсіне қарамастан, сот арқылы қорғалуға жатады.
Талап қоюшы талап қоюда оның жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылу фактісін растайтын мән-жайларды көрсетіп, дәлелдемелер келтіруге және оларды қорғау қажеттігін, сондай-ақ өзінің пікірі бойынша өзіне келтірілген моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз ететін өтемақы сомасын көрсетуге міндетті.
Қылмыстық процесті жүргізетін органдар келтірген моральдық зиянды өтеу туралы азаматтардың талаптары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. АК-нің 917-бабының 1-тармағына сәйкес моральдық зиянды құқыққа қайшы (қасақана немесе абайсызда) кінәлі әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірген адам толық көлемде өтеуге тиiс.
Моральдық зиянды толық өтеу деп зиян келтіруші заңнамалық актілердің нормаларында (мысалы, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтерді таратқан бұқаралық ақпарат құралы оларды теріске шығаруды жариялауға міндетті; Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 41-бабына сәйкес қылмыстық процестi жүргiзетін орган моральдық зиянның салдарын жою бойынша шаралар қолдануға міндетті) тiкелей жазылуына орай жасауы және талап қою бойынша жәбірленушіге моральдық зиян өтемақысын сот шешiмiнде белгiленген сомада төлеуі тиіс әрекеттерді түсінген жөн.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. АК-нің 952-бабының талаптарына сәйкес моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледі. Бұл ретте сот өтемақы сомасын ақылға сыйымдылық пен әділдік өлшемшарттарын негізге ала отырып анықтайды.
Моральдық зиян өтемақысының мөлшерін, егер оны анықтау кезінде азаматтың жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуына байланысты мән-жайлар ескерілсе, ақылға қонымды әрі әдiл деп есептеген жөн. Зиян келтіруші үшін құқыққа қайшы жасалған әрекет пен оның салдары үшін жауаптылық шарасы ретінде ақшалай өтемақы мөлшері болады.
Бiрiншi сатыдағы сот өндiрген моральдық зиян өтемақысының мөлшерi, егер бұл мөлшер жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтiн болса, жоғары тұрған сот сатыларында қайта қаралуы мүмкiн.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Соттар моральдық зиян өтемақысының мөлшерiн анықтаған кезде азаматқа келтiрiлген жан мен тән азабының ауырлығын, оның субъективтік бағалануын, сондай-ақ осы жағдайларды куәландыратын объективтi мәлiметтердi, атап айтқанда:
жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың (өмiрi, денсаулығы, бостандығы, тұрғын үйге қолсұғылмаушылық, жеке және отбасылық құпия, ар-намысы мен қадiр-қасиетi және т.б.) өмiрлiк маңыздылығын;
жәбiрленушiнiң басынан кешірген жан азабының немесе тән азабының дәрежесін (бас бостандығынан айырылуы, дене жарақаттарының келтірілуі, жақын туыстарынан, жұбайынан/зайыбынан айырылуы, еңбекке қабiлеттілігiнен айырылуы немесе оның шектелуi және т.б.);
моральдық зиянды өтеу үшiн қажет болып табылатын зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң түрін (пиғыл, абайсыздық) назарға алуы қажет.
Сот моральдық зиян өтемақысының мөлшерiн анықтаған кезде iс материалдарымен бекітілген басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зиян үшiн жауаптылыққа тартылатын адамның отбасылық және мүлiктiк жағдайын назарға алуға құқылы.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
ҚР Конституциялық Сотының 06.10.2023 № 32-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
9. АК-нің 917-бабының 1-тармағына және 951-бабының 2-тармағына сәйкес моральдық зиянды өтеу бойынша міндеттеме мынадай негіздер:
адамның заңмен қорғалатын жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына қолсұғатын құқық бұзушылық (деликт) тікелей жеке тұлғаға қарсы жасалған;
құқық бұзушылықтың және жәбірленушіге келтірілген зиянның және ол қайтыс болған жағдайда жан азабына немесе тән азабына әкеп соққан, оған тиесілі жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуы арасындағы себепті байланыс болған, оның жақын туыстарының, жұбайының/зайыбының мүліктік емес құқықтары бұзылған;
заңда көзделген жеке мүліктік емес зиянды кінәсіз өтеу жағдайларынан басқа, зиян келтірушінің кінәсі болған кезде туындайды.
Жоғарыда көрсетілген негіздердің кез келгені болмауы жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау мүмкіндігін болдырмайды, өйткені олар бұзылмаған деп болжанады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 2200 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заң) 22-бабында жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына мүлiктiк және мүлiктiк емес зиян ақталған адам бас бостандығынан айыру орындарында заңсыз болған әрбiр айы үшiн халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүгiнген күні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрттен үш бөлігі мөлшерiнде 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап өтелуге жататыны көзделгеніне соттардың назары аударылсын. Алайда мүлiктiк және мүлiктiк емес зиян өтемақысының жалпы сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен аспауы қажет.
Моральдық зиянның өтемақысы жәбiрленушiнiң жеке басына тығыз байланысты, тиісінше, осы өтемақы есептелген (сот өндiрген), бiрақ ақталған азамат қайтыс болуы себебінен алынбаған жағдайлардан басқа, бұл өтемақы жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының мұрагерлерiне төленбейді.
Соттар "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңның 26-бабында осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жаппай саяси қуғын-сүргіндердің ақталған құрбандарына 18-24-баптардың күші қолданылатыны туралы жазылғанын Заң қабылданғаннан кейін ақталған адамдардың құқықтарын шектемей, осы баптардың қолданылуына кері күш береді деп түсінген жөн.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11. АК-нің 922-бабының 1-тармағына, 923-бабының 1 және 2-тармақтарына, 951-бабының 3-тармағына сәйкес мыналардың:
мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес келмейтiн актiлер шығаруының;
заңсыз соттаудың;
қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартудың;
бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз күзетпен қамауға алудың, үйқамаққа алудың, ешқайда кетпеу туралы қолхат алудың;
қамаққа алу түрiндегі әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолданудың;
психиатриялық немесе басқа емдеу мекемелерiне заңсыз орналастырудың;
заңнамалық актiлерде көзделген өзге де жағдайлардың нәтижесiнде азаматқа келтiрiлген моральдық зиян мемлекеттік қазына (республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты) есебiнен зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан өтеледi.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Моральдық зиянды мемлекеттік қазына (республикалық немесе жергiлiктi бюджеттің) есебiнен өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкер ретінде мемлекет болып табылады және бұл жағдайда iстердiң осы санаты бойынша соттылығын мемлекеттік қазына өкiлiнiң орналасқан жерi бойынша анықтаған жөн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі не мемлекеттік қазынаның мүдделерiн білдіру жөнiнде арнайы өкілеттікті иеленген өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар мемлекеттік қазынаның өкiлдерi бола алады.
Соттар осы санаттағы істерді қараған кезде мемлекеттік қазынаның және тиiстi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiнің нақтылы өкілін анықтауға және оларды іске қатысуға тартуға тиiс.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. Соттар азаматтардың жоғары қауiптiлiк көзi келтiрген моральдық зиян өтемақысын өндiру туралы талап қоюларын қарау кезінде, егер жоғары қауiптiлiк көзiнің иесi осы зиян дүлей күштің немесе жәбiрленушiнің теріс пиғылының салдарынан не зиян келтiрушiнiң құқыққа қайшы әрекеттерiнiң нәтижесiнде жоғары қауіптiлiк көзi иесінің заңды иелігінен шыққанына байланысты келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, моральдық зиянды өтеуге міндетті екенiн назарда ұстауы қажет.
Жәбiрленушiнiң теріс пиғылы деп соттар жәбiрленушiге моральдық зиян келтiруiне ықпал еткен, жәбірленушінің жоғары қауiптiлiк көзiмен қауiпсiз жұмыс iстеу (иттер мен басқа да үй жануарларын жәбірлеу; жабайы жануарларды хайуанаттар бақтарында және басқа да қамауда ұстау жерлерінде жәбірлеу; адам денсаулығы мен өміріне қауiптi өрт қаупi бар, жарылғыш, иондаушы және басқа да нәрселер мен заттарды қауіпсіз пайдалану қағидаларын бұзу және т.б.) қағидаларын қасақана бұзуы туралы куәландыратын әрекеттерiн түсiнгені жөн.
Жоғары қауiптiлiк көзi иесiнің заңды иеленуінен шығуы деп жоғары қауiптiлiк көзiнің иесі жоғары қауiптiлiк көзiн оның еркiнен тыс қалыпты жағдайларда үшiншi тұлғалардың пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын, ақылға қонымды және жеткілікті шараларды қабылдаған жағдайды түсiну қажет.
Жәбiрленушiге моральдық зиянды жоғары қауiптілiк көзiн құқыққа қайшы иеленген тұлғалар келтiрген жағдайда моральдық зиянды келтiрген тұлғалар осындай зиянды өтеуге тiкелей мiндеттi болады. Егер жоғары қауiптiлiк көзiнің иесі заңды иеленуден шықса, бірақ бұл ретте оның кінәсі бар екені анықталса, онда келтірілген моральдық зиян үшiн жауаптылық үлестік тәртіппен моральдық зиянды тікелей келтiрушiге де, сондай-ақ жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесiне де жүктеледi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. Соттар жалақыны және моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы талап қоюларды қарау кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі — Конституция) 24-бабының негізінде әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына, қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай келетін еңбек жағдайына, еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз сыйақы алуға құқығы бар екенін назарда ұстауы қажет. Азаматтардың жалақыны өндіріп алу туралы талап қоюды берген кезде қорғалуға жататын мүліктік емес құқықтарының да бұзылуына әкеп соғатын жұмыстан заңсыз шығару, жалақыны уақтылы төлемеу жұмыскердің еңбегі үшін сыйақы алуға конституциялық құқығын бұзу болып табылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрi - Неке туралы кодекс) 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыстар - бұл ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер. Неке-отбасы қатынастарын қорғау қажеттілігі Конституцияның 27-бабынан және Неке туралы кодекстің 2-бабынан туындайды, оған сәйкес отбасы мемлекеттің қорғауында болады.
Сот қайтыс болған адамның жақын туыстарының, жұбайының/зайыбының талап қоюлары бойынша талап қоюшыға моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау кезінде оларға жан азабының келтірілу фактісінің дәлелденгенін не дәлелденбегенін, олардың қайтыс болған адаммен шын мәнісінде жақын туыстық, отбасылық қарым-қатынаста болғанын не болмағанын тексеруі, сондай-ақ келтірілген моральдық зиянды бағалаудың басқа да өлшемшарттарын ұсынуы тиіс. Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген адамдардың талап қоюлары қаралуға жатады.
Соттар әрбір жақын туыстың, жұбайының/зайыбының азаматтық істер бойынша талап қоюмен бірнеше рет жүгінуін болдырмау мақсатында істі қарауға дайындау сатысында барлық жақын туыстың, жұбайының/зайыбының іске талап қоюшы жағында үшінші тұлғалар ретінде қатысуы туралы мәселені шешуі және оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі - АПК) сәйкес дербес талап қоюды беру құқығын түсіндіруі қажет.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16. Соттардың назары жекеше айыптау істері бойынша ақтау үкімінің шығарылуы, сондай-ақ ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы өзінен-өзі ақталған адамға моральдық зиян өтемақысын өтеу міндетін жекеше айыптаушыға жүктеу үшін негіз бола алмайтынына аударылсын, өйткені бұл жағдайда құзыретіне осындай шағымдарды қарау жатқызылған органдарға жүгіну бойынша конституциялық құқық іске асырылады.
Моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы жекеше айыптау ісі бойынша ақталған адамның қойған талабы, егер жекеше шағымның ешбір құқықтық негізі болмаған және сотқа жүгіну басқа адамға зиян келтіруге (құқықты теріс пайдалану) бағытталған жағдайда ғана қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл ретте талап қоюшы айыптаушының тарапынан құқықты теріс пайдалану фактісін дәлелдеуге тиіс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.17. АК-нің 143-бабының 6-тармағына сәйкес азаматқа қатысты оның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратылған болса, ол мұндай мәліметтерді теріске шығарумен қатар олардың таратылуынан өзiне келтірілген залалды және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
Осы санаттағы істер бойынша жауапкер бағалау пікірі үшін жауапты болмайды.
Азаматтың іскерлік беделін қорғау туралы талап, моральдық зиянды өтеу туралы талапты қоспағанда, заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға да қолданылады. Заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға АК-де белгіленген тәртіппен залалдарды өтеу туралы ережелер қолданылады.
Азаматтық заңнамада заңды тұлғаға моральдық зиянды өтеу көзделмеген және соттардың заңды тұлғалардың моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюларын қабылдаудан бас тартқаны жөн, талап қою қабылданған жағдайда іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуы тиіс.
Моральдық зиянды өтеу туралы талаптар қойылған кезде талап қоюшы жан азабын және тән азабын бастан кешіргенін дәлелдеуге тиіс.
Сот ұсынылған дәлелдемелерді бағалап, ақылға сыйымдылық пен әділдік өлшемшарттарының негізінде моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтағанда таратылған мәліметтердің сипатын, таратылу шегін, жауапкер кінәсінің нысанын, оның материалдық жағдайын және басқа да назар аударуға тұрарлық мән-жайларды ескеруге тиіс.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.18. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Қазақстан Республикасының Заңында және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті мiндеттi сақтандыру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде автокөлiк құралы иесінің немесе тасымалдаушының жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зияны үшiн жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандыру көзделмегеніне соттардың назары аударылсын.
Сақтандыру ұйымдарына (сақтандырушыларға, қайта сақтандырушыларға) сақтандыру жағдайының басталуына байланысты үшiншi тұлғаларға моральдық зиянды өтеу міндеті жүктелмейдi.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде келтірілген моральдық зиянды өтеу бойынша мiндет автокөлiк құралының иесiне немесе тасымалдаушыға жүктелуге тиiс.
Егер ерiктi сақтандыру шартында сақтанушының мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарын сақтандыру көзделсе, онда сақтандыру төлемдерi ерiктi сақтандыру шартының талаптарына сәйкес жүргізiлуге тиiс.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.19. Соттарға АК-нің 951-бабының 4-тармағына қатысты бұзылуы моральдық зиянды өтеу мүмкiндiгiн болдырмайтын жеке тұлғалардың мүлiктiк құқықтары деп, атап айтқанда: мүлiктi иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты құқықтар; құқықтық қатынастарға қатысушылардың арасында туындайтын мүлiктiк талаптар (заттай немесе мiндеттемелiк құқықтар, оның iшiнде азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу бойынша мiндеттеменің орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына байланысты және т.б.), сондай-ақ авторлардың өздерi жасаған туындылары немесе жасаған өнертабыстары үшiн сыйақы алу құқығы; мұрагерлiк құқықтар түсінілетіні түсіндірілсін.
Егер азаматтың мүлiктiк құқықтарының бұзылуы оның жеке мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуымен бір мезгілде орын алса, онда келтірілген мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырумен қатар моральдық зиянды өтеу (мысалы, тұрғын үйге қолсұғылмаушылықты бұза отырып, жәбiрленушiнiң мүлкін құқыққа қайшы иелену; тұтынушының сапалы тауарға құқығын бұзу; авторлықты иелену және т.б.) туралы мәлімделген талап та қанағаттандырылуға жатады.
АК-нің 352-бабына сай, егер міндеттемені тиісті түрде орындамау кредит берушінің мүліктік құқықтарының бұзылуымен байланысты болмаса, АК-нің 272-ден бастап 288-ні қоса алғандағы баптарында көзделген мiндеттемелердi орындамау моральдық зиянды өтеу үшiн негiз бола алады. Борышкердiң мүлiктiк құқықтарын қозғайтын мiндеттемелердiң тиісті түрде орындалмауы (мысалы, қарыз шарты бойынша ақшаны қайтарудан жалтару; сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған заттың құнын төлеу немесе мәмiле нысанасын беру бөлiгiнде мiндеттемелердi орындамау және т.б.) АК-нің 951-бабының 4-тармағына сәйкес моральдық зиянды өтеу мүмкіндігін болдырмайды.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.20. Жәбiрленушiге бiрнеше заңды немесе жеке тұлғаның бірлесіп жасаған құқыққа қайшы әрекеттерiмен келтiрiлген моральдық зиян АК-нің 287-бабының 1-4-тармақтарына және 932-бабына сәйкес осындай зиянды келтірушілер ортақ немесе үлестік тәртіппен толық көлемде өтеуге тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.21. Жас балалар немесе кәмелетке толмағандар не заңда белгiленген тәртіппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттілігі шектеулi не әрекетке қабiлеттi, бiрақ денсаулығына байланысты өз әрекетiнiң мәнiн түсiнуге және оларды басқаруға қабiлетi жоқ деп танылған азаматтар әрекеттерімен жәбiрленушiге моральдық зиян келтiрген кезде сот оны өтеудi АК-нің 925-930-баптарында белгiленген ережелер бойынша жүргiзедi.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.22. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің тұтынушылардың белгісіз тобына моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюлары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды, өйткені моральдық зиянды өтеу туралы талап азаматтың жеке басымен тығыз байланысты.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.23. Егер талап қоюшы заңнамаға сәйкес мемлекеттік бажды төлеуден босатылмаса, азаматтардың моральдық зиянды өтеу туралы талаптарына АПК-нің және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік баж төленуі тиіс.
Талап қоюшы мүлiктiк сипаттағы және моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды бiр талап қоюда қойған кезде мәлiмделген әрбiр талапқа мемлекеттік баж дербес төленуі тиіс. Ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянның өтемақысын ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талап қоюлардың бағасы өндіріліп алыну талап етілген сомамен айқындалады.
Сот АПК-ға сәйкес моральдық зиянды өндіру туралы талапты қанағаттандыру кезінде талап қоюшы талап қоюды берген кезде төлеген немесе төлеуге тиіс болған мемлекеттік бажды жауапкерден тиісінше талап қоюшының пайдасына немесе жергілікті бюджеттің кірісіне өндіріп алуға міндетті. Мемлекеттік баждың көрсетілген сомасы моральдық зиянды өтеу туралы қанағаттандырылған талаптың мөлшеріне тепе-тең түрде өндірілуге жатады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.24. Моральдық зиянды өтеу туралы шешімде:
жәбiрленушiге моральдық зиян келтiрген құқық бұзушылықтың сипаттамасы;
жәбiрленушiнiң бұзылған жеке мүлiктiк емес игілiктерi мен құқықтарының көрсетілуі;
жәбiрленушi басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы туралы деректер;
мүлiктiк емес құқықтарды қорғау тәсілі (құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтiру; моральдық зиянның салдарын жою; моральдық зиян өтемақысын өндiріп алу), сондай-ақ моральдық зиян өтемақысы мөлшерiнің негіздемесі;
сот шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған материалдық құқық нормалары қамтылуы тиiс.
Сот шешімнiң қарар бөлiгiнде жауапкердің жауаптылығының түрiн (субсидиарлық, үлестік, ортақ, дара), сондай-ақ моральдық зиянды өндiріп алу көзiн (жеке тұлғаның мүлкiнің немесе заңды тұлғаның банктiк шотындағы ақшаның; мемлекеттік қазынаның есебiнен) көрсетуге тиiс. Моральдық зиянды мемлекеттік қазынадан өтеу кезінде сот заңды күшiне енген сот шешiмiнiң орындалуын заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз ететiн тиiстi бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiн көрсетуге мiндеттi.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.25. Мыналардың:
1) "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының;
2) "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 20 наурыздағы № 3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.26. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Қ.Мәми. |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Қ.Шаухаров. |