РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 35-қосымшада:
реттік нөмірі 63-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
63 |
Астана экономикалық форумын өткізу |
VIII Астана экономикалық форумын өткізуді қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
«Экономикалық зерттеу институты» АҚ |
012 «Астана экономикалық форумын өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
392600 |
».
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов