"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 110 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты
қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан
құзыретті органды айқындау туралы

      2013 жылғы 25 қазанда Минск қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасынан құзыретті орган болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады