"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 125 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн және «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 329-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiнде (бұдан әрі – Ереже):
      2-1 және 2-2-тармақтар алып тасталсын;
      2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.»;
      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) оның қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелерінің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін конкурсқа қатысушының есебін – А4 форматындағы 38 парақтан аспайды;
      3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) – А4 форматындағы 30 парақтан аспайды;»;
      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қамтитын құжаттар жиынтығын тапсырады.»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) конкурс ұйымдастырушысы комиссиясының конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауы және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындауы.»;
      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалау жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi арасынан сараптамалық топтар құрылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Сараптамалық топтар жергiлiктi жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiн алдын ала бағалауды жүргiзгеннен кейiн құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 қыркүйекке дейінгі мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға жiберiледi.»;
      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы құрылады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы ұсынылған материалдарды алдын ала бағалауды жүргізгеннен кейін және сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарап осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала қорытынды шығарады және конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.»;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Конкурсқа қатысушы
      Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы _________________________
      Заңды мекенжайы _____________________________________________»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы туралы мәліметтер
      Қызметкерлердің жалпы саны ____________________________________
      Филиалдар саны (болған кезде) _________________________________
      Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
аса маңызды түрлерінің үш атауы), СЭҚ ТН коды _____________________»;
      көрсетілген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес
редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Ережеге 5-қосымшада:
      «Заңды тұлғаның атауы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы»;
      кесте мынадай мазмұндағы 10, 11-тармақтармен толықтырылсын:
      «

10. Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы)





11. Кәсіпорынның саланың дамуына қосқан үлесі туралы салалық қауымдастықтың бағасы (бар болса)





                                                             »;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астананың кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.»;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Сараптамалық топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, сарапшылар кіреді.»;
      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайтын сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары, сарапшылар кіреді.»;
      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Конкурсқа қатысушы туралы мәліметтер
      Қызметкерлердің жалпы саны ____________________________________
      Филиалдар саны (болған кезде) _________________________________
      Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды ______________________»;
      көрсетілген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес
редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Ережеге 4-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес
редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Ережеге 5-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес
редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына 
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы Президентінің
«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған
конкурсқа қатысушылардың материалдарын
ресімдеу, ұсыну және алдын ала 
бағалау ережесіне        
1-қосымша             

Тіркеу нөмірі__________ Конкурсты ұйымдастырушы –
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысуға арналған
өтінім

1. Өтінім беруші
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы
_____________________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі __________________________________________________
2. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы
_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс ____________________________________________
3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны __________________________________________
Филиалдар саны (бар кезде) __________________________________________
Қосымша:
Құжаттар жиынтығы.
Басшының қолы
______ жылғы «__»___________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына 
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы Президентінің
«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған
конкурсқа қатысушылардың материалдарын
ресімдеу, ұсыну және алдын ала 
бағалау ережесіне        
3-қосымша             

      Негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратты ұсыну нысаны
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алатын ұйымның атауы ________________________________________

Р/с

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Алдыңғы 2 жылда

Өсу қарқыны %

Бизнес- жоспар

20__ жылы

20__ жылы

1

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі

млн. тг.





2

Өндірілген өнім көлемі

млн. тг.





3

Өнімдерді жеткізудің жалпы көлемінде экспортқа жеткізудің үлес салмағы

%





4

Экспорттың өсу қарқыны

%





5

Рентабельділігі

%





6

Жұмыс істеушілердің орташа айлық саны

адам





7

Орташа айлық еңбекақы

тг.





Кәсіпорын басшысы___________ _____________
Бас бухгалтер ___________ ________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына 
3-қосымша     

«Қазақстанның үздік тауары»  
өңірлік және республикалық   
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдынала сараптамалық
бағалау ережесіне       
1-қосымша            

Тіркеу нөмірі__________
Конкурсты ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Өтінім

1. Өтінім беруші
Конкурсқа қатысушының атауы _________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі __________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс
_____________________________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушының сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны __________________________________________
Филиалдар саны (бар болса) __________________________________________
Қосымша:
1) сауалнама-декларация;
2) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (бар болса);
3) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
4) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты;
5) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалайтын көрсеткіштер;
6) конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат.

Басшының қолы
20__ ж. «___» ________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына 
4-қосымша     

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына    
ұсынылатын материалдар мен
өнімді ресімдеу, ұсыну және
алдын ала сараптамалық  
бағалау ережесіне     
3-қосымша         

«Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» номинациясы

Облыс _______________________________________________________________
Ұйым ________________________________________________________________
Өнім ________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы _____________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с

Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер

Сарапшылар (Т.А.Ж.)

Орташа балл

1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)







2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)







3

Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)







4

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)







5

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)







6

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)







7

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы) (әр сертификат үшін 0, 10 балл)







8

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)







9

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (1-10 балл)







10

Бұйымды дайындаған кезде қолданылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0, 10 балл)







Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)


      Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.)_____________________________________
      Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) _____________________________
      Сараптамалық топ мүшелері _____________________________________
                                _____________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына   
5-қосымша      

«Қазақстанның үздiк тауары» 
өңiрлiк және республикалық 
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнiмдi  
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
4-қосымша         

«Халық тұтынатын үздiк тауарлар» номинациясы

Облыс _______________________________________________________________
Ұйым ________________________________________________________________
Өнім ________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы _____________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с

Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер

Сарапшылар (Т.А.Ж.)

Орташа балл

1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)







2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)







3

Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)







4

Әлеуметтік маңыздылық деңгейі (аналогпен салыстырғанда бағасы және тұтынушылардың түрлі санаты үшін қазақстан нарығындағы қолжетiмдiлiгi) (1-10 балл)







5

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)







6

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)







7

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)







8

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (әр сертификат үшін 0, 10 балл)







9

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)







Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт.балл)


      Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.) ____________________________________
      Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) _____________________________
      Сараптамалық топ мүшелері _____________________________________
                                _____________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 125 қаулысына  
6-қосымша     

«Қазақстанның үздiк тауары» 
өңiрлiк және республикалық 
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнiмдi  
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
5-қосымша         

«Үздiк азық-түлік тауарлары» номинациясы

Облыс _______________________________________________________________
Ұйым ________________________________________________________________
Өнім ________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы _____________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с

Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер

Сарапшылар (Т.А.Ж.)

Орташа балл

1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)







2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)







3

Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)







4

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)







5

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)







6

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)







7

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (әр сертификат үшін 0, 10 балл)







8

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)







9

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (1-10 балл)







10

Бұйымды дайындау кезінде қолданылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0, 10 балл)







Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт.балл)


      Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.) ____________________________________
      Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) _____________________________
      Сараптамалық топ мүшелері _____________________________________
                                _____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады