"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 152 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, аудиторлық қызмет, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеу, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру саласындағы басшылық;»;
      44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «44) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;»;
      49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «49) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту;»;
      54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «54) кредитордың және (немесе) сенім білдірілген тұлғаның (агенттің) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және ол жөнінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;»;
      70) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 114-1), 114-2), 114-3), 114-4), 114-5), 114-6), 114-7), 114-8), 114-9), 114-10), 114-11), 114-12), 114-13), 114-14), 114-15), 114-16), 114-17), 114-18), 114-19), 114-20), 114-21), 114-22), 114-23), 114-24), 114-25), 114-26), 114-27), 114-28), 114-29), 114-30), 114-31) және 114-32) тармақшалармен толықтырылсын:
      «114-1) кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін бекіту;
      114-2) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып, біліктілік емтихандарын өткізуге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарын айқындау;
      114-3) біліктілік емтихандарын өткізу тәртібінің бағдарламасын әзірлеу, біліктілік емтиханына арналған сұрақтарды әзірлеу және бекіту, аттестат алуға үміткерлердің білімдерін бағалау критерийлерін, біліктілік аттестатының, бейдждің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысанын белгілеу;
      114-4) кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілік ұсыну тәртібін бекіту;
      114-5) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және мемлекеттік кірістер органдарына осындай тауарларды, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тасымалдау туралы есептілік ұсыну;
      114-6) сақталатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және мемлекеттік кірістер органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну;
      114-7) кеден қоймасында сақталатын тауарларды есепке алу тәртібін бекіту және мемлекеттік кірістер органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну;
      114-8) мемлекеттік кірістер органдарының еркін қоймалардың иелерімен өзара қарым-қатынас тәртібін бекіту;
      114-9) арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағын жайластыру, адамдардың осындай аумаққа кіру, арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама беру, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелуге және оларды осындай аумақтан әкетуге рұқсат беру, тауарлар есебін жүргізу, сондай-ақ осындай тауарлар бойынша кеден органына есептілікті ұсыну, еркін кеден аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды Кеден одағы тауарлары деп тану тәртібін айқындау;
      114-10) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және Кеден одағының Кеден кодексінде реттелмеген бюджеттен артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған кеден баждарының, салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке алу) қағидаларын бекіту;
      114-11) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде реттелмеген бөлігінде бюджетке кеден баждарының, салықтардың, кеден алымдарының және өсімпұлдардың түсімдерін есепке алу, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібін бекіту;
      114-12) кеден баждарын, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу тәртібін бекіту;
      114-13) кедендік әкету баждарының, салық және кеден алымдарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған сомаларын, аванстық төлемдер сомаларын, кеден баждарын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын, салықтарды қайтару (есепке алу) тәртібін бекіту;
      114-14) кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке алу) тәртібін бекіту;
      114-15) кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану тәртібін бекіту;
      114-16) кедендік бақылау мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін бекіту;
      114-17) кедендік бақылауда тұрған тауарларды есепке алу тәртібі мен нысанын бекіту;
      114-18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін бекіту;
      114-19) ұсталған тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін бекіту;
      114-20) тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану тәртібін бекіту;
      114-21) кедендік сүйемелдеу тәртібін бекіту;
      114-22) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының іріктеуі тәртібін бекіту;
      114-23) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту жасауының тәртібін бекіту;
      114-24) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату тәртібін бекіту;
      114-25) электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілеу;
      114-26) көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін айқындау;
      114-27) шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдарын акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн бекiту;
      114-28) акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағы елдерiнен Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту;
      114-29) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту;
      114-30) акциздеу бекетінің қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту;
      114-31) салықтық есептілік нысандары мен оларды жасау қағидаларын бекіту;
      114-32) тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтінішті кері қайтару тәртібін бекіту;»;
      ведомстволардың функцияларында:
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары, республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық қорынан түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы жоспарларының орындалуы туралы есептер жасау;
      5) республикалық және жегілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және бюджет заңнамасында көзделген шоттарды ашу, жүргізу және жабу;»;
      10) және 11) тармақшалар алып тасталсын:
      21), 22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) мемлекеттік қарыздарды (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарынан басқа), мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет кепілгер болған қарыздарды, қарыздарды хеджирлеу бойынша мәмілелерді, бюджеттік кредиттерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;
      22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша төлемдерді жүргізу және есепке алу рәсімдерін жүзеге асыру;
      23) бюджеттік кредиттеу нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша, оның ішінде оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді мемлекеттің орындауына байланысты талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «23-1) үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан, сыртқы қарыздардың арнайы шоттарынан қаражатты алу, байланысты гранттарды және бірлесіп қаржыландыру қаражаттарын алу бойынша қаржы рәсімдерін жүзеге асыру;»;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) мемлекеттік кірістер органдарының және уәкілетті органдардың бюджеттен түсімдер сомаларын қайтару не салық берешегін өтеу есебіне есепке алу бойынша төлем құжаттарын орындау;»;
      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «28) мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндеттемелері бойынша ауыстыру операцияларын жүзеге асыру және есепке алу;»;
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және жартыжылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;»;
      48) және 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «48) төмен тұрған мемлекеттік кірістер органының және оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдарды қарау;
      49) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес кеден iсi саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасады деп күдiк келтірілген адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер немесе өзге де органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткізу;»;
      мынадай мазмұндағы 57-1) және 57-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «57-1) Кеден одағының кеден шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде көліктік және санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу;
      57-2) зертханалық сараптаманы қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу;»;
      62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «62) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы іс-қимылдардан қорғау;»;
      67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «67) мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер бойынша және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультациялар беру;»;
      70-8), 70-9), 70-10), 70-11), 70-12), 70-13), 70-14), 70-15), 70-16), 70-17), 70-18), 70-19), 70-20), 70-21), 70-22), 70-23), 70-24), 70-25), 70-26), 70-27), 70-28), 98-3), 98-4), 98-5), 98-6), 98-7), 98-8), 98-9), 98-10), 98-11) және 98-12) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 107-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «107-1) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;»;
      235-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «235-4) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;»;
      235-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «235-5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде әзірлеуге қатысу;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады