Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 167 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) бірінші басшылары:
      1) Іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдасын;
      2) 2015 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2015 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2015 жылғы 10 шілдеден және 2016 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 167 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары 

Р/с
Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1.

«Төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және оған ілеспе заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары

Әділетмині,
ЖС (келісім бойынша),
БП (келісім бойынша)

1-тоқсан

2.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне ғылыми-тәжірибелік түсіндірмелер шығару

ғылыми-тәжірибелік түсіндірме

Әділетмині

1-тоқсан

3.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне ғылыми-тәжірибиелік түсіндірмелер шығару

ғылыми-тәжірибелік түсіндірме

БП (келісім бойынша)

1-тоқсан

4.

Жасалатын қылмыстарға ден қою жөніндегі бағдарламалық-аппараттық кешенді орналастыру үшін Риддер, Теміртау, Степногорск және Шу қалаларының ішкі істер басқармаларында (бөлімдерінде) шұғыл басқару орталығы ғимаратының әзірлігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат

ІІМ,
Шығыс Қазақстан,
Қарағанды,
Ақмола,
Жамбыл облыстарының әкімдіктері

2-тоқсан

5.

Адвокаттардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру институтын енгізу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және тиісті ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ПМК,
Әділетмині,
Қазақстан Республикасы Адвокаттар алқасы (келісім бойынша),
ҰБ (келісім бойынша)

2-тоқсан

6.

Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және заң жобасының тиісті тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысына шығару

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат

БП (келісім бойынша),
ИМ,
МҚІСҚА (келісім бойынша)

2-тоқсан

7.

Мемлекеттік қызметшілердің 2014 жылғы қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысын жүргізу және тиісті ұсынымдар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ПМК,
МҚІСҚА (келісім бойынша),
мүдделі мемлекеттік органдар

2-тоқсан

8.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

МСМ

2-тоқсан

9.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЭМ

2-тоқсан

10.

«Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Казахстан Республикасы Заңының жобасы

ЖС (келісім бойынша)

2-тоқсан

11.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

12.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ДСӘДМ,
мүдделі мемлекеттік органдар

2-тоқсан

13.

Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруды арттыру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

МҚІСҚА (келісім бойынша)

3-тоқсан

14.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ

3-тоқсан

15.

Мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің норма шығармашылық қызмет процесінде салалық бөлімше қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге байланысты заңнаманың негізгі ережелерін тұрақты негізде түсіндіруі

Әділетминіне ақпарат

ОМО

3-тоқсан

16.

Салық төлеушілердің жекелеген санаттарын салықтық ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат

ПМК,
ҰЭМ,
Қаржымині

4-тоқсан

17.

Шоғырландырылған салық салу институтын енгізу мәселесін пысықтау және тиісті ұсыныстар енгізу

Казахстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ПМК,
Қаржымині,
ҰЭМ

4-тоқсан

18.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ДСӘДМ

4-тоқсан

19.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік процестік кодексі жобасының негізгі ережелерін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысына шығару

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша),
БП (келісім бойынша)

4-тоқсан

20.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының (жаңа редакция) негізгі ережелерін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысына шығару

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині

4-тоқсан

21.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларын іске асыру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат

Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

22.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Әділетмині

4-тоқсан

23.

ҚылмыстықҚылмыстық процестік,  Қылмыстық атқару кодекстерінің құқық қолдану тәжірибесін талдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БП (келісім бойынша),
ІІМ

4-тоқсан

24.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің құқық қолдану тәжірибесін талдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині

4-тоқсан

25.

Азаматтықты және қазақстандық отансүйгіштікті насихаттауға, Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдары мен мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі негізде жүргізу

дәрістер, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу

Әділетмині,
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

жыл бойы

Ескертпе: аббервиатуралардың толық жазылуы:

Әлілетмині

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

ДСӘДМ

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Қаржымині

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

ЭМ

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ІІМ

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

МСМ

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ЖС

-

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

БП

-

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

МҚІСҚА

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ОМО

-

орталық мемлекеттік органдар

ПМК

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

ҰБ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады