"Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 194 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, № 39, 154-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қоса беріліп отырған Аджип Карачаганак Б.В. («Аджип»), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед («Бритиш Газ»), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани («Тексако») компаниялары, «ЛУКойл» мұнай компаниясы» ашық акционерлік қоғамы («ЛУКойл»), «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы («Қазақойл») мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің салық режимі туралы нұсқаулық бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Аджип Карачаганак Б.В. («Аджип»), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед («Бритиш Газ»), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани («Тексако») компаниялары, «ЛУКойл мұнай компаниясы» ашық акционерлік қоғамы («ЛУКойл»), «Қазакойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы («Қазақойл») және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ-конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді болу туралы түпкілікті келісімнің салық режимі туралы нұсқаулықта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аджип Карачаганак Б.В. («Аджип»), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед («Бритиш Газ»), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани («Тексако») компаниялары, «ЛУКойл» Мұнай Компаниясы» ашық акционерлік қоғамы («ЛУКойл»), «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы («Қазақойл») мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің салық режимі туралы нұсқаулық*»;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      «13-1. ӨБТК 12.1 және 12.2-бөлімдеріне сәйкес мүлікті беру қандай да бір пайда алуды немесе шығынды көздемейді, осыған байланысты осындай беру кезінде салық салу мақсатында іске асыру бойынша кіріс және/немесе айналым туындамайды. Бұл ретте осы тармақтың ережелері ӨБТК 12.1 және 12.2-бөлімдеріне сәйкес іс жүзінде берілген мүлікке қатысты ғана қолданылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады