Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ 202 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 783 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекші;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, жетекшінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары, хатшы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары;
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқармасы төраға (келісім бойынша);
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша).