Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрі К. Мәсімов
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат; 2013 ж., № 33, 496-құжат; № 60, 819-құжат; 2014 ж., № 30, 255-құжат; № 71, 640-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы « »
№ Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 26 тамыздағы
№ 861 Жарлығымен
бекітілген
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу
ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық бюджет жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындауды;
3) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеуді және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауын;
4) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеуді қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму
болжамының жобасын әзірлеу
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған
лимиттерді айқындау
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің болжалды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.
6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
4. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының
жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік
бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлар
әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын,
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдерін әзірлеу
7. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
8. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мыналар:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру арқылы өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражаттың игерілмеуіне әкеп соқтырған себептер;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылы үшін стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептер және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу бөлігінде бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде еткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті берген қорытындылар мен ұсынымдар ескеріледі;
4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттаманың болуы есепке алынады, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болған экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингтеу және бағалау нәтижелері;
5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;
6) нысаналы даму трансферттері бойынша - шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісімдердің жобаларында көзделген нысаналы даму трансферттері бөлінетін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі.
9. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді.
10. Республикалық бюджет шығыстары базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға арналған шығыстарға бөлінеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
1) кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;
2) макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
11. Республикалық бюджеттің базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға арналған шығыстарының көлемін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Республикалық бюджет комиссиясы бөледі.
Базалық шығыстар, шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде есептелген кезекті жоспарлы кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды көлемдерін қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары шығыстарының бекітілген көлемінің негізінде айқындалады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген елдің даму басымдықтары, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторингі нәтижелері, есепті қаржы жылында стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептер, нәтижелерді бағалау ескеріле отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.
12. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстары қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.
13. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша мұның алдындағы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеулер жасалмайды.
Осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептер үшінші жылға ғана жасалады.
Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша мұның алдындағы жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгеретін болса, онда шығыстардың түрлері бойынша есептеулер осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша жоспарланатын жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде жасалады және ұсынылады.
14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың және оларға қол жеткізу дәрежелерінің дұрыстығы тұрғысынан;
2) бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспар көрсеткіштерімен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізушілік дәрежесі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады және оны тиісті қаржы жылының 15 маусымынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық бағыттардың міндеттерімен, стратегиялық мақсаттарымен өзара байланысы тұрғысынан;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
15. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындыларын ескере отырып қалыптастырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттерін және бюджеттік кредиттер ұсынуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды енгізеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
Республикалық бюджет комиссиясы осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды.
16. Республикалық бюджет комиссиясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қарауға дайындаған материалдарды Республикалық бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайтын және Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілетін жоспар-кестеге сәйкес қарайды. Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілген жоспар-кесте республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізіледі.
17. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде:
1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
5. Республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу
18. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
19. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының республикалық бюджет жобасы бойынша ұсыныстары негізінде республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.
20. Республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 13-бабында көзделген бюджет құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 71-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзірленеді.
21. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
4) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың соңғы есепті күнгі жай-күйі туралы деректерді;
5) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.