Ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскесін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 272 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3)тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласы елді мекенінің жері санатынан ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында жер учаскесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік мекемесіне берілсін.
      2. Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің    
      2015 жылғы 23 сәуірдегі
      № 272 қаулысына  
      қосымша     

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік мекемесіне ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскесінің экспликациясы

Р/с №

Жер учаскесі қандай жерлер санатынан беріледі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

жайылым

өзге

1

Астана қ. елді мекенінің жері

Астана қ., Сарыарқа ауданы, М.Әуезов көшесі, 9-үй

0,1960

-

0,1960

Әкімшілік ғимаратты, қойманы және гараждарды пайдалану үшін



Барлығы:

0,1960

-

0,1960


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады