Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру кағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 333 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 437 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағы на сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе)жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 333 қаулысымен
бекітілген

Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын(оның бір бөлігін) және(немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру қағидалары

      1. Осы Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. Заңның 36-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, стратегиялық жер қойнауы учаскелері және кен орындары тізбесіне енгізілген жер қойнауы учаскелеріне немесе кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығару туралы өтініш келіп түскен жағдайда, құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асырудың орындылығы немесе оның жоқ екені туралы қорытынды дайындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияға немесе ұлттық басқарушы холдингке сұрау салу жолдайды.

      Ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуға алдын ала мүдделілігі не мүдделілігінің жоқ екені туралы өз қорытындысын құзыретті органға жібереді.

      Ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның қорытындысын алғаннан кейін не ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания қорытынды ұсынбаған жағдайда, өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні өткеннен кейін құзыретті орган иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу туралы ұсыныс әзірлеу үшін қажетті материалдарды Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қарауына енгізеді.

      3. Ведомствоаралық комиссия тиісті материалдарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өтінішті және өзге де материалдарды қарайды және иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні мемлекеттің сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсынымдар тұжырымдайды.

      Ведомствоаралық комиссия иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асыру ниеті туралы мәлімдеген, ұлттық басқарушы холдингтің немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияның осындай сатып алуы туралы ұсынымдар тұжырымдаған жағдайда, Ведомствоаралық комиссия құзыретті органға ұлттық басқарушы холдингті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияны мемлекет атынан осындай сатып алушы ретінде айқындауды ұсынады.

      4. Ведомствоаралық комиссия өтініш берушіден және басқа да тұлғалардан жер қойнауын пайдаланушылардың, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және(немесе) жанама түрде айқындау не шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық жағдайы туралы құжаттарды қоса алғанда, иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін)және(немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлеуге қажетті кез келген қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

      5. Егер Ведомствоаралық комиссияның сұрау салуына өтініш беруші бір ай ішінде қосымша материалдарды ұсынбаса, онда тиісті өтініш қарауға жатпайды.

      Ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания өтініш берушіден қосымша материалдар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде құзыретті органға жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы дәлелді түпкілікті шешімін ұсынады.

      Көрсетілген мерзімде ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның дәлелді шешімін ұсынбауы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алудан бас тарту ретінде есептеледі.

      6. Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы шешім бес жұмыс күні ішінде құзыретті орган сатып алушы ретінде айқындаған ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға жіберіледі.

      Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы құзыретті органның шешімін алғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғамен келіссөздер процесіне бастамашы болады.

      Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын(оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуы басқа өтініш берушілер ұсынған шарттардан нашар емес шарттарда жүзеге асырылады.

      Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін)және(немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ақысыз негіз бойынша иеліктен шығарған, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін)және(немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні заңды тұлғаның жарғылық капиталына берген жағдайларда, мұндай объектілерді сатып алу Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.

      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын(оның бір бөлігін)және(немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу мерзімдері жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және(немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады