"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
      «Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақта:
      73) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «73-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 85-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «85-1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қолдану;»;
      169) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «169) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 169-1), 169-2), 169-3), 169-4) және 169-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «169-1) объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      169-2) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      169-3) қаржыландыру көздеріне қарамастан, үйлер мен ғимараттардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының жаңаларын салуға, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      169-4) қаржыландыру көздеріне қарамастан мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама бойынша сараптама жұмыстарын жүргізуге арналған бағаларды бекіту;
      169-5) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен құрылыс жүргізуге арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;»;
      210) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 210-1), 210-2) және 210-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «210-1) жерді резервте қалдыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      210-2) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезінде берілетін өтініш, келісуші органдардың қорытындысы, жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жоспар нысандарын бекіту;
      210-3) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту;»;
      303) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «303) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 303-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «303-1) жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру, сондай-ақ объектілердің (ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кешендерінің және коммуникациялардың) жаңаларын салуға және қолданыстағыларын өзгертуге рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 339-1), 339-2), 339-3), 339-4), 339-5), 339-6), 339-7), 339-8), 339-9), 339-10) және 339-11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «339-1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдердің және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін топтар бойынша бөле отырып, олардың құзыреті шегінде кәсіпкерлік жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекіту;
      339-2) реттелетін саладағы тәуекелдерді басқаруды бағалау жүйесін бекіту;
      339-3) камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтардың) оларды табыс ету тәртібін айқындау;
      339-4) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;
      339-5) жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат беру нысанын бекіту;
      339-6) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін бекіту;
      339-7) йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және өткізу тәртібін айқындау;
      339-8) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту;
      339-9) тұзды және йод қосылыстарымен байытылған басқа да тамақ өнімдерін йодтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілеу;
      339-10) жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында өз қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      339-11) Министрлікте, комитеттерде және олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу;»;
      «Ведомстволардың функциялары» деген 17-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «27-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;»;
      мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «51-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «61-1) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;»;
      199) тармақша алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады