Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1992 жылғы 16 қыркүйекте Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптері туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттың күшін жою ниеті туралы Беларусь Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов