Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысы.

      "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысына баспасөз релизі

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V Қазақстан Республикасының Заңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту бойынша функциясы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға берілді.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылады.

      Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2015 жылғы 17 маусымда "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 77 қаулысының күші жойылды деп танылуы көзделген "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру жөніндегі лицензиар мен "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.

      Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз