"2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 468 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз
Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының
қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      2015 жылғы 8 мамырда Мәскеуде жасалған 2014 жылғы
23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29
мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз
Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының
қосылуы туралы
ХАТТАМА

      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы және Ресей Федерациясы бір тараптан және Армения Республикасы екінші тараптан,
      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,
      2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарттың 2015 жылғы 2 қаңтарда күшіне енгенін назарға ала отырып және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылғанын ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттамамен Армения Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа қосылады.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
      _________ қаласында 2015 жылғы «___» ___________ орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, осы Хаттамаға қатысушы әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Беларусь Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін

Армения Республикасы
үшін

      Осы арқылы осы мәтіннің 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттама 2015 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында:
      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Президенті А.Г. Лукашенко;
      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев;
      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасы Президенті А. Ш. Атамбаев
      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Президенті В.В. Путин;
      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасы Президенті С.А. Саргсян
      қол қойған шарттың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.
      Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.        

      Еуразиялық экономикалық
      комиссиясы Құқық департаментінің
      директоры                                     В.И. Тараскин

      2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының
қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2015 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында жасалған хаттаманың қазақ тіліндегі нұсқасы орыс тіліндегі нұсқасымен теңтүпнұсқалы екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық
      экономика министрлігі Халықаралық
      экономикалық интегарция
      департаментінің директоры                         Е.Б. Бакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады