Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін, адам денесін тексеруге арналған жүйелерді өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 512 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін, адам денесін тексеруге арналған жүйелерді өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Еділұлы Ерғожинге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін, адам денесін тексеруге арналған жүйелерді өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 512 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

Қытай Халықаралық сауда өкілі,
Қытай Халық Республикасы
Коммерция министрінің орынбасары
Жоғары мәртебелі
Чжун Шаньге (Zhong Shan),
2015 жылғы « »

Жоғары мәртебелі!

      Осымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Жоғары мәртебелі Сіздің төменде жазылған мынадай мазмұндағы 2015 жылғы
« » хатыңызды алғанымызды растау құрметіне ие болып отырмын:
      «Осымен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан достық консультациялардың нәтижесінде бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі төмендегілер туралы келіскенін растаймын:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтініші бойынша Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Алматы облысы бойынша МКД) «Қалжат» өткізу пунктінде орнату жоспарланып отырған саны 2 (екі) дана стационарлық инспекциялық-тексеріп қарау кешенін, Астана қаласында «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі» объектілерінде пайдалану үшін саны 3 (үш) дана ұтқыр инспекциялық-тексеріп қарау кешенін, саны 20 (жиырма) дана багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйесін және саны 10 (он) дана адам денесін тексеруге арналған жүйені, сондай-ақ 250 млн. юань жалпы сомасына қажетті жиынтықтауыш материалдарды беру арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз негізде техникалық көмек көрсетуге келісті.
      Қытай тарапы өзіне Алматы облысы бойынша МКД «Қалжат» өткізу пунктіне стационарлық инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, Астана қаласына ұтқыр инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін және адам денесін тексеруге арналған жүйелерді жеткізуді және монтаждауды, іске қосып баптауды, өз материалдарын пайдалана отырып, тиісті жұмыстар жүргізуді жүзеге асыру, Қазақстан тарапы үшін мамандар даярлауды қамтамасыз ету міндеттемесін алады.
      2. Қазақстан тарапы өзіне жеткізілетін жабдықтарды және жиынтықтауыш материалдарды кедендік тазартуды, сондай-ақ оларды қабылдауды жабдықтарды монтаждауды және іске қосып баптауды жүзеге асыру кезінде Қытай тарапына жәрдем көрсету үшін жауапты қызметкерлерді тағайындай отырып қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік баждар мен салықтар төлеуден босату міндеттемесін алады.
      Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жоғарыда көрсетілген жабдықтарды монтаждау кезінде Қытай тарапында салықтың өзге түрлерін төлеу жөніндегі міндеттемесі туындамайтынын растайды.
      Қазақстан тарапы Қытай мамандары үшін Қазақстан Республикасына кіруге және одан шығуға рұқсат ресімдеуде және келісімшартты іске асыру кезеңінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуында Қытай тарапына жәрдем көрсетеді.
      3. Жабдықтарды орнату жабдықтарды монтаждауға, тасымалдауға және іске қосып баптауға байланысты өзге іс-шаралар бойынша нақты шарттар Қытай тарапынан – уәкілетті орган Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі, Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қол қоятын келісімшартта көзделеді.
      4. Жеткізілетін жабдықтарды орнату және іске қосып баптау аяқталған соң Қытай Халық Республикасының және Қазақстан Республикасының үкіметтері өкілеттік берген органдар қабылдау-беру актісіне қол қояды.
      5. Жоғары мәртебелі Сіздің Үкіметіңіздің атынан жоғарыда жазылғандарды растайтын жауап хат алынған жағдайда, осы хат және Жоғары мәртебелі Сіздің жауап хатының Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін, адам денесін тексеруге арналған жүйелерді өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрайтын болады.
      6. Осы Келісім Қытай тарапы Қазақстан тарапының жауап хатын алған күннен бастап күшіне енеді.
      Қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар.».
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда жазылған шарттармен келісетінін, сондай-ақ Жоғары мәртебелінің хаты және осы хат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін, адам денесін тексеруге арналған жүйелерді өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын растау құрметіне ие болып отырмын.
      Жағдайды пайдалана отырып, өзімнің аса жоғары құрметімді білдіруге рұқсат етіңіз.

      Құрметпен,

Дәулет Ерғожин,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Дәулет Ерғожинге
2015 жылғы « »

Жоғары мәртебелі!

      Осымен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан достық консультациялардың нәтижесінде бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі төмендегілер туралы келіскенін растаймын:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтініші бойынша Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Алматы облысы бойынша МКД) «Қалжат» өткізу пунктінде орнату жоспарланып отырған саны 2 (екі) дана стационарлық инспекциялық-тексеріп қарау кешенін, Астана қаласында «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі» объектілерінде пайдалану үшін саны 3 (үш) дана ұтқыр инспекциялық-тексеріп қарау кешенін, саны 20 (жиырма) дана багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйесін және саны 10 (он) дана адам денесін тексеруге арналған жүйені, сондай-ақ 250 млн. юань жалпы сомасына қажетті жиынтықтауыш материалдарды беру арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз негізде техникалық көмек көрсетуге келісті.
      Қытай тарапы өзіне Алматы облысы бойынша МКД «Қалжат» өткізу пунктіне стационарлық инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, Астана қаласына ұтқыр инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін және адам денесін тексеруге арналған жүйелерді жеткізуді және монтаждауды, іске қосып баптауды, өз материалдарын пайдалана отырып, тиісті жұмыстар жүргізуді жүзеге асыру, Қазақстан тарапы үшін мамандар даярлауды қамтамасыз ету міндеттемесін алады.
      2. Қазақстан тарапы өзіне жеткізілетін жабдықтарды және жиынтықтауыш материалдарды кедендік тазартуды, сондай-ақ оларды қабылдауды жабдықтарды монтаждауды және іске қосып баптауды жүзеге асыру кезінде Қытай тарапына жәрдем көрсету үшін жауапты қызметкерлерді тағайындай отырып қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік баждар мен салықтар төлеуден босату міндеттемесін алады.
      Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жоғарыда көрсетілген жабдықтарды монтаждау кезінде Қытай тарапында салықтың өзге түрлерін төлеу жөніндегі міндеттемесі туындамайтынын растайды.
      Қазақстан тарапы Қытай мамандары үшін Қазақстан Республикасына кіруге және одан шығуға рұқсат ресімдеуде және келісімшартты іске асыру кезеңінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуында Қытай тарапына жәрдем көрсетеді.
      3. Жабдықтарды орнату жабдықтарды монтаждауға, тасымалдауға және іске қосып баптауға байланысты өзге іс-шаралар бойынша нақты шарттар Қытай тарапынан – уәкілетті орган Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі, Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қол қоятын келісімшартта көзделеді.
      4. Жеткізілетін жабдықтарды орнату және іске қосып баптау аяқталған соң Қытай Халық Республикасының және Қазақстан Республикасының үкіметтері өкілеттік берген органдар қабылдау-беру актісіне қол қояды.
      5. Жоғары мәртебелі Сіздің Үкіметіңіздің атынан жоғарыда жазылғандарды растайтын жауап хат алынған жағдайда, осы хат және Жоғары мәртебелі Сіздің жауап хатының Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, багажды сканерлеуге арналған компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін, адам денесін тексеруге арналған жүйелерді өтеусіз беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрайтын болады.
      6. Осы Келісім Қытай тарапы Қазақстан тарапының жауап хатын алған күннен бастап күшіне енеді.
      Қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар.
      Зор құрметпен,

Чжун Шань,
Қытай Халықаралық сауда өкілі,
Қытай Халық Республикасының
Коммерция министрінің орынбасары
_______ қ. 2015 жылғы « » маусым

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің Қытай тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады