"Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 527 қаулысы

      «Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 527 қаулысына баспасөз хабарламасы «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес «Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 527 қаулысы әзірленген.
      Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы қаражатын болжамайды және теріс әлеуметтік - экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
      Қаулыны қабылдаудың мақсаты табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларының (әдістемесінің) жекелеген ережелерін айқындау және ңақтылау болып табылады.
      Қаулыны қабылдаудың қажеттілігі уранның нарық бағасының күрт секіруінен/ауытқуынан қорғау тетіктерін жасау және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың Үндістанға табиғи уран жеткізуге арналған ірі ұзақ мерзімдік келісімшартын жасасу бойынша кедергілерді жою болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз