"Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 583 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 127 қаулысымен

      "Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 583 қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      2015 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі "Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулы (бұдан әрі - Қаулы) қабылдады.

      Қаулы "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 17-баптарына "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген түзетулерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

      Қаулы персонал санаттарын алып тастауды, сондай-ақ филиалды экономикалық қызмет түріне жатқызу жөнінде талап белгілеуді болжайды.

      Қаулының қабылдануына байланысты әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдар болжанбайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз