Қазақстан Республикасы Үкіметінің Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге және Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қатысушы болмау ниеті туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 608 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 9 қыркүйекте Мәскеуде жасалған Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге және 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте жасалған Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қатысушы болмау ниеті туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Комитетін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады