"Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 502 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 649 қаулысы

«Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 502 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 649 қаулысына баспасөз релизі

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 136-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту бойынша құзыретін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құзыретіне тапсыру көзделген.
      Осылай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 493 бұйрығымен Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11554 тіркелген) бекітілді.
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылады.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2015 жылғы 20 тамызда «Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 502 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
      Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз