Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерi туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерi туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 11, 72-құжат; 2008 ж., № 13-14, 53-құжат; 2012 ж., № 12, 82-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде);»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (тігу, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (тігу, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен қатар орналастырылады.»;
3) 6-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «ұдайы орналастырылады.» деген сөздер «ұдайы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасын және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
4) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) Мемлекеттік Гимннің мәтіні міндетті түрде орналастырылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Гимнді орындау және оның мәтінін пайдалану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»;
5) 10-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (тігу, орналастыру) қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту;»;
6) 11-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құрады, сондай-ақ ол туралы ереже әзірлейді және бекітеді;».
2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті