Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия
Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд
Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді және
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия
Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд
Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру
хаттамасын ратификациялау туралы
2015 жылғы 2 наурызда Брюссельде жасалған Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісім және Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру хаттамасы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері
(Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі
және Нидерланд Корольдігі) арасындағы
реадмиссия туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі (1960 жылы 11 сәуірде жасалған Бенилюкс Конвенциясы ережелеріне байланысты бірлесіп әрекет етушілер (бұдан әрі - Бенилюкс мемлекеттері)
өз азаматтарының, сондай-ақ үшінші мемлекеттер азаматтарының заңсыз көші-қонына қарсы тиімді күресуге өз ниетін растауды қалай отырып,
Тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және өзара келісім негізінде жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына сәйкес тиісті Тараптың аумағында заңсыз болатын адамдарды қабылдауды және шығарып жіберуге жататын адамдардың транзитін жеңілдетуге ниет білдіре отырып,
осы Келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес Тараптар арасындағы үшінші мемлекеттер азаматтарының реадмиссиясы бойынша міндеттемелерді белгілеуге ниет білдіре отырып,
адам құқықтарын құрметтеуге кепілдік беретін рәсімдерге сәйкес жылдам және қауіпсіз реадмиссияны қамтамасыз етуге мүдделі бола отырып,
адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттілігін мойындай отырып және осы Келісімнің 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан және басқа да халықаралық шарттардан, атап айтқанда, 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындар мәртебесі туралы конвенциядан және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесіне қатысты хаттамадан, 1954 жылғы 28 қыркүйектегі Апатридтердің мәртебесі туралы конвенциядан, 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіден, 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциядан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейтінін атап көрсете отырып,
Тараптар арасындағы реадмиссия және мемлекеттік шекараларды өзара кесіп өтуді оңайлату саласындағы ынтымақтастықтың ортақ мүдделілікті білдіретінін назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде келтірілген терминдердің мынадай мағыналары бар:
1) «аумақ»:
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының аумағы;
Бенилюкс мемлекеттері үшін: Еуропада - Бельгия Корольдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің және Нидерланд Корольдігінің біріккен аумағы;
2) «реадмиссия» - сұрау салушы Тараптың аумағына заңсыз кірген, онда болатын немесе тұрып жатқан сұрау салынатын Тарап азаматтарын, үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды сұрау салушы Тарап құзыретті органының беруі және сұрау салынатын Тарап құзыретті органының қабылдауы;
3) «өз азаматы» - Қазақстан Республикасының не Бенилюкс мемлекеттері бірінің азаматтығына ие кез келген адам;
4) «үшінші мемлекеттің азаматы» - Қазақстан Республикасының немесе Бенилюкс мемлекеттері бірінің азаматтығы жоқ кез келген адам;
5) «азаматтығы жоқ адам» - өз заңына байланысты қандай да бір мемлекет өз азаматы ретінде қарастырмайтын адам;
6) «сұрау салушы Тарап» - осы Келісімнің ережелеріне сәйкес адамның реадмиссиясы немесе транзиті туралы өтінішхатты жіберетін Тарап;
7) «сұрау салынатын Тарап» - осы Келісімнің ережелеріне сәйкес адамның реадмиссиясы немесе транзиті туралы өтінішхат жіберілетін Тарап;
8) «тұруға ықтиярхат» - адамға Қазақстан Республикасының не Бенилюкс мемлекеттері бірінің аумағында тұруға құқық беретін, пана беру туралы өтінішхатты немесе тұруға рұқсат беру туралы өтінішхатты қарау рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының не Бенилюкс мемлекеттері бірінің аумағында болуға уақытша рұқсатты қамтымайтын, Тараптардың бірі беретін кез келген түрдегі ресми рұқсат;
9) «транзит» - үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы сұрау салушы Тарап мемлекетінен межелі мемлекетке жүру жолы бойынша жүріп өтуі.
2-бап
Өз азаматтарының реадмиссиясы
1. Егер осы Келісімнің 5-бабына сәйкес осы адамның сұрау салынатын Тараптың азаматы екені дәлелденсе немесе анықталса, осы Келісімнің шеңберінде сұрау салынатын Тарап сұрау салушы Тараптың өтінішхаты бойынша сұрау салушы Тараптың аумағына кіру, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтататын кез келген адамды өз аумағында қабылдайды.
2. Көрсетілген ереже сондай-ақ сұрау салушы Тараптың аумағына кіргеннен кейін сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығынан айырылған немесе бас тартқан, бірақ сұрау салушы Тараптың азаматтығын әлі алмаған адамдарға да қолданылады.
3. Сұрау салынатын Тарап осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың реадмиссиясымен бірге, олардың:
1) егер олардың сұрау салушы Тараптың аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, туған жеріне немесе азаматтығына қарамастан, олардың некеге тұрмаған кәмелетке толмаған балаларының;
2) егер олардың сұрау салушы Тарап аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, егер сұрау салынатын Тараптың аумағына кіруге, онда болуға және тұруға құқығы болса немесе кіру, онда болу және тұру құқығын ала алса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың азаматтығынан өзге азаматтығы бар ерлі-зайыптылардың реадмиссиясын жүзеге асырады.
4. Сұрау салушы Тараптың өтініші бойынша және осы Келісімнің 7-бабы 5-тармағының ережелеріне сәйкес сұрау салынатын Тарап реадмиссияға жататын адамның кері қайтуы үшін қажетті жол жүру құжаттарын кідіріссіз беруге міндетті.
3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және
азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы
1. Сұрау салушы Тараптың аумағына кіру, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтататын үшінші мемлекет азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды, егер мұндай адамның:
1) сұрау салынатын Тарап берген қолданыстағы тұруға ықтиярхатының бар екені;
2) сұрау салынатын Тарап берген транзиттік визадан басқа, қолданыстағы визасының бар екені;
3) сұрау салушы Тараптың аумағына келген кезде қолданыстағы тұруға ықтиярхатқа немесе сұрау салынатын Тарап берген транзиттік визадан басқа, қолданыстағы визаға ие болғаны;
4) сұрау салынатын Тараптың аумағын кесіп өткеннен кейін немесе онда болғаннан кейін сұрау салушы Тараптың аумағына кіргені туралы дәлелдемелер ұсынылса, осы Келісімнің шеңберінде сұрау салынатын Тарап сұрау салушы Тараптың өтінішхаты бойынша өз аумағында қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссияға қатысты міндеттеме егер:
1) сұрау салушы Тарап өз аумағына кіргенге дейін немесе одан кейін үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға транзиттік визадан басқа, виза немесе тұруға ықтиярхат берген;
2) сұрау салынатын Тарап берген виза немесе тұруға рұқсат жасанды немесе жалған құжаттардың көмегімен алынған жағдайда қолданылмайды.
4-бап
Реадмиссия туралы өтінішхат
1. Осы Келісімнің 2 немесе 3-баптарының негізінде реадмиссия туралы өтінішхат сұрау салынатын Тараптың құзыретті органына жазбаша түрде жіберіледі.
2. Реадмиссия туралы өтінішхат мынадай мәліметтерді:
1) адам туралы жеке мәліметтерді (тегі, аты, бұрынғы аттары, лақап және бүркеме аттары, ойдан шығарылған аттары, жынысы, туған күні, туған жері, сұрау салынатын Тарап аумағында соңғы тұрған жері);
2) осы Келісімнің 5 немесе 6-баптарында санамаланған дәлелдемелердің көшірмелерін қамтуға тиіс.
3. Реадмиссия туралы өтінішхат, қажет жерінде, мынадай мәліметтерді де:
1) беруге жататын адам ерекше (медициналық немесе өзге де) күтімге мұқтаж екені не жедел медициналық жәрдем автомашинасында тасымалдануы тиіс екендігі туралы дәлелді;
2) берген жағдайда қажет болуы мүмкін қорғану немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кез келген басқа шаралар туралы хабарламаны қамтуға тиіс.
4. Егер реадмиссияға жататын адамның жарамды ұлттық паспорты болса және егер мұндай адам - үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның осы адамда қабылдайтын Тараптың қолданыстағы визасы немесе тұруға ықтиярхаты болған жағдайда, реадмиссия туралы өтінішхат талап етілмейді.
5. Егер реадмиссияға жататын адам Тараптардың бірінің әуежайының халықаралық аймағында болса, онда құзыретті органдар көрсетілген рәсімдерді оңайлатылған негізде жүзеге асыруға құқылы.
5-бап
Өз азаматтарына қатысты азаматтық дәлелдемелері
1. Осы Келісімнің 2-бабына сәйкес азаматтық дәлелдемелері мынадай:
1) жарамды паспорт немесе оны алмастыратын фотосуреті бар жол жүру құжаты (жол жүру құжаты);
2) жарамды ішкі жеке куәлік;
3) жарамды әскери билет немесе иесінің фотосуреті бар, қарулы күштердің куәландыратын басқа құжаты;
4) теңізшінің жеке куәлігі;
5) сұрау салынатын Тарап берген адамның азаматтығын көрсететін және фотосуреті бар басқа да ресми құжаттар;
6) осы тармақта көрсетілген, реадмиссия туралы өтінішхат жіберілген сәтте қолданылу мерзімі өткен құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, Тараптар адамның азаматтығын одан әрі формальды әрекеттерді орындамай-ақ таниды.
2. Теріске шығаратын дәлелдемелер болмаған жағдайда, осы Келісімнің 2-бабына сәйкес азаматтықтың дәлелдемелер prima facie (бір қарағанда) мынадай:
1) осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттардың бірінің көшірмесі;
2) адамның азаматтығын анықтауға көмектесетін биометриялық деректерді қоса алғанда, басқа да құжаттар немесе деректер (теңізші кітапшасы, жүргізуші куәлігі, т.с.с.);
3) тууды, некені, өлімді муниципалды тіркеу органы берген консулдық тіркеуді, азаматтықты растауды немесе дәлелдеуді көрсететін құжаттар;
4) осы тармақтың 2) - 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;
5) куәгерлердің жазбаша түрдегі өтініштері;
6) сенімді куәгердің жазбаша түрдегі өтініштері;
7) адамның жазбаша түрдегі өз өтініші нысандарында ұсынылуы мүмкін.
Осындай құжаттар немесе деректер ұсынылған жағдайда, егер сұрау салынатын Тарап осындай фактіні теріске шығармаса, Тараптар азаматтықты анықталған деп есептейді.
3. Егер 1 және 2-тармақтарда санамаланған құжаттардың немесе деректердің бірде-біреуін ұсыну мүмкін болмаса, бірақ сұрау салушы Тарап реадмиссияға жататын адамның азаматтығына қатысты белгілі бір болжамдар бар деп ұйғарса, онда сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдары осы адамның азаматтығын анықтау үшін қажетті шараларды қолдануға міндетті. Осыған байланысты сұрау салушы Тараптың аумағында аккредиттелген сұрау салынатын Тараптың дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі басқалармен бірге осы адам қарым-қатынас жасайтын тіл негіздерін анықтау үшін, сондай-ақ ол өзінің азаматы болып табылатындығын айқындау тұрғысынан адамнан сұрау алуға міндетті.
6-бап
Үшінші мемлекеттердің азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты дәлелдемелер
1. Осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы мынадай дәлелдемелерді:
1) сұрау салынатын Тарап берген жарамды визаларды немесе тұруға ықтиярхатты;
2) қолданылу мерзімі алдыңғы екі жыл ішінде өткен сұрау салынатын Тарап берген визаларды немесе тұруға ықтиярхатты;
3) кіру/шығу мөртабандарын немесе адамның сұрау салынатын Тараптың аумағына кіру немесе онда болу фактісін растайтын немесе оның осындай сұрау салынатын Тараптың аумағынан сұрау салушы Тараптың аумағына кіргенін (жол жүру маршрутын) дәлелдейтін жол жүру құжатындағы осыған ұқсас белгілерді;
4) адамның атына сұрау салынатын Тарап берген құжаттарды (мысалы, жүргізуші куәлігі, жеке куәлігі);
5) сұрау салынатын Тараптың аумағында тууды, некені немесе өлімді тіркеу кезінде берілген құжаттарды;
6) қоса алғанда, осы тармақтың 1)-5) тармақшаларында санамаланған құжаттардың көшірмелерін ұсыну негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған дәлелдемелерді Тараптар қандай да бір қосымша формальды әрекеттерсіз-ақ таниды.
2. Осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген үшінші мемлекет азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы шарттарының орындалғаны туралы дәлелдемелер prima facie (бір қарағанда) мынадай растайтын құжаттар:
1) егер сұрау салынатын Тараптың аумағына адамның келу немесе онда болу фактісін не оның сұрау салынатын Тараптың аумағынан сұрау салушы Тараптың аумағына келу фактісін дәлелдейтін болса, адамның атын көрсететін жол жүру билеттері, құжаттар немесе шот-фактуралар (мысалы, қонақ үй шоттары, дәрігердің/тіс дәрігерінің қабылдау тағайындау туралы құжаттар, қоғамдық/жеке мекемелерге кіруге рұқсатнамалар, ұшақпен ұшу немесе кемемен жүзу үшін жолаушылар тізімдері);
2) мұндай адамның гидтің немесе туристік агенттіктің қызметтерін пайдаланғанын растайтын мәліметтер;
3) ресми мәлімдемелер, атап айтқанда, сұрау салынатын Тараптың мемлекеттік шекарасында жұмыс істейтін шекаралық бақылау қызметкерлерінің, сондай-ақ адамның сұрау салынатын Тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өткенін растай алатын басқа да мемлекеттік қызметшілердің ресми мәлімдемелері;
4) сұрау салынатын Тараптың аумағында мұндай адамның бар екені туралы мемлекеттік қызметшілердің ресми мәлімдемелері;
5) қолданылу мерзімі екі жыл бұрын өткен, сұрау салынатын Тарап берген тұруға ықтиярхат;
6) сұрау салушы Тараптың аумағына кіргеннен кейін адамның ұсталған жерін, сондай-ақ мән-жайларды сипаттайтын жазбаша мәлімдеме;
7) адамды сәйкестендіруге және/немесе оның болуына қатысты халықаралық ұйымның ақпараты;
8) туристік агенттіктің өтініші;
9) адамның өз өтініші;
10) басқа құжаттар (мысалы, адамның аты көрсетілмеген келу билеттері) не олардың негізінде сұрау салынатын Тараптың аумағында адамның қозғалу маршрутын немесе тұратын жерін дәл анықтауға болатын сенімді мәліметтер түрінде ұсынылуы мүмкін.
Prima facie (бір қарағанда) осындай дәлелдемелер ұсынылған жағдайда, егер сұрау салынатын Тарап мұндай ұйғарымды теріске шығармаса, Тараптар шарттар орындалды деп ұйғарады.
7-бап
Мерзімдер
1. Егер адамның сұрау салушы Тараптың аумағына кіру немесе онда тұру шарттарын орындамағаны не бұдан әрі сақтамайтыны анықталса, сұрау салушы Тараптың құзыретті органы өз азаматының реадмиссиясы туралы өтінішхатты кез келген уақытта бере алады.
2. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясы туралы өтінішхатты үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның кіруі, болуы немесе тұруы шарттарын орындамағаны немесе орындауды тоқтатқаны туралы сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органына белгілі болған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде береді.
Өтінішхатты уақтылы беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде, негізделген сұрау салу негізінде жауап беру мерзімі олардың шешілуіне дейін ұзартылады.
3. Реадмиссия туралы өтінішхатқа жауап дереу және кез келген жағдайда, оны алған күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс. Реадмиссия туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, бас тарту себептері жазбаша нысанда көрсетілуге тиіс.
4. Келісімге қол жеткізілгеннен кейін немесе тиісті жағдайда күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткеннен кейін сұрау салынатын Тарап бұдан әрі формальды әрекеттерсіз-ақ және кез келген жағдайда, бір ай ішінде реадмиссиясы келісілген адамның реадмиссиясын дереу жүзеге асыруға міндетті. Осы мерзім өтініш берушінің өтініші бойынша заңды немесе өзге сипаттағы кедергілерді жою үшін қажетті мерзімге ұзартылуы мүмкін.
5. Сұрау салушы Тараптың өтініші бойынша сұрау салынатын Тарап дереу және кез келген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде адамды беру үшін қажетті, оның атына жазылған және берген сәттен бастап кемінде алты ай бойы ішінде жарамды жол жүру құжаттарын ұсынуға міндетті. Егер сұрау салынатын Тарап қажетті жол жүру құжатын реадмиссия туралы өтінішхатты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсына алмаған жағдайда, сұрау салушы Тарап берген жол жүру құжатын пайдалануға сұрау салынатын Тарап келіседі деп танылады. Егер адамды алғашқы жол жүру құжатының қолданылу мерзімі өткенге дейін беру мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынатын Тарап заңдық немесе өзге де мақсаттарда бес жұмыс күні ішінде, берген сәттен бастап кемінде алты ай бойы жарамды болатын жаңа жол жүру құжатын беруге міндетті.
8-бап
Беру тәсілдері және көлік түрлері
1. Реадмиссияға жататын адамды бергенге дейін сұрау салушы Тараптың құзыретті органдары сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдарына беру күні, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті, ықтимал еріп жүру және беруге қатысты басқа да ақпарат туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
2. Құрлық, теңіз немесе әуе көлігінің кез келген түрін пайдалануға тыйым салынбайды. Көлік түрін таңдауды сұрау салушы Тарап жүзеге асырады. Рейстік не чартерлік әуе маршруттары пайдаланылуы мүмкін.
9-бап
Қате реадмиссия
Сұрау салушы Тарап кез келген адамды, егер тексеріс барысында сұрау салушы Тараптың аумағынан кеткеннен кейін үш айдан кешіктірілмей, реадмиссия сәтінде осы Келісімнің 2 немесе 3-баптарында көрсетілген шарттардың орындалмағаны анықталса, кері қабылдайды.
Мұндай жағдайларда қажетті өзгерістер ескеріле отырып, осы Келісімнің процестік ережелері қолданылады және сұрау салынатын Тарап осы адамның жеке басы және азаматтығы туралы қолда бар барлық ақпаратты береді.
10-бап
Транзит қағидалары
1. Тарап өз аумағы арқылы үшінші мемлекеттер азаматтарының транзитін жүзеге асыруға, егер мұндай адамдар кез келген басқа транзиттік мемлекеттер арқылы тасымалданатын және оларды соңғы баратын мемлекет мәжбүрлеп алып жүретін жағдайда екінші Тарап осындай өтінішпен жүгінетін болса, рұқсат береді.
2. Тараптар үшінші мемлекет азаматтарының транзитін шектеу үшін мұндай адамдар межелі мемлекетке тікелей қайтарыла алмаған жағдайда, барлық қажетті шараларды қолданады.
3. Тараптар:
1) егер үшінші мемлекеттің азаматына соңғы баратын мемлекетте немесе басқа да транзиттік мемлекеттерде қауіп төнсе не оның азаптауларға, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысын қорлайтын өзге де іс-әрекетке не жазалауға, өлім жазасына немесе нәсілдік, діни, ұлттық тиесілік белгілері, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілілігі немесе саяси көзқарастары бойынша қудалауға ұшырауы мүмкін болса;
2) егер сұрау салынатын Тарап аумағында немесе транзиттік мемлекетте үшінші мемлекеттің азаматы қылмыстық тәртіппен қудаланатын болса немесе сот үкімінің субъектісіне айналса;
3) сұрау салынатын Тарап халқының денсаулығын, ұлттық қауіпсіздігін, қоғамдық тәртібін сақтау тұрғысынан транзит беруден бас тартуы мүмкін.
4. Егер осы баптың 3-тармағында санамаланған мән-жайлар кейіннен транзитке кедергі келтірсе не егер транзиттік мемлекеттер арқылы адамның жол жүруі мүмкін болмаса, Тараптар бұрын берілген кез келген рұқсаттың күшін жоюға құқылы. Мұндай жағдайларда сұрау салушы Тарап үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды өз аумағына дереу кері қабылдауға міндетті.
11-бап
Транзит тәртібі
1. Транзит туралы өтінішхат сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдарына жазбаша түрде ұсынылуға тиіс және мынадай мәліметтерді:
1) транзит түрін (әуе, жерүсті немесе теңіз), басқа ықтимал транзиттік мемлекеттерді және соңғы баруы мүмкін деп болжанатын мемлекетті;
2) адам туралы жеке мәліметтерді (тегі, аты, туған күні және туған жері, азаматтығы, жол жүру құжатының түрі мен нөмірі);
3) мемлекеттік шекараны болжамды кесіп өтуді, адамды беру уақытын және ықтимал еріп жүруді;
4) осы Келісімнің 10-бабының 1 және 2-тармақтарында айқындалған шарттардың қанағаттандырылғаны, сондай-ақ осы Келісімнің 10-бабы 3-тармағының негізінде бас тарту үшін ешқандай себептердің жоқ екені туралы сұрау салушы Тараптың пікірі бойынша өтінішін қамтуға тиіс.
2. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы мемлекеттік шекараны кесіп өту жері мен жоспарланған қабылдау уақытын растай отырып, адамды қабылдауға рұқсатты беру туралы не бас тарту себебін көрсете отырып, қабылдаудан бас тарту туралы сұрау салушы Тараптың құзыретті органына жазбаша түрде дереу хабарлауға міндетті.
3. Транзит әуе көлігімен жүзеге асырылған жағдайда, транзиті жүзеге асырылып жатқан адамға сұрау салынатын Тараптың ұлттық немесе халықаралық әуежайының аймағына кіруге рұқсатты алу мақсатында еріп жүрумен қатар қызмет көрсету бойынша қажетті қызметтер ұсынылуға тиіс.
4. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдары транзит бойынша, атап айтқанда, тасымалданатын адамдарды бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсету бойынша тиісті қызметтерді ұсыну арқылы жәрдемдесуге міндетті.
12-бап
Шығыстар
Осы Келісімге сәйкес соңғы баратын мемлекеттің шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін реадмиссияны және транзитті жүзеге асыру кезінде немесе қате қабылданған адамдарды қайтару кезінде туындайтын барлық көлік шығыстарын Тараптардың құзыретті органдарының осындай шығыстарды өтеу құқығына залал келтірмей, сұрау салушы Тарап реадмиссияға жататын адамдардың немесе үшінші тараптардың есебінен өтейді.
13-бап
Деректерді қорғау
Дербес деректерді беру Тараптардың құзыретті органдарының осы Келісімді іске асыруы үшін қажет болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Әрбір нақты жағдайда дербес деректерді беру, өңдеу және пайдалану кезінде Тараптардың құзыретті органдары өз ұлттық заңнамаларына сәйкес әрекет етеді.
Бұған қосымша мынадай қағидаттар қолданылуға жатады:
1) дербес деректер әділ және заңды негізде өңделуге тиіс;
2) дербес деректерді жинау осы Келісімді іске асыруға байланысты анық, айқын көрінетін және заңды мақсатта жүзеге асырылуға тиіс, ал жинауды жүргізетін органның да, сол сияқты оларды алатын органның да оларды кейіннен өңдеуі көрсетілген мақсатқа үйлеспейтіндей түрде жүзеге асырылмауға тиіс;
3) дербес деректер барабар, іске қатысты болуға және оларды жинау жүргізілетін және (немесе) кейіннен өңдеу жүзеге асырылатын мақсат аясында шамадан тыс болмауға тиіс. Атап айтқанда, берілетін дербес деректер тек қана мыналарға:
беруге жататын адам туралы жеке мәліметтерге (тегі, аты, бұрынғы аттары, жалған немесе бүркеме аттары, туған күні мен жері, жынысы, қазіргі және бұрынғы азаматтығы);
жеке куәлігіне немесе паспортына (сериялық нөмірі, қолданылу мерзімі, берілген күні, берген орган, берілген жері);
аялдау орындарына және жүру маршруттарына;
беруге жататын адамды сәйкестендіру үшін немесе осы Келісімге сәйкес реадмиссия үшін негіз болып табылатын жағдайлардың бар-жоғы туралы мәселені зерделеу үшін қажетті өзге де ақпаратқа қатысты болуы мүмкін;
4) дербес деректер дәл болуға және қажеттілігіне қарай жаңартылуға тиіс;
5) дербес деректер осы деректердің субъектілерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда және оларды жинау әрі кейіннен өңдеу үшін талап етілетін мерзімнен аспайтын мерзімде сақталуға тиіс;
6) дербес деректерді беретін құзыретті орган және дербес деректерді алатын құзыретті орган оларды өңдеу осы баптың ережелеріне сәйкес келмейтін жағдайларда, атап айтқанда, бұл деректер барабар, іске қатысты, дәл болып табылмаса немесе оларды өңдеу мақсаты аясында шектен тыс болып табылса, дербес деректерді түзету, жою немесе бұғаттау бойынша барлық ақылға қонымды шараларды қолданады. Бұл екінші Тарапқа көрсетілген деректерді кез келген түзетулер, жою немесе бұғаттау туралы хабарлауды көздейді;
7) дербес деректерді алатын құзыретті орган сұрау салу бойынша дербес деректерді беретін құзыретті органға берілген деректерді пайдаланғаны және олардың негізінде алынған нәтижелер туралы хабарлайды;
8) дербес деректер Тараптардың тек құзыретті органдарына берілуі мүмкін. Оларды кейіннен басқа органдарға беру дербес деректерді беретін құзыретті органның алдын ала келісімін талап етеді;
9) дербес деректерді беретін құзыретті орган және дербес деректерді алатын құзыретті орган дербес деректерді беруді және алуды жазбаша нысанда тіркеуге міндетті.
14-бап
Өзге халықаралық міндеттемелермен арақатынас
Осы Келісім өздері қатысушылары болып табылатын кез келген халықаралық шарттарға сәйкес Тараптардың құқықтарына, міндеттемелеріне және жауапкершілігіне нұқсан келтірмейді.
15-бап
Іске асыру хаттамасы
Тараптар Іске асыру хаттамасын жасайды, ол осы Келісімді іске асыру бойынша барлық қажетті практикалық ережелерді, бұдан өзге:
1) Тараптардың құзыретті органдарын айқындауды;
2) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін айқындауды;
3) адамдардың реадмиссиясы не транзиті еріп жүрумен жүзеге асырылуға тиіс шарттар мен тәртіпті қамтиды.
16-бап
Дауларды шешу
Осы Келісімді іске асыру мәселелері, оның ішінде осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптардың арасындағы даулар Тараптардың өзара келісуі бойынша консультациялар арқылы шешіледі.
17-бап
Түзетулер
Тараптар өзара келісім бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 20-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
18-бап
Бенилюкс мемлекеттері үшін депозитарий
Бельгия Корольдігінің Үкіметі Бенилюкс мемлекеттері үшін осы Келісімнің депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) болады.
Осы Келісімнің төлнұсқасы депозитарийде сақталады, ол расталған және теңтүпнұсқалы көшірмелерін Бенилюкс мемлекеттерінің Тараптарына жібереді.
19-бап
Аумақтық қолданылуы
Нидерланд Корольдігіне қатысты осы Келісімнің қолданылуы Бенилюкс мемлекеттері үшін осы Келісімнің депозитарийіне дипломатиялық арналар арқылы және осы Келісімнің басқа Тараптарына хабарлауға тиіс жазбаша хабарлама бойынша Еуропадан тыс жерлерде орналасқан бөліктерде қолданылуы мүмкін.
20-бап
Күшіне енуі
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы екі Тараптың, оның бірі Қазақстан Республикасы болып табылады, жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар бойынша депозитарий алған күннен кейінгі келесі екінші айдың бірінші күнінде күшіне енеді.
2. Кез келген екінші Тарапқа қатысты осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай екінші Тараптың орындағаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша депозитарийден алған күннен кейінгі келесі екінші айдың бірінші күнінде күшіне енеді.
3. Депозитарий Тараптардың әрқайсысына 1 және 2-тармақтарда көрсетілген хабарламаларды алғаны туралы және Тараптардың әрқайсысы үшін осы Келісімнің күшіне енген күндері туралы хабарлайды.
4. Осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларының ережелері осы баптың 1-тармағында белгіленген күннен бастап үш жыл өткен соң қолданылады. Осы үшжылдық кезең ішінде 3-баптың 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларының ережелері Тараптар реадмиссия туралы халықаралық шарттар жасасқан үшінші мемлекеттердің азаматтығы жоқ адамдарына және сол үшінші мемлекеттердің азаматтарына ғана қатысты қолданылады.
21-бап
Қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
1. Осы Келісім белгіленбеген кезеңге жасалады.
2. Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі бірлесе отырып ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қорғау немесе халықтың денсаулығын сақтау мақсатында депозитарий арқылы Қазақстан Республикасына дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұруы мүмкін. Мұндай шараны болғызбау туралы депозитарий Қазақстан Республикасына дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлайды.
3. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қорғау немесе халықтың денсаулығын сақтау мақсатында депозитарий арқылы Бенилюкс мемлекеттеріне дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұруы мүмкін. Мұндай шараны болғызбау туралы Қазақстан Республикасы депозитарийге дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлайды.
4. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген хабарлама алынған айдан кейінгі келесі бірінші айдың бірінші күнінде күшіне енеді.
5. Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі бірлесе отырып, тиісінше Қазақстан Республикасына жазбаша түрде хабарлайтын депозитарийге дипломатиялық арналар арқылы хабарлай отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады.
6. Қазақстан Республикасы басқа Бенилюкс мемлекеттеріне хабарлайтын депозитарийге дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабарлай отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады.
7. Осы Келісім осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған айдан кейінгі келесі екінші айдың бірінші күні өз қолданысын тоқтатады.
Осыларды куәландыру үшін Тараптардың осы мақсатта тиісінше уәкілеттік берілген өкілдері осы Келісімге қол қойды.
Брюссель қаласында 2015 жылғы 2 наурызда әрқайсысы қазақ, француз, нидерланд және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасы Бельгия Корольдігі
үшін үшін
Люксембург Ұлы Герцогтігі
үшін
Нидерланд Корольдігі
үшін
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері
(Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және
Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия
туралы келісімді іске асыру
ХАТТАМАСЫ
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) 2015 жылғы 2 наурызда Брюссель қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы және Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Осы Іске асыру хаттамасын қолдану үшін төменде келтірілген терминдердің мынадай мағыналары бар:
«дипломатиялық миссия» - сұрау салынатын Тараптың сұрау салушы Тарап аумағындағы дипломатиялық өкілдігі;
«еріп жүретін адамдар» - реадмиссияға не транзитке жататын адамға еріп жүру үшін сұрау салушы Тарап тағайындаған адам (немесе адамдар).
2-бап
Реадмиссия туралы өтінішхат жіберу
(Келісімнің 4-бабы)
1. Реадмиссия туралы өтінішхат факс бойынша, электрондық түрде немесе басқа да техникалық құралдар арқылы сұрау салынатын Тараптың дипломатиялық миссиясы мен құзыретті органына жіберіледі.
2. Реадмиссия туралы өтінішхат осы Іске асыру хаттамасына 1Б қосымшада келтірілген бланкіні пайдалана отырып жіберіледі.
3. Келісімнің 4-бабының 4-тармағында белгіленген шарттар орындалған жағдайда, осы Іске асыру хаттамасына 3-қосымшада келтірілген бланкіні пайдалана отырып, жазбаша хабарлама жіберу жеткілікті болады.
4. Реадмиссия туралы белгілі бір өтінішхат бойынша неғұрлым нақты мәліметтер беру немесе алу үшін Тараптар дипломатиялық миссияға және құзыретті органға өтініш жасайды.
3-бап
Өтінішхатқа жауап
(Келісімнің 7-бабының 3-тармағы)
1. Реадмиссия туралы өтінішхатқа жауап факс бойынша, электрондық түрде немесе басқа да техникалық құралдар арқылы сұрау салушы Тараптың дипломатиялық миссиясы мен құзыретті органына жіберіледі.
2. Бұл есеп осы Іске асыру хаттамасының 2-бабының 2-тармағында келтірілген бланкіні пайдалана отырып беріледі.
4-бап
Жол жүру құжаттары
(Келісімнің 7-бабының 5-тармағы)
1. Реадмиссия туралы өтінішхатқа оң жауап болған жағдайда, дипломатиялық миссия Келісімнің 7-бабының 5-тармағына сәйкес кету үшін қажетті жол жүру құжаттарын сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарына береді.
2. Егер дипломатиялық миссия тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қажетті жол жүру құжаттарын бермесе, онда Келісімнің 7-бабы 5-тармағының негізінде сұрау салынатын Тарап сұрау салушы Тарап берген жол жүру құжатын пайдалануға келісті деп есептеледі. Тараптардың осы мақсатта пайдаланатын құжаттары осы Іске асыру хаттамасына 4 және 5-қосымшаларда келтірілген.
5-бап
Беру
(Келісімнің 8-бабы)
1. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы болжамды беру туралы сұрау салынатын Тараптың құзыретті органына және дипломатиялық миссиясына кемінде үш жұмыс күні бұрын факс бойынша, электрондық түрде немесе өзге де техникалық құралдар арқылы хабарлайды. Бұл мақсат үшін ол Іске асыру хаттамасына 2-қосымшада келтірілген бланкілерді пайдаланады.
2. Егер сұрау салушы Тарап реадмиссияға жататын адамды Келісімнің 7-бабының 4-тармағында көзделген бір айлық мерзім ішінде беру мүмкін емес деп тапса, онда ол сұрау салынатын Тараптың құзыретті органына және дипломатиялық миссиясына бұл туралы дереу хабарлайды. Адамды нақты қайтарғаннан кейін сұрау салушы Тараптың құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімдерде сұрау салынатын Тарапқа бірден хабарлайды.
3. Егер медициналық негіздер бойынша тасымалдауды құрлық немесе теңіз көлігімен жүзеге асыру қажет болса, онда сұрау салушы Тараптың құзыретті органдары осы Іске асыру хаттамасына 2-қосымшада келтірілген бланкіде бұл факт туралы жеке белгі жасайды.
6-бап
Транзит рәсімі
(Келісімнің 10-бабы)
1. Транзитке сұрау салу жоспарланған транзитке дейін кемінде екі күн бұрын факс бойынша, электрондық тәсілмен немесе басқа да техникалық құралдар арқылы сұрау салынатын Тараптың құзыретті органына жіберіледі. Бұл сұрау салу осы Іске асыру хаттамасына 6-қосымшада келтірілген бланкіні пайдалана отырып жүзеге асырылады.
2. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы өзінің транзитке келісетінін/келіспейтінін көрсете отырып, факс бойынша, электрондық тәсілмен немесе басқа да техникалық құралдар арқылы дереу жауап береді. Бұл жауап осы баптың 1-тармағында көзделген бланкіні пайдалана отырып беріледі.
3. Жалпы жағдайда транзит әуе көлігімен жүзеге асырылады.
7-бап
Транзит кезінде қолдау көрсету
(Келісімнің 11-бабының 4-тармағы)
1. Сұрау салушы Тарап қандай да бір транзит үшін сұрау салынатын Тарап органдарының қолдау көрсетуі қажет деп есептеген жағдайда, ол сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдарына адамның транзитімен бір мезгілде осындай қолдау көрсетуге сұрау салу жолдайды. Сұрау салынатын Тарап өзінің транзит туралы сұрау салуға жауабында сұратылып отырған қолдауды көрсете алатынын не көрсете алмайтынын білдіреді. Бұл мақсат үшін Тараптар осы Іске асыру хаттамасына 6-қосымшада келтірілген бланкілерді пайдаланады, сондай-ақ қажет болған жағдайда, бір-бірімен консультациялар жүргізеді.
2. Егер адам еріп жүретін адамдардың еріп жүруімен бірге орын алмастыратын болса, онда оны күзету және көліктен түсіру сұрау салынатын Тараптың бақылауымен, сондай-ақ осы Тарап қолдау көрсететін уақытқа дейін жүзеге асырылады.
8-бап
Реадмиссия немесе транзит кезінде
еріп жүретін адамдардың міндеттемелері
(Келісімнің 15-бабының 3-тармағы)
1. Транзит кезінде еріп жүретін адамдардың өкілеттіктері өзін-өзі қорғау шеңберінде шектеледі. Бұдан өзге, сұрау салынатын Тараптың қажетті шараларды қолдануға уәкілетті лауазымды адамдары болмаған жағдайда немесе осындай адамдарға қолдау көрсету мақсатында шұғыл және елеулі қауіп туындаған жағдайда қашуды, өзіне немесе үшінші тараптарға зиян келтіруді не мүлікке зиян келтіруді болдырмау үшін еріп жүретін адамдар негізді және тиісінше әрекет етуге құқылы.
Еріп жүретін адамдар сұрау салынатын Тараптың аумағында болған уақытта кез келген жағдайларда оның заңнамасын сақтауға міндетті.
2. Еріп жүретін адамдар өз міндеттерін қаруды алып жүрмей және қолданбай, азаматтық киімде атқарады. Олардың өзімен бірге реадмиссияға немесе транзитке рұқсатты растайтын құжаттары да болуға тиіс, сондай-ақ өзімен бірге әрқашан жеке басын куәландыратын құжаттары және еріп жүруге рұқсаты болуға тиіс.
3. Осы Келісім шеңберінде сұрау салынатын Тараптың органдары еріп жүретін адамдарға олардың өз міндеттерін атқаруы кезінде осындай әрекеттерді жасауға уәкілетті өз лауазымды адамдарына көрсететіндей қорғау мен қолдау көрсетеді.
9-бап
Құзыретті органдарды анықтау
(Келісімнің 15-бабының 1-тармағы)
Осы Іске асыру хаттамасы жасалған күннен бастап бір ай ішінде Тараптар Келісімді іске асыру үшін қажетті құзыретті органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізімімен және байланыс деректерімен алмасады.
Тараптар осы тізімдегі кез келген өзгерістер туралы бір-біріне дереу хабарлайды.
10-бап
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін анықтау
(Келісімнің 15-бабының 2-тармағы)
1. Осы Іске асыру хаттамасы жасалған күннен бастап бір ай ішінде Тараптар Келісімге сәйкес адамдардың берілуі және қабылдануы мүмкін болатын мемлекеттік шекаралар арқылы өту пункттері туралы бір-біріне жазбаша хабарлайды. Тараптар осы саладағы кез келген өзгерістер туралы бір-біріне дереу хабарлайды.
2. Тараптар әрбір нақты жағдайда өзге де мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы уағдаласа алады.
11-бап
Шығыстар
(Келісімнің 12-бабы)
Келісімнің 12-бабына сәйкес сұрау салушы Тарап төлеуге тиіс реадмиссия мен транзитке байланысты сұрау салынатын Тараптың жұмсаған шығыстарын ұсынылған шоттар бойынша сұрау салушы Тарап өтейді.
12-бап
Тілі
Келісімді және осы Хаттаманы іске асыру бойынша жұмыс тілі ағылшын тілі болып табылады.
13-бап
Қосымшалар
1 - 6-қосымшалар осы Іске асыру хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады.
14-бап
Түзетулер және дауларды шешу
Тараптар өзара келісу бойынша осы Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
Осы Хаттаманы іске асыру мәселелері, оның ішінде осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар Тараптардың өзара келісуі бойынша консультациялар арқылы шешіледі.
15-бап
Күшіне енуі және денонсация
1. Осы Іске асыру хаттамасы Келісім күшіне енген күні бір мезгілде күшіне енеді.
2. Осы Іске асыру хаттамасы Келісім қолданылуының тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданысын тоқтатады.
3. Осы Іске асыру хаттамасы Келісімнің қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда өз қолданысын тоқтата тұрады.
Брюссель қаласында 2015 жылғы 2 наурызда әрқайсысы қазақ, француз, нидерланд және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасы Бельгия Корольдігі
үшін үшін
Люксембург Ұлы Герцогтігі
үшін
Нидерланд Корольдігі
үшін
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс
мемлекеттері (Бельгия Корольдігі,
Люксембург Ұлы Герцогтігі және
Нидерланд Корольдігі) арасындағы
реадмиссия туралы келісімді іске асыру
хаттамасына
1А ҚОСЫМША
ТАРАПТЫҢ ӨЗ АЗАМАТЫНЫҢ РЕАДМИССИЯСЫНА СҰРАУ САЛУЫ
|
СҰРАУ САЛЫНҒАН КҮНІ: __________ №: ІС
КІМНЕН: (сұрау салушы Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
КІМГЕ: (сұрау салынатын Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
1 ОҒАН ҚАТЫСТЫ РЕАДМИССИЯҒА СҰРАУ САЛЫНАТЫН АДАМНЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІ
ТЕГІ АТЫ ЖЫНЫСЫ ____________________ ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫ: |
2 ТАРАПТЫҢ ӨЗ АЗАМАТТАРЫ ҮШІН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ
(Келісімнің 5-бабы)
(Ескертпе - мұнда құжаттардың берілген күнін, жарамдылық мерзімін
және т.б. көрсету қажет)
1 ___________________________________________________________ |
3 СҰРАУ САЛУШЫ ТАРАПТЫҢ АУМАҒЫНДА ЗАҢСЫЗ ТҰРҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЗАҢСЫЗ ТҰРУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛҒАН КҮН
4 1 _______________________________________
ҚОСЫМШАЛАР 2 _______________________________________
ҚҰЖАТТАРДЫҢ 3 _______________________________________
САНЫ (қысқаша 4 _______________________________________
сипаттамасымен 5 _______________________________________
бірге) 6 _______________________________________
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ
РЕАДМИССИЯ ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУҒА ЖАУАП
(Келісімнің 7-бабының 3-тармағы және Іске асыру хаттамасының 3-бабы)
ЖАУАП БЕРІЛГЕН КҮНІ: ____________________________
1 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ
РҰҚСАТ БЕРІЛСІН БАС ТАРТЫЛСЫН
ТЕРІС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНҒАН
ЖАҒДАЙДА БАС ТАРТУ
НЕГІЗДЕРІ
2 ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс
мемлекеттері (Бельгия Корольдігі,
Люксембург Ұлы Герцогтігі және
Нидерланд Корольдігі) арасындағы
реадмиссия туралы келісімді іске асыру
хаттамасына
1В ҚОСЫМША
ҮШІНШІ МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТЫНЫҢ РЕАДМИССИЯСЫНА СҰРАУ САЛУ
|
СҰРАУ САЛЫНҒАН КҮНІ: _____________ №: _____________ ІС
КІМНЕН: (сұрау салушы Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
КІМГЕ: (сұрау салынатын Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
1 ОҒАН ҚАТЫСТЫ РЕАДМИССИЯҒА СҰРАУ САЛЫНАТЫН АДАМНЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІ
ТЕГІ __________________ АТЫ _________________ АЗАМАТТЫҒЫ _________________ ТУҒАН ЖЕРІ _____________ |
2 ҮШІНШІ ЕЛДІҢ АЗАМАТТАРЫ ҮШІН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР
(Келісімнің 6-бабы)
(Ескертпе - мұнда құжаттардың берілген күнін, жарамдылық мерзімін және т.б. көрсету қажет)
1 ___________________________________________________________ |
3 СҰРАУ САЛУШЫ ТАРАПТЫҢ АУМАҒЫНДА ЗАҢСЫЗ ТҰРҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
ЗАҢСЫЗ ТҰРУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛҒАН КҮН
4 ҚОСЫМШАЛАР 1 ____________________________________________
ҚҰЖАТТАРДЫҢ 2 ____________________________________________
САНЫ (қысқаша 3 ____________________________________________
сипаттамасымен 4 ____________________________________________
бірге) 5 ____________________________________________
6 ____________________________________________
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ
РЕАДМИССИЯ ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУҒА ЖАУАП
(Келісімнің 7-бабының 3-тармағы және Іске асыру хаттамасының 3-бабы)
ЖАУАП БЕРІЛГЕН КҮНІ: _______________________________
1 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ
РҰҚСАТ БЕРІЛСІН БАС ТАРТЫЛСЫН
ТЕРІС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНҒАН
ЖАҒДАЙДА БАС ТАРТУ
НЕГІЗДЕРІ
2 ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс
мемлекеттері (Бельгия Корольдігі,
Люксембург Ұлы Герцогтігі және
Нидерланд Корольдігі) арасындағы
реадмиссия туралы келісімді іске асыру
хаттамасына
2-ҚОСЫМША
РЕАДМИССИЯ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
|
СҰРАУ САЛЫНҒАН КҮНІ: ________________ №: ________________ ІС
___________________(күні)
РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
КІМНЕН: (сұрау салушы Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
КІМГЕ: (сұрау салынатын Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
1 ОҒАН ҚАТЫСТЫ РЕАДМИССИЯ ЖАРИЯЛАНАТЫН АДАМНЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІ
ТЕГІ ___________________________ ТУҒАН КҮНІ _________________ ТУҒАН ЖЕРІ __________________ Ажырасқан Кәмелетке толмаған балалары (саны) |
2 1-ТАРМАҚТА КӨРСЕТІЛГЕН АДАМНЫҢ ҚОЛЫНДАҒЫ ҚҰЖАТТАРЫ
(Ескертпе - мұнда құжаттардың берілген күнін, жарамдылық мерзімін және т.б. көрсету қажет)
1. СУРЕТІ БАР ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫ 2. БАСҚА ДА (ЖОЛ ЖҮРУ) ҚҰЖАТТАРЫ |
3. ҚАЙТАРУ КҮНІ, УАҚЫТЫ, ОРНЫ ЖӘНЕ ТӘСІЛІ
ТАСЫМАЛДАУ КҮНІ ЖӘНЕ УАҚЫТЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛІ ИЯ/ЖОҚ* ЕРІП ЖҮРЕТІН АДАМДАР: ИӘ/ЖОҚ* МЕДИЦИНАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ИӘ/ЖОҚ* РЕАДМИССИЯНЫ ӘУЕ 1 _____________________ ҚАБЫЛДАНҒАН ҚОРҒАУ 1 _____________________ |
4 ҚОСЫМШАЛАР
ҚҰЖАТТАРДЫҢ 1 ___________________________________________ |
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ |
ХАБАРЛАМАНЫ АЛҒАНЫН РАСТАУ |
КҮНІ: ___________________________
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ |
* Керек емесін сызып тастау керек
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс
мемлекеттері (Бельгия Корольдігі,
Люксембург Ұлы Герцогтігі және
Нидерланд Корольдігі) арасындағы
реадмиссия туралы келісімді іске асыру
хаттамасына
3-ҚОСЫМША
РЕАДМИССИЯ ТУРАЛЫ ХАБАР
|
СҰРАУ САЛЫНҒАН КҮНІ: __________ №: __________ ІС
КІМНЕН: (сұрау салушы Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
КІМГЕ: (сұрау салынатын Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
1 ОҒАН ҚАТЫСТЫ РЕАДМИССИЯ НЕМЕСЕ МӘЖБҮРЛІ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛУ ЖАРИЯЛАНАТЫН АДАМНЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІ
ТЕГІ _____________________ АТЫ ____________________ ТУҒАН КҮНІ ______________________ |
2 1-ТАРМАҚТА КӨРСЕТІЛГЕН АДАМНЫҢ ҚОЛЫНДАҒЫ ҚҰЖАТТАРЫ
(Ескертпе - мұнда құжаттардың берілген күнін, жарамдылық мерзімін және т.б. көрсету қажет)
1. (ЖОЛ ЖҮРУ) ҚҰЖАТТАРЫ |
3 ҚАЙТАРУ КҮНІ, УАҚЫТЫ, ОРНЫ ЖӘНЕ ТӘСІЛІ
ТАСЫМАЛДАУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛІ ИӘ/ЖОҚ* |
4 ҚОСЫМШАЛАР
ҚҰЖАТТАРДЫҢ САНЫ (қысқаша 1 ______________________________ |
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ |
ХАБАРЛАМАНЫ АЛҒАНЫН РАСТАУ |
КҮНІ: ________________________
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ |
* Керек емесін сызып тастау керек
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс
мемлекеттері (Бельгия Корольдігі,
Люксембург Ұлы Герцогтігі және
Нидерланд Корольдігі) арасындағы
реадмиссия туралы келісімді іске асыру
хаттамасына
4-ҚОСЫМША
ЕУРООДАҚТЫҢ ҚАЙТЫП ОРАЛУҒА АРНАЛҒАН
|
Мүше мемлекет/ Еtаt Меmbrе / Lіdstaat:
Тіркеу № / Numero d'enregistrement/Registratienr:
______________________________________________________________
Құжаттың №/ Dос. numero/ Dос. nr:
______________________________________________________________
Бір рет жол жүру үшін жарамды/ Valable pour un seul voyage de/Geldig vooreen eenmalige
reisvan ___________________________________ |
|
Cурет Бойы/ Таіllе / Lеngte: __________________________________
Белгілері/ Signes раrticuliers / Вijzondere kenmerken:
______________________________________________________________
Aзаматтығы/ Nationality /Nationaliteit:
______________________________________________________________
Отанындағы мекенжайы (белгілі болса)/ Adresse dans le pays d'origine(si connu) / Аdres іn het land van ооrsprong (іndien bekend):
______________________________________________________________
Берген орган/ Аutorite de delivrance/ Afgegeven door: _________
Берілді/ Lieu dе delivrаnсе /
Мөр/Мөртабан/ Afgegeven tе: Sceau/Сасhet Zegel/Stempel
______________________________________________________________
Берілген күні/ Date de delivranсе /Datum van аfgifte: _________
Қолы/ Signature / Handtekening:
Ескертпелер/ Оbservations / Орmerkingen:
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс
мемлекеттері (Бельгия Корольдігі,
Люксембург Ұлы Герцогтігі және
Нидерланд Корольдігі) арасындағы
реадмиссия туралы келісімді іске асыру
хаттамасына
5-ҚОСЫМША
ҚАЙТЫП ОРАЛУҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫ
|
Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс
мемлекеттері (Бельгия Корольдігі,
Люксембург Ұлы Герцогтігі және
Нидерланд Корольдігі) арасындағы
реадмиссия туралы келісімді іске асыру
хаттамасына
6-ҚОСЫМША
ҮШІНШІ МЕМЛЕКЕТКЕ ШЫҒАРЫП ЖІБЕРІЛЕТІН ШЕТЕЛДІКТІҢ (ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ) ТРАНЗИТІНЕ РҰҚСАТ БЕРУГЕ СҰРАУ САЛУ
|
СҰРАУ САЛЫНҒАН КҮНІ: _____________ №: ____________ ІС
КІМНЕН: (сұрау салушы Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
КІМГЕ: (сұрау салынатын Тараптың) ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫ |
1 ОҒАН ҚАТЫСТЫ ТРАНЗИТІНЕ РҰҚСАТ ТАЛАП ЕТІЛЕТІН АДАМНЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІ
ТҰРМЫСҚА ДЕЙІНГІ ТЕГІ ___________________________ |
2 СҰРАУ САЛУШЫ ТАРАП ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНЫНЫҢ ӨТІНІШІ
а. ШАРТТАР ОРЫНДАЛДЫ b. БАС ТАРТУ ҮШІН СЕБЕПТЕР ЖОҚ
(Келісімнің 10-бабының 1 және (Келісімнің 10-бабының 3-тармағы)
2-тармақтары)
3 ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛЖАМДЫ ТӘСІЛІ
СҰРАУ САЛЫНАТЫН ТАРАПТЫҢ АУМАҒЫНА КЕЛГЕН КҮНІ, САҒАТЫ ЖӘНЕ ОРНЫ СҰРАУ САЛЫНАТЫН ТАРАПТЫҢ АУМАҒЫНАН КЕТКЕН КҮНІ, САҒАТЫ ЖӘНЕ ОРНЫ Күні ___________________ Орны _________________ БАСҚА ТРАНЗИТ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ____________________ МЕЖЕЛІ КЕЛУ МЕМЛЕКЕТІ _____________________ |
4 - ЕРІП ЖҮРУ
ЕРІП ЖҮРЕТІН ИӘ/ЖОҚ* ТРАНЗИТТІҢ ҚАБЫЛДАНҒАН ҚОЛДАУ |
5 ҚОСЫМШАЛАР
ҚҰЖАТТАРДЫҢ 1 ___________________________________________ |
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ |
ТРАНЗИТ ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУҒА ЖАУАП
|
ЖАУАП БЕРІЛГЕН КҮНІ: ______________________
1 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ
РҰҚСАТ БЕРІЛСІН БАС ТАРТЫЛСЫН |
2 ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ (3-тармақты да қараңыз)
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨРІ МЕН ҚОЛЫ |
*Керек емесін сызып тастау керек