2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы қаулыға қол қойылған сәттен бастап бір ай мерзімде стратегиялық жоспарларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 807 қаулысына
қосымша
2015 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету
мың теңге
Функционалдық топ |
Атауы |
Өзгерістер (+/-) |
||
Әкімші |
||||
Бағдарлама |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
II. Шығындар |
0 |
|||
3 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
- 77 992 |
||
502 |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы |
- 77 992 |
||
001 |
Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру |
- 77 992 |
||
4 |
Білім беру |
77 992 |
||
201 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
119 790 |
||
021 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларын оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау |
119 790 |
||
502 |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы |
1 018 934 |
||
018 |
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату және жоғары білімнен кейінгі білім беру |
1 018 934 |
||
622 |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
-1 060 732 |
||
005 |
Жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлау |
-1 060 732 |