Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпарат және жағдайларды талдау жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 850 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпарат және жағдайларды талдау жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) таратылатын кәсіпорын кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 850 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттік комитетiнiң Республикалық ақпараттық-техникалық орталығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттік комитетiнiң Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама және жағдайлық талдау жөнiндегi республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны етiп қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегі № 1390 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 15, 155-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 6 мамырдағы № 537 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады