«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 қаулысына баспасөз релизі
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы __ қазандағы № ____ қаулысы (бұдан әрі - қаулы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қабылданды.
Заңға сәйкес қазіргі уақытта қабылданған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген бірқатар нормативтік құқықтық актілерді бекіту құзыреті уәкілетті органға берілді.
Сонымен қатар, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылады.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, қаулы жобасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай:
1) «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 849 қаулысының;
2) «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысының;
3) «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысының;
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысының;
5) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 530 қаулысының;
6) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1019 қаулысының;
7) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1425 қаулысының;
8) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 және 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 392 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының;
9) «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 1039 қаулысының;
10) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 және «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 1131 қаулысының;
11) «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жөніндегі үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 қаулысының;
12) «Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормаларын және әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердің жүктi қолмен көтеруінің және алып жүруiнiң шектi нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1220 қаулысының;
13) «Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1368 қаулысының;
14) «Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 1374 қаулысының;
15) «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1565 қаулысының;
16) «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1702 қаулысының;
17) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 731 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының;
18) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысының;
19) «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1723 қаулысының;
20) «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 14 қаулысының;
21) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 582 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағының;
22) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 786 қаулысының;
23) «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының;
24) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 1336 қаулысының;
25) «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1529 қаулысының күші жойылды деп тану көзделген.