"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 881 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
      1) «Плазманың кванттық және коллективтік қасиеттері: жаңа технологиялардың теориялық негіздері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты – Маратбек Төлепбергенұлы Ғабдуллинге;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Қарлығаш Нұрманқызы Жұмағұловаға;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты – Мерлан Қылышұлы Досболаевқа;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент – Сандуғаш Құлмағамбетқызы Қодановаға;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі – Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловқа;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Тілекқабыл Сәбитұлы Рамазановқа;
      2) «Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш ғылымының әдістері мен технологияларын дамыту» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор – Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі – Мейірбек Молдабековке;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, техника ғылымдарының докторы – Дәулет Шафиғұлұлы Ахмедовке;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ядролық астрофизика секторының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Сергей Борисович Дубовиченкоға;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының президенті, физика-математика ғылымдарының докторы – Жұмабек Шабденалыұлы Жантаевқа;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының Геоақпараттық модельдеу департаментінің директоры, техника ғылымдарының докторы – Арыстан Фазулұлы Мұхамедғалиевке;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» перспективті астрофизикалық зерттеулер бөлімінің бастығы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Леонид Михайлович Чечинге;
      «Қазгеоғарыш» акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор – Едіге Асқарұлы Закаринге;
      3) «Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменовке;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты – Людмила Сергеевна Болотоваға;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертхана меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор – Сағынтай Исабаевқа;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент – Қанат Күзгібековаға;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры – Игорь Владимирович Старцевқа;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі – Николай Николаевич Ушаковқа;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаевқа;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты – Виктор Александрович Шумскийге;
      4) «Қазақстанда бекіре шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылымын жасау» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры, биология ғылымдарының кандидаты – Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиевке;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» акционерлік қоғамының ғылыми консультанты, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі – Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғановқа;
      «Ordabassy group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қадағалау кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлер академиясының академигі – Дінмұхамет Аппазұлы Ыдырысовқа;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» акционерлік қоғамының Технологияларды коммерцияландыру орталығының директоры – Александр Викторович Кимге;
      «Биология моря» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Серік Рақышжанұлы Темірхановқа;
      5) «Таңдамалы шығармалар» (10 томдық) тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Әлеуметтік өңдеу және адами капиталды дамыту орталығының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі – Аманжол Қошанұлы Қошановқа;
      6) «Ұршық буынының хирургиясында эндопротездеуді қолдану арқылы инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін:
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Нұрлан Жұмағұлұлы Батпеновке;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының № 3 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты – Қайрат Джалдыбайұлы Әшімовке;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, доцент – Шалғынбай Әбжанұлы Баймағамбетовке;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының № 4 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты – Алексей Александрович Белокобыловқа;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент – Қуаныш Төлеуұлы Оспановқа;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының № 5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты – Ерік Қанатұлы Раймағамбетовке;
      7) «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
      «АкАй Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының академигі – Орал Ақшолақовқа;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мұнай және газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі – Герой Жолтаевқа;
      «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының бас директоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты – Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиевке;
      «Геокен» ғылыми өнеркәсіптік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты – Петр Николаевич Коврижныхқа;
      «Меридиан Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының академигі – Балтабек Мұқанұлы Қуандықовқа;
      «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологияларды ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының игеру және бұрғылау жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының докторы – Евгений Кипониевич Огайға берілсін.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады