"2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 895 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі елдік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражаттан:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне – 23100 мың теңге;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне – 167851 мың теңге;
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне – 133479 мың теңге;
      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне – 20856 мың теңге;
      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне – 71218 мың теңге;
      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне – 396214 мың теңге аудару үшін 812718 мың теңге мөлшеріндегі сома бөлінсін.»;
      2) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «Басқалар» деген 13-функционалдық топта:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» деген 243 әкімші бойынша:
      051 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
      032 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен» деген кіші бағдарламада:
      мына:
      «





Атырау облысы

371522



                                                                »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «





Атырау облысы

635083



                                                                »;

      мына:
      «





Оңтүстік Қазақстан облысы

3555717



                                                                 »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «





Оңтүстік Қазақстан облысы

3292156



                                                                »;

      3) көрсетілген қаулыға 35-қосымшада:
      реттік нөмірі 65-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

65

Қазақстан Республикасы кәсіпкерлігінің дамуын зерттеу

Салалық және өңірлік бөліністе кәсіпкерлікті бағалауға мүмкіндік беретін анық талдамалық материал жасау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» ҚБ

001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер»

1873262

                                                                 »;

      реттік нөмірі 79-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

79

Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын жақсарту» талдамалық зерттеуі

Қазақстанның 2016 жылға қарай Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі алғашқы 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі тиісті заңнаманы жетілдіру арқылы елдің бизнес ахуалын жақсарту жөніндегі іс-шараларды белсенді түрде жүргізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер»

272896

                                                                »;

      реттік нөмірі 82-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

82

Спутниктік геодезиялық желі құру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік координаталар жүйесін орнату мүмкіндіктерін зерттеу

Қазақстан Республикасына ғана тән спутниктік геодезиялық желі құру, мемлекеттік координаталар жүйесін орнату, мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз етуді жаңғыртудың ерекшеліктерін белгілеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ

001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер»

177030

                                                              ».

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады