Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 907 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 142148-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы», «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы», «Республикалық қан орталығы», «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь», «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы», «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына (бұдан әрі – кәсіпорындар) кәсіпорын органы – байқау кеңесі енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді;
      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады