"Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 917 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу
туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 және «Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2016 жылдарға арналған
нысаналы трансферттер бөлу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы
№ 957 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 Жарлығында:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мына:
      68 (алпыс сегіз) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының;
      12 (он екі) миллиард 348 (үш жүз қырық сегіз) миллион 188 (жүз сексен сегіз) мың теңге сомасына «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 80 (сексен) миллиард 848 (сегіз жүз қырық сегіз) миллион 188 (жүз сексен сегіз) мың теңге;»;
      2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығында:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке 962 (тоғыз жүз алпыс екі) миллиард 438 (төрт жүз отыз сегіз) миллион 475 (төрт жүз жетпіс бес) мың теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер, оның ішінде:»;
      1) тармақшада:
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылай сауықтыру көлемін ұлғайту үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 5 (бес) миллиард 792 (жеті жүз тоқсан екі) миллион 601 (алты жүз бір) мың теңге;»;
      оныншы, он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «техникалық стандарттар мен регламенттерді бақылау үшін зертханалық базаны нығайтуға – 1 (бір) миллиард 107 (бір жүз жеті) миллион 826 (сегіз жүз жиырма алты) мың теңге;
      жер қойнауының перспективалы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайтуға – 4 (төрт) миллиард 609 (алты жүз тоғыз) миллион 118 (бір жүз он сегіз) мың теңге;
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде қажетті инфрақұрылымды тартуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 9 (тоғыз) миллиард 781 (жеті жүз сексен бір) миллион 530 (бес жүз отыз) мың теңге;»;
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бірінші кезекте үш ауысымдық оқытуды және мектептердің авариялығын жою үшін білім беру обьектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге – 19 (он тоғыз) миллиард 447 (төрт жүз қырық жеті) миллион 400 (төрт жүз) мың теңге;»;
      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық ғарыш станциясына Қазақстан Республикасы ғарышкерінің ұшуын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу – 5 (бес) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;»;
      2) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервін ұлғайтуға – 225 (екі жүз жиырма бес) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге бөлінсін.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады