"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 952 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2012 ж., № 77-78, 1149-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қордың (оның Басқармасының) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы.»;
      82-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) өзі болмаған жағдайда өзінің міндеттерін орындауды тиісті бұйрық шығару жолымен Басқарма мүшелерінің біріне жүктейді;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) құзыреті шегінде бұйрықтар, оның ішінде Қордың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту, жұмыс топтары мен комиссиялар құру туралы, Қор тобының ұйымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады