Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2015 жылғы 8 желтоқсанда №974 "Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы" қаулы қабылданды (бұдан әрі – қаулы).
Аталған қаулы әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін олардың пайдасына бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығын көздейтін "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 64-бабы 8-тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Осы қаулымен аталған сомаларды қайтаруға арналған жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі белгіленеді.
Қаулыны қабылдау әлеуетті құрылымдар қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыруға өзінің құқығын жүзеге асыруға, сондай-ақ 2016 жылы қазіргі зейнеткерлер үшін еңбек сіңірген жылдарына және зейнетақы ісіндегі қызметтен босатылған күніндегі еңбек өтіліне қарай, олардың толық көлеміне жеткізілуін ескере отырып, бұрын толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін біржолғы қайта есептеуге мүмкіндік береді.
Қаулыны жүзеге асыру республикалық бюджет қаражатынан қаржы шығындарын қажет етпейді.